Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» дейді елбасы өз жолдауында. Дамыған елдердің басым бөлігі латын қарпін күні бүгінге дейін қолданып келеді. Қазіргі заманның, техниканың, білімнің, ғылымның тілі латын қарпінде. Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба? Сіздің пікіріңіз қандай? Блог - Kutpegen-konak: Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?Блог - Kutpegen-konak: Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?

Ұқсас посттар

7 пікір

DanaKuntuganova
Әрине қолдаймын. Бірте-бірте осыған да қолымыз жетер. Шыдамдылық, табандылық таныту керек. Еңбектену керек.
Kutpegen-konak
Әрине Тек алға…
KamillaSagatova
2017де көшеді деп едік қой 25 боп кетті ма енді кері жүретін болыптық қой.
Kutpegen-konak
Жақсы істің ерте кеші жоқ деп ойлаймын!
boztorgai
жөн әңгіме.
бірағында… путин қазақтардың латынға көшкенін қаламағасын біздің ақсақал бұл тірлікті 2025жылға ысыра салды.

обшым,
Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды атам.
Жалмауызға жалғызын
Жанынан қорқып берді атам…
ken
«Latınğa köşiw, toqal alıwdı zaňdastırıw, Mäňgilik El, Qazaq Eli Respublikası jäne tağı basqa osınday mäselelerdiň ara-tura köterilip tuwratını tegin emes. Reseymen türli kelisim-şarttarğa qol qoyılıp jatqan kezde osınday bir mäseleni köterip jiberip, sender sol mäselemen uw-şuw bop jatqandarıňda mına jaqtan aqırın tirlikterin jasay qyadı. Sondıqtan, tpuw! mä sağan latin älippesi!»
— dep sözin tamamdağan bir narkoman mağan osılay körsetken…


Äriyne, men oğan tiyttey de sengenim joq.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.