"Астана интернет форумындағы" шеберлік сабақтар

"Астана интернет форумы" түстен кейін спикерлердің шеберлік сабақтарымен жалғасын тапты. Көптеген мағлұматтарға қанық болып қайттық. Бірінші сабақ Жалғас Ертайдың «Фактчекинг: интернеттегі ақпаратты тексерудің 5 жолы» тақырыбы туралы болды.

Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумындағы шеберлік сабақтар
Ол әлеуметтік желідегі ақпараттарға бірден сенбей, ақпаратты тексеру жолдарын айтты. Түрлі жалған ақпарат көздеріне мысал келтірді. Ең танымал өтірік ақпарат «Рим папасының қайтыс болуы.»

Ақпараттың рас-өтірігін тексеру жолдары:
1) Қарсы жақтың пікірін білу керек;
2) Фейк аккаунтты ажырату:
3) Жалған ақпарат таратқан сайт өз аудиториясынан кешірім сұрамайды. (Бұл оладың кемшілігі)
4) Эмоцияналды; (Мысалға: 1 қазақты 2 ұйғыр ұрып кетті. Бұл адамды эмоцияға итермелейді. Эмоцияға бірден берілмей, күмәнмен қарауымыз керек)
5) Әлеуметтік желіде айтылған нәрсеге ешқашан сенбеу:
Біздің қоғамда фильтр жоқ, ақпаратты тексермейді, журналистер халыққа фильтрді үйрету керек. Ақпарат көзіне күдікпен қарап, оны міндетті түрде екінші-үшінші ақпарат сайтымен тексеріңіз.‪
Инструменттер:
1) Сіздің миыңыз;
2) Сененімді дерек көздері.
Кез-келген ақпарат туралы мәлімет білгіңіз келсе, оның суреті арқылы анықтауымызға болады. Мысалға, мына сурет әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып кетті. Оның жалған ақпарат екені рас. Алайда, көп адамдар бірден сеніп, кеңінен таратып жіберді.Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумындағы шеберлік сабақтарОсындай ақпараттың рас-өтірігін, сурет тарихын, қашан, қайда жарияланғанын гуглдың мына жүйесі арқылы тексереміз: «Google Images». Осы жүйеге суретті салсақ, оның нақты қашан жарияланғанын, сол суретке байланысты барлық ақпаратты тексере аламыз. Бұл сурет Қазақстанда емес, 2014 жылы Сауда Арабиясында болғаны жайлы мәліметтер шығады.
Осылайша, кез-келген ақпаратты тексеруіміз қажет. Журналистер ақпараттың рас-өтірігін анықтамай жатып, жариялап, бөлісіп, қоғамды дүрліктіреді. Өзінің жалған ақпараты үшін қазақ тілді сайттар оқырманынан кешірім сұрамайды. Яғни, бұл өз аудиториясын сыйламағандық. Ақпаратты тексеру бар болғаны 2 минуттық уақытты алады.
Осылайша, Жалғас Ертай «Жалған ақпаратты» ажырату жайлы біраз сөз қозғап, суреттермен дәлел, мысалдар келтірді.

Келесі, Дінмұхаммед Зиядиннің "Әлеуметтік желінің арғы жағы: жалған ақпарат" тақырыбы осы сабақтың жалғасы ісептес болды.

Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумындағы шеберлік сабақтар

Әлеуметтік желідегі жалған ақпараттың 3 түрі бар:
1) Қызық үшін:
2) Коммерциялық;
3) Саяси.
Жалған ақпарат тарататын кімдер?
1) Іші пысқан қолданушылар;
2) Трольдар;
3) Агенттіктер;
4) Саяси ұйымдар:
Трольдың 3 түрі бар:
1) Әуесқой;
2) Кәсіби;
3) Өзінің троль екенін білмейтін трольдар. Осының ішінде кәсіби трольдардың ақпаратын ажырата алмай қалуымыз мүмкін.
Ақпаратты тексеру жолдары:
1) Суретті тексеру;
2) Видеоны тексеру;
3) Оқиғаға қатысушыны тексеру;
4) Мәтін құрылымын тексеру;
5) Сілтемелер мен цитатаны тексеру.
Видеоны тексеру қиындау. Алайда мынаған мән беру керек:
1) Түсіне мән беру. Түрлі-түсті болса, құралған.
2) Видеоның құр өзі белгілі ойға жеткізбесе күмән тудыру керек.

Осылайша «Жалған ақпаратты» ажырату жолдарымен кеңінен таныстық. Біраз адамдардың осыны үйреніп, мән бергені жақсы болар еді. Сабақтар әрі қарай Қуаныш Мағзуовтың «Киберпсихология» тақырыбымен, Ерлан Оспанның«Насихат 2.0» (Үгіт-насихат туралы )тақырыбымен, Бэлла Орынбетованың «Сана тұзағы — әлеуметтік желі туралы құқықтық әфсана» тақырыбымен жалғасын тапты.

Әлеуметтік желілердегі ақпарат көздері, оның адам санасына әсер етуі жайлы көптеген мағлұматтар алдық. Сабақтар ауқымды, үйретері көп болды. Бәріміздің өзімізге керек жаңа ақпарат алып шыққанымызға сенімдімін!
Бөлісу:

4 пікір

DinaAbdigalieva
Керім, неге бүкілі сотканы шұқылап отыр? Әлде сондай арнайы тапсырма болды ма?
MERmukhanov
Интернет форумда басқа не шұқылау керек?
DinaAbdigalieva
Жоға, оған ешқандай қарсылығым жоқ. Тек аздап көзге өрескел көрінеді екен. Айтылып жатқан сөзді тыңдамай отырғандай. ;)
KerimAyankyzy
Керекті нәрселерді түртіп алып, интернетке жариялап отырмыз)