Арулар қауымына ғана арналады

Осы постты жан сұлулығы мен қатар, тән сұлулығына аса мән беретің аруларға арнағым келіп отыр. Мен өзім білетін кеңестермен бөлісемін, сіздер де өздеріңіз білетін дүниелермен бөлісіп отырыңыздар. Кеңестерімнің барлығы үй жағдайында жасалынады, оңай,әрі арзан. Мейлі ол бет күтімі болсын, не дене сымбаты туралы болсын, не болмаса күнделікті жасайтың пайдалы зат болсын. Мен өзім ішіп, не болмаса жасап көрмеген заттарды сіздерге ұсынбаймын!!!
Бірдеңені түсінбей жатсаңыздар сұраңыздар, жауап беремін. Ал кеттік.
1-ші кеңес: күнде таңертеңгісін 1 стакан таза су ішіңіз. Және тамақ ішерден жарты сағат бұрыт ішсеңіз, тамағыңыз жеңіл,әрі тез қорытылады. Денсаулыққа пайдалы,әрі артық салмақпен күресуде таптырмас қүрал.
2-ші кеңес: Перекись водорода аптекада сатылады. Ол ағзаны түрлі микробтардан тазартуға көмектеседі, және біраз салмақ та тастай аласыз. Қолдану тәсілі: Тамақ ішерден 1 сағат бұрын,(ұмытып кетсеңіз тамақ ішкеннен соң 2 сағаттан кейін)күніне үш мезгіл ішесіз.1 ші күні 1 тамшы,2 ші күні 2 тамшы ..........., солай 10 тамшыға дейін. Яғни ағзаны үйрету.сосын 1 жеті демаласыз.
3-ші кеңес: Глицерин.Бұл да аптекада сатылады. Ұйықтардың алдында бетіңізге жағып, таңертеңгісін жылы сумен жуып тастаңыз. Немесе 1 сағаттан соң жуып тастаңыз. Бетіңіз жұмсақ және біргелкі болады. Өте жақсы көмектеседі.
4-ші кеңес: Мицелярная вода.Бетті түрлі микробтардан тазартуға септігін тигізеді.
5-ші кеңес:Қызыл бұрыш(перец стручковый)Шаштың түбіне, жетісіне 2 рет жақсаңыз шашыңыз қауғалап өсетің болады. Жаққаннан кейін, жумай жүре берулеріңізге болады, тек көзіңізге тигізбеңіз, ашытады.
Әлі бөлісетің дүниелер көөөп. Тек бүгінше осыларды жазып үлгердім. Басқа да пайдалы кеңестеріңізбен бөліссеңіздер жақсы болар еді. Біреу білсе, басқасы білмейді. Септігі тиеді деген ойдамын. Мен сұлулық әлемінде бір керемет білгір емеспін! Тек білгеңімен бөлісу деген ниет! Рақмет
Бөлісу:

6 пікір

merekeee
Қызыл бұрыштың иісі болмайтын шығар, я?
Anar70
Жұмасына хотябы, бір рет кір сабынмен жуынуды да қосып қойыңыз. Қызыл бұрышты шашқа жағудың инструкциясы бар ма?
DanaKuntuganova
Жоқ арнайы инструкциясы жоқ. Бірақ зиян емес. Өзім қолданып жүрмін. Мақтамен шаштың түбіне уқалап жақсаңыз болады.
asaubota
админдік кеңес: тақырыптың атын қызықтырақ қылып қой. мәтіннің үстіне әдемі сурет іл. абзацтардың арасын аш. тақырыпшалардың атын қою қыл.

сонда постың керемет болып шығады
DanaKuntuganova
Кеңесіңізге үлкееен рақмет! Енді ондай қате жібермеуге тырысамын.