Махаббатымның аяқ кимі мен жидесі

Мен бірінші рет блог жазып тұрмын. Сондықтан махаббаттан бастадым. Өйткені менің өмірімді өзгерткен, менің өмірімдегі басты нәрселер менің махаббатыммен байлансып жатыр.
Студент атандым. Ауылдан келдім. Үлкееен университет қабырғасындағы оқу басталған шақ еді. Грант болмаған соң өліп-талып оқуға тура келді (басында солай ойлаған едім, сөйтсем гранттағылар степендия үшін өліп-талып оқиды екен). Кітаптан басқаны білмейтін, көрмейтін маған бір күні бір ерекше адам жолықты. Ол маған ұнап қалды. Жақсы көріп қалдым. Бірақ оның қызы бар деп ойлаймын. Сондықтан онымен танысуға, сөйлесуге, реті келсе де араласуға да тырсыпадым. Тек оны сыртынан бақылап, күнделік жаза бастадым.
1-бет.
Бүгін мен оны зерттеуді бастадым. Мен оны жақсы көремін. Дұшпан емеспін оған. Бірақ мен оын күнделігімде сынап-мінеуден тайынбаймын. Қыркүйектің 22-нен бастап мен оның аяқ-киімдерін бақыладым. Қызық ол үнемі бәтеңкесін белбеуімен сәйкестендіріп киеді. Онысы тым деловой. Мінезіне түк сәйкес емес онысы. Және оның жасындағыларға бір түстеніп киіну ерісі сияқты.
24.09. Бүгін оны спорттық аяқ киімде көрдім. Тым қымбат дүние екені көрініп тұр. Үстіндегі жидесімен әп-әйбәт жарасып тұр. Бұл жігіттің өңін тор жиде ашатынына бүгін толық көзім жетті.
Түс қайта кітапхананың алдында кездейсоқ көріп қалдым. Броги үлгісіндегі қап-қара бәтеңке. Ұзын сирақтарына келісіп-ақ қалыпты. Қоңыр пиджагіне бұл аяқ киімі қатып кетіпті деп ойладым. Блог - Nura: Махаббатымның аяқ кимі мен жидесі
26.09. Бүгіннен бастап жиделеріне көзім түсті. Бүгін оны алқызыл жиде де көрдім. Еркектің осындай түске жақын келуән жек көрем.
28.09. Ақ жиде. Өткендегі қоңыр пиджак. Жиденің жеңі пиджактан 4-5 см шығып кетіпті. Әдетте 1-2 см-ге ғана шығып тұру керек еді ғой. Мүмкін білмейтін шығар. Талғамына қарап, киіну мәдениетінен хабары мол деп ойлаушы едім. Блог - Nura: Махаббатымның аяқ кимі мен жидесі
29.09. Тор-тор жиде. Осы жиде оны нағыз жігіт етіп көрсетеді. Оның мінезіне сайма-сай секілді көрінеді де тұрады. Мүмкін оның мінезі де осындай шатпақ шығар.
Менің күнделігім осылай жалғасын табады. Егер әрі қарай білгілеріңіз келсе, пікірде қалдырыңыздар.
Бөлісу:

23 пікір

DinaAbdigalieva
эээх, махаббат, не істетпейді?! :) Алғашқы жазбаң құтты болсын!
asaubota
"Қыздар жігіттердің киім киісін қалай бағалайды?" деген пост жазуыңа болады. өзіңнің бақылауларыңды, құрбыларыңның ойларын жинақта, сауалнама жаса. сондай посттар қызық болады
MERmukhanov
жиде деген — дақылды бұта.
asaubota
дұрысы көйлек деп үйрете отырайық студент қыздарға
Nura
Жиде ма, жейде ма білмеймін. Біздің жақта көйлек дейді.
bake
Жейде немесе