• ,

Елу жылда ел жаңа немесе "Қалың мал"


«Қалың мал» (дәстүр, кәде). «Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» днп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», « отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», « жиырма жеті», « он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты.
Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев) алынған жері

және тағы бір жерде.
Өлі-тірі — құдалардың қыз жағына тойдан бұрын әкеліп берген бір бас еркек малы. Аруақтардың ризашылығын алуға арналғандықтан, өлі-тіріге келген мал еті сойылып қыздың туыстарына таратылады. Қыз ұзатылып, әлі келін болып түспегендіктен, күпіршіліктен қорқып, ол еттен жеуіне тыйым салынады.
Қалыңмал — қалыңдықтың жасауына, сәукелесіне, той малына, кәделі алыс-беріс-теріне жұмсалатын қаражат көлеміне сай төленетін төлем. Қалыңдықтың анасына көрсетілген сый-сияпат, құрмет. Қалыңмал көлеміне сай қыз әкесі де жасауын жабдықтайды. Қалыңмал төлеу дәстүрі көнеден келе жатқан әдеттің бірі және оның көптеген сілемдері қазақтың эпостық шығармаларында, мәселен, «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек» дастандарында, ертегілерде сақталған. Бай жасаулардың көлемі кейде қалыңмалдан да асып кететін жәйттер ұшырасып жатады. Қалыңмал төмендегі бөлшектерден құралады:

Бас жақсы — ең құнды, ең жақсы деген ұғымды білдіреді. Оған ежелгі ата-баба дәстүріне сай, ең керекті деп саналатын – түзу мылтық, сауыт, бөрік, қуса жететін, қашса құтылатын бір сәйгүлік, ұлық мал саналатын бір түйе кіретін болған. Осы аталғандардың әрқайсысының құны бес ірі қараға тең. Аталған құнды заттары жоқ адам жиырма бас ірі қара төлеген. Бертін келе бас жақсының мәні өзгеріп, тұрмысқа қажет басқадай зат, дүниелер (кілем, т.б.) берілетін болған.

Қара мал — қалыңмалдың негізгі бөлігі. Әркім өз шама-шарқына қарай төлейді. Бұрынғы кездің талабына сай, ірі қара саны бір жиырмадан бес жиырмаға дейін (21-25 жылқыға) барады.

Ілу — күйеу жігіт қалыңдығына алғаш барғанда қыз тәрбиелегені үшін берілетін төлем. Мұның мөлшері байларда 30-70 жылқыға дейін барады. Ілуге көп қаражат немесе мал төленсе қара мал саны азайтылады.

Той малы — қыздың ұзатылу тойына сойылатын мал. Оның мөлшері жыртыс және қалыңдық жасауының шығынына, еншісінің көлеміне байланысты белгіленеді.

Сүт ақы және жігіт түйе. Сүт ақы — күйеу жігіт тарапынан қалыңдықтың анасына берілетін 1-2 түйе, жігіт түйе — қыз әкесінің ата күшіне төленетін қымбат шапан, ер-тұрман.

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік. Жасау жаңа отау құрған екі жасқа қажетті — ақ отау, төсек-орын, киім-кешек, көрпе-сырмақ, ыдыс-аяқ, құрал-жабдық, жүйрік ат, сойыс мал, әртүрлі ірілі-ұсақты сыйлық бұйымдары сияқты тағы басқалардан құралады. Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған.
мекені

Секеннің мын жазбасын оқып ойыма азанда ғана естіген және таң қалдырған сөз түсті.
Бірге қызмет ететін әріп тес қыз жақын арада ұзатылмақшы. Өзі Тараз жақтан. Жігіт Шымнан. Жұмыстағы қыздар сол қалыңмал жағын айтып отыр. Сонда естігенім қыз жағы мата-сата, тоғыз деген керек емес. Ақша, бір қой ЕКІ жәшік АРАҚ алып келіндер депті. Түсінбей жаңағы қыздан қайта сұрадым. Айтуынша артынан жәшіктеп арақ алып бару өздерінің салты екен. Арақ алып бармаса ПАЗОР!!! Сұмдық е! Салт дәстіріміз қайда бара жатыр. Ажырасудың бір себебі осында жатқан шығар мүмкін.

суреттің алынған мекені. menkazakpyn.ucoz.kz
  • +1

  • 0
  • 1719

16 пікір

PaziTiP
Соңғы азат жолдағы "әпрелдік шөткә" емес пе?
VKM
  • VKM
  • 0
Біз жақта: құда түседі(сонда пәдәркілерін алып келеді),қыз ұзату тойы,үйлену тойы, кейінірек құдалар бірін-бірі шақырады, болды. Менің білуімше.Қалыңмал біздің әулетте 1 де қызға алынған жоқ.Салт болса да,қызды сатып алғаны жаман екен…
PaziTiP
«Біз жағыңыз» қай жақ? Тропиктік Африка емес пе?
VKM
Шығыс)
PaziTiP
А-а-а-а-а, енді түсінікті болды.
Ottegin
Біздің жақта, ортаң қол, иә кедей тұрмыс барлар да бермейді қалың малды)Ал дәулеті барлардың беретінін-бермейтінін блмейді екем)))
PaziTiP
Сіз қай жақтансыз? Батыс Азия ма? (американдар үшін Таяу Шығыс)
Ottegin
Солтүстіктенмін, сұрағыңның әужайын түсінбей отырмын, ана жоғарыда жазылғанның бәрін білеміз, айналайын, кезінде, сол туралы жазғамыз да, құда болып қалың мал апарып, түскен келіннің жасауын да ел жаққа әкегенбіз, бірақ, қазіргі қалт-құлт еткен халықтан атам замандар кезіндегі атқа мінерлер әдет-ғұрпын талап ету қиын емес пе?

«Бай мен бай құда болса, арасында жорға жүреді. Кедей мен кедей құда болса, Арасында дорба жүреді. Бай мен кедей құда болса, әрең шыдап, зорға жүреді» деген бар еді, соның өзі қазір де қаз-қалпында ғой деймін)))
KILYZAMAN
Ысырап нәрселер көп деп санасамда, ұлттық сананы жеңе алмай жүрмін.Әйтеуір бір оңдалар :-( Ең масқарасы — кейбір жерде қыздың дипломының өзі ескеріліп жататыны тіпті ұят нәрсе…
AKY
Дұрыс қо енД))
VKM
Онда Айгераға төлейтін қалың мал үшке көбейтіледі) ВУЗ-магистратура+ диссертация:)))
AKY
Соны айта алмай отырм ғо, соны!
AKY
Бірақ жасымның ұлғаюына байланысты бағам үш есе түсе ме деп қорқып отырм))
konvict
Байқұс, сені алған еркектің ертеңгі күні не болмақ. Қалың мал өтеймін деп кедейленіп қалатын болыпты ғой.
Janasil
Өз бағалары бар. Жоғарғы білімі болса бағасыда жоғары, ал орта болса одан азырақ дегендей.
konvict
Бізде, Тараз жақта, арақ әкелу деген салт жоқ. Ол әшейін ана қыздың шығарған ертегісі шығар. Талай рет өлтірі апардық қой, арақсыз ақ. Содан кейін бізде қалың мал емес, өлтіріге деп қой, ақша апарады. Ең кемі мың доллар.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.