Досың қандай болса, сен де сондайсың

  • Автор
Блог - Marco: Досың қандай болса, сен де сондайсың

Көп векторлы саясат деп күпінеміз ғой көп жағдайда. Бірақ шындығында бізден тараған векторлардың ішіндегі аса салмақтысы Ресейге қарай бағытталған. Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас (демократия, ше), мәселе онда емес. Осыдан екі ай бұрын Ақордада Путинді қабылдаған Назарбаев Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін атап өтті. Дегенмен бұл дипломатияда ең көп айтылатын тезис екеніне де дау жоқ. Бірақ жұрттың бәріне бірдей жағу тағы мүмкін емес. Таңдайтын кездің келіп қалғанын түрік-орыс кикілжіңінің өзі-ақ аңғартып отыр. Түріктікі артық болды демедік пе күні кеше. Морт кетпегенмен Анкараның томсырайып қалғаны анық.

Құдайы көршіміз өзіне жақпағанның бәрін жау деп қабылдайтын деңгейге жетті. Жә, «жау» дегенді тырнақшаға алған жөн шығар, қалай болғанда да олар террористерден басқа ешкімге ресми түрде қару кезенген жоқ әлі.

Ресейлік Коммерсант.ру сайтында өте қызық материал жарық көрді. Қысқаша айтсам Батыс пен Ресей арасынадағы санкциялар соғысына ат салысқан елдердің бәрі «жаулар» тізімен енгізіліп, керісінше екі жақты экономикалық байланыстарды нығайта түскендер достар тізіміне енгізіліпті.

Блог - Marco: Досың қандай болса, сен де сондайсың

Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші бойынша «достар» тізіміндегі ең дәулетті ел біз. Әрине экономикалық потенциалы жоғары Бразилия, Үндістан, Иран, Оңтүстік Африка Республикасы сияқты мемлекеттер де бар тізімде. Бірақ сол бәріміз жабылып отырып, әлемдік ішкі жалпы өнімнің тек 15 пайызын береді екенбіз.

Ал біздің досымыздың «жаулары» болса, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайызын жасап отыр. Еліміздің алдындағы ірі міндеттің бірі ең дамыған отыздың қатарына кіру болса, сол отыздың барлығы дерлік орыс «жауларының» ішінде. Шүкір, әзірге олармен сәлеміміз түзу, алыс-берісіміз жақсы. Ал, бірақ таңдайтын кез туса ше? Менің досымның «жауы» маған да «жау» ма? Қалай болады өзі?

Ресей біздің ЕАЭО, ҰКШҰ, ШҰҰ, ТМД секілді ұйымдар аясындағы иық тірескен серіктесіміз. Ал құдайы көршілігінен қашып құтылу тіпті мүмкін емес. Экономикалық Одаққа қосылар тұста, істің басы-қасында жүргендер біздегі бизнеске серпін уәде еткен еді. Мойындау керек бастапқы бір-екі (мүмкін, бес-алты) жылда ойсырай жеңілуіміз мүмкін екені де жоққа шығарылмады. Енді содан бергі бір жылдың (негізі, тоғыз ай) қорытындысына назар салайық.

Одақ аясында біздің негізгі сауда-серіктесіміз Ресей. Биыл, қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанмен Одақтың басқа мүшелері арасындағы тауар айналымы 12 млрд 120 млн доллардан асқан болса, оның 90 пайызы, яғни 11 млрд 138 млн доллары Ресейдің үлесінде. Енді бұл соманың тек 30 пайызы біздің орыстарға сатқанымыз болса, 70 пайызы сатып алғанымыз.

Блог - Marco: Досың қандай болса, сен де сондайсың

Ал жалпы әлеммен арадағы тауар айналымының ақшалай көрсеткіші биылғы тоғыз айда 43 млрд 350 млн доллардан асты. Демек біздің көпвекторлы саясат ұстайтын ретіміз де бар. Негізгі табыс әзірге ЕАЭО-тан (Ресей деп оқи беруге де болады) емес басқа елдерден түсіп отыр. Өйткені бұл жақта экспорт пен импорттың ара-жігі сәйкесінше 67 және 33 пайыз. Қарапайым тілмен айтқанда, бізге әлемнің өзге елдерімен, бізден тауар (көп жағдайда шикізат) алып, ақша төлеп отырған елдермен жүз шайысуға әсте болмайды.

Негізі қырғи-қабақтықтың орыс халқына да түкке қажеті жоқ. Осы күнге дейін елге келген инвестициялардың басым бөлігі «жаулардың» үлесінде. Бізде де дәл сондай жағдай. Алыс-беріс, сауда-саттық жақсы дамығанмен Ресей Қазақстанға тікелей қаржылық инвестиция құйып, қарық қылғаны шамалы. Бірақ іргеңдегі елдің аман болғаны, жағдайы жақсы болғаны қажет-ақ. Әйтпесе алып құласа, маңайындағыларды басып қалуы әбден мүмкін.

