Жыныма тимеш(і)

Блог - DinaAbdigalieva: Жыныма тимеш(і)
Жұрттың бәріне жаға беруге мүмкін емес. Мінезсіз адам да болмайды. Мінезі жоқ адам, мына заманда алға қадам боспас. Әр табалдырыққа, әрі кетсе тасқа шалынып құлап жүретін болады. Тек сүйкімді мысық келбетіндегі қасқырлар мен айлакер түлкілер ғана тірі қалмақ. Бірақ бәрібір бетперделері түсіп, шынайы келбеттерін көрсететін кезде келер. Сайқал, екіжүзді, бетіне күліп тұрып, екіншісіне жамандап тастайтын достарымыз аман болсын! Осындай адамдарсыз ешқашан алға жылжи алмас едік. Бұл күтпеген «толчек» сияқты. Адамды алға итермелеп, күшке-күш қосып, гипер, ультра болуға шындайды. Сол себепті, көпіртіп жаза бермей, Жадыра Байбұланованың «Жыныма тимеші» өлеңімен аяқтауды жөн көрдім. Айтпақшы, сіздердің ойларыңызша дүниеде зұлымдық атымен болмаса, қандай жетістіктерге жетер едік? Дүниені қалай елестете алар едіңіздер?
Бөлісу:

2 пікір

abilbekova_inabat
Егер дүниеде ақ пен қара қатар жүрмесе, өмір қызықсыз болар ма еді?! Кім білсін?! Зұлымдықты білмесек, жақсылықты бағалай алмас едік.
DinaAbdigalieva
Иә, өміріміз іш пыстырарлық болар ма ед(і). Кім білер))