Қыз тәрбиесі - тектілік айнасы!

Ерте кезден бастап қазақ халқы қыздарының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Аялы алақандарына салып еркелетіп, мәпелеп өсірген. "Қызға қырық үйден тыйым", "Қыздың жолы жіңішке" деп, әу бастан-ақ жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыды. Киген киіміне, қос бұрымына да ерекше күтім жасаған. Сөйлеген сөзі мен жүрген жүрісіне дейін мән беріп, ағаттық жіберген жерлерін жөндеп, түзеп отырған. Әрқашан қыздарына тәлім-тәрбие беріп, өнеге көрсетіп, үлкенді сыйлауды, кішіге ізет көрсетуді үйретті, яғни адамгершілік қасиеттерді жастайынан бойларына сіңіртті. Көпке топырақ шашпаймын, алайда сол заманның тектілігінің үлгісін қазіргі кейбір қыздардың бойынан табу қиын. Олар өздерінің ар-намысын жоғары бағаламайды. Ашық-шашық киініп, кіндіктерін жарқыратып ашып, сояудай тырнақ жапсырып, кірпіктерің ұзартып жүргендер, әдемі болып көрінеміз деп ойлайды. Бірақ та олай емес, бұл қазақ қыздарына жат қылық. Түнгі клубтардан қазақ қыздарының тайраңдап жүргенін көрсең, ішің ашиды. Содан, некесіз сәбилер дүниеге келіп, қоқыс-жәшіктерден, әжетханалардан табылып жатқандарын жаңалықтардан естіп жатырмыз. Тіпті, жазықсыз сәбидің құнын зат сияқты ақшамен саудалап, сатып жатқандарды көрсең жылағың келеді. Сондықтан, айтайын дегенім қазақ қыздарына әрқашан атымызға кір келтірмей, тектілігімізді, арымызды сақтайық. Саналы ұрпақ дүниеге келсін десек, қазақ деген атқа лайық болайық!!!
Бөлісу:

4 пікір

InabatKussainova
Қалай ойлайсыз бүгінгі күнде қыздардың сондай жат қылық көрсетуіне заман кінәлі ме, әлде мүмкін дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кінәлі ме?
Sarsembekovna
Біріншіден, ата-ананың берген тəрбиесінен бұзылып жатыр деп ойламаймын. Екіншіден, заманнан өзгеріп жатыр дегенге мен қарсымын, керісінше заманды өзгертіп жатқандар адамдар. Үшіншіден, тек қана отбасыдан тəрбие алмайды ғой, мектеп қабырғасынан, қасындағы достарынан, айналасындағы қоғамнан да тəрбие алады. Осының барлығын қорыта келгенде, өзінің сана-сезіміне байланысты деп ойлаймын.
asaubota
тәрбие тек ата-анаға байланысты емес қой. адам тек үйден емес, көшеден, мектептен, айналасынан да тәрбие алады. қайсысының әсерінде көбірек қалады сол жағы басым болып кетеді
Sarsembekovna
Дұрыс айтасыз!!! Сізбен толықтай келісемін.