Қазақстан мен Ресейдің ұқсас тұстары көп. Тек сыртқы саясатта ғана айырмашылық бар. Досымыз андай болғанмен, біз ондай емеспіз. Ондай болуға, шындап келгенде дәрменіміз де жетпейді. Сонда не істеу керек? Шыдамдылықтың үлгісі болып, отыра берейін десең, ертең көп досымыздың біреуі «Ал таңда десе» қайтеміз? Сіз қайтер едіңіз?

Ұқсас посттар

21 пікір

belgisizjan
Көршіңмен жақсы болғаның жақсы ғой, шекара тыныш. Бірақ түбі бір түрікпіз… Ортақ дініміз, діліміз бар бауырлас елге не жетсін.
Көршіңнің болашақ амбициясын білмейсің…
Marco
Түріктің не ойлағаны барын да білмейді екенмін, шыны керек
MERmukhanov
Скажи мне кто твой друг…
asaubota
қай халықпен дос болсаң қасыңда қандай қаруың болуы керегін айтып кеткен ғой кезінде аталар…
aza
Мен Қазақстанның дос ретінде де, жау ретінде де бірдеңе шешетін кілт ретінде маңызы барына сенбеймін. Жәй ғана мини юбка киген әдемі қыз ғо ресми Астана. Байдың балдары былай өтіп баратып періп кетет, былай кетіп баратып періп кетет…
Nurgisa
Папасы үйге ұрттаңқырап кеп, әр нәрсені былапыттап мезі еткен, шешетайы болса байым ұл-қыздың алдында әкіреңдеп, ырың-жырың боп кетпесін дейтін үйдің баласындаймыз. Бір шетте үрпиісіп пана тапқан.
aza
Доллырың мынау…
Мұнайың анау…
Школьник «40 мың мұнайшыны қысқартам дит»… Қаямның 40 мыңы ма, елдегі бар мұнайшының саны 30 мыңнан тек асад. Сүйтіп, жүріп әркімге ара ағайын болғысы келед, билік айтқысы келед… Бләттің, көтіне қарау керек қо адам деген…
Rafaello
Достар көктемде Еуропа Лигасында кездеседі екен: Фенербахче — Локомотив М

Ойын да, ойынның дейіні мен кейіні де көңілді болатын сияқты
boztorgai
ататүрік елінде ілім алған және ресей жақта көсегесі көгерген зиялыларымызды салыстырса мойынымыз кімге бұрылатыны шығады да қояды
Marco
Негізі, түріктерің де періште емес. Бір күні группаластармен көрші мемлекеттер туралы әңгіме болды. Мен, қытай, анголалықтар, испан, корей, жапон және омандық, ливиялық және түріктер отырмыз. Сонда жаңағы түріктер көршілерінің бәрін жек көретінін айтты — гректі де, армянды да, орысты да, сириялықтарды да. Екі адамына қарап пікір қалыптастыруға болмайтын шығар, бірақ маңайының бәрін жау көрген негізі дұрыс емес қой.
ken
гректі де, армянды да, орысты да, сириялықтар
Өз кезегімен бұл халықтардың да түріктерді жек көретінін ескерсек түріктердің бұларды жек көруі заңды құбылыс боп шығады.
boztorgai
маңайының бәрін жау көрген негізі дұрыс емес қой
адамнан жасырғанды құдайдан жасыра алмайсың: орысты да, өзбекті де, түрікпенді де, қытайды да әлімсақтан жақтырмайтынымыз ып-рас сонда да дымымыз ішімізде ғо :)
Marco
Қызық, мүмкін мен космополиттеу шығармын, бірақ осыларды жақтырмаймын деп айта алмайды екенмін. Жаман халық жоқ, жаман адамдар бар деген ұстанымға жақынмын.
nazamat
Космополитизм жақсы ғой. ;)
boztorgai
космополиттеу
мұңсыз болған жүн, негізі
орыстандыру, ұлтсыздандыру дегенді қыстырмау онан да жаксы
ken
Бозторғай азшылықты емес, көпшілікті айтып отыр. Түріктердің де 100 пайызы әлгі аталған халықтарды жек көреді деп айта алмаймыз. "Қызық, мүмкін мен космополиттеу шығармын, бірақ осыларды жақтырмаймын деп айта алмайды екенмін" — дейтіндер оларда да бар.
Marco
Келісем). Бірақ группамда өзі екі түрік болды, екеуі де жаңағыдай)
ken
Негізі, түріктерің де періште емес.
Негізі, періште көкте ғана.))
Marco
Өйбу, ширк болыпты, ә
asaubota
түріктер соғысты көп көрген халық қой. Ататүрік рспубликаны құрардың алдында елді жан жақтан бәрі жалмалаған, сол кезде халықты көтере алған адам. Тәуелсіздіктің қадірін сондықтан қатты түсінетін халық, патриоттықтары да содан. сол себепті бәрін жау көреді. «Түріктің түріктен басқа досы жоқ» деген сөздері бар, бізде де солай негізі, қазақтың қазақтан басқа досы жоқ
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.