Жүрек шаншып ауырса

Жүрегіңіз жиі шаншып ауырады ма? Бұл ауру көптеген адамды мазалайтыны сөзсіз. Мені де мазалайтын. Мен қалай айықтым?

Блог - KerimAyankyzy: Жүрек шаншып ауырса
Бала кезімде жүрегім жиі шаншитын. Кез-келген сәтте, сабақта, теледидар қарап отырғанда шаншып қалса, демала алмай біраз қиналатынмын. Дем жетпей, атып тұрғанда ата-анамның барлығының зәресі ұшатын. Бірнеше секундқа дем жетпей, шаншып басылатын. Кейде ұзақ секундтарға созылса дәп сол сәтте өліп қалам — деген ойлар келетін. Жағаға шығып қалған балықтың күйі осындай болатын сияқты. Әр сәт сайын қазір шаншып кететіндей бойымда үрей жүретін.

Анамның мамандығы дәрігер болғандықтан, үнемі ізденісте жүретін. Россия каналында бір шалдың денсаулыққа байланысты бағдарламасы бар. Соның біреуін қалдырмай, үнемі көретін. Керек жерін жазып алатын. Бір күні «Жүрек шаншуына» байланысты ем-домды сол жерден естіп, маған қолданып көрді.

Жүрек шаншуының емі:

Күнде таңертең аш қарынға сиырдың пісірілмеген сүтіне 1-2 тал чеснок қосып, жарты — бір сағатқа тұндырып қоясыз. Содан кейін соны ішесіз. Осы әдісті күнде қолданып, 2-3 ай ішсеңіз жүрегіңіздің шаншуы азаяды. Ескерту: Міндетті түрде шикі сүт және таңертең ашқарынға ішесіз.

Мен осы тәсілді 3 ай қолдандым. Осыдан кейін бірде-бір рет бұрыңғыдай қиналып көрген емеспін, біраз жылдар болды. Аллаға шүкір, бұндай дерттің барын ұмытқандаймын. Шикілей сүт табу қиынырақ болар, дегенмен табуға болады. Бұл әдісті қолданып көріңіз. Пайдасы расымен бар! Жүректеріңіз ауырмасын!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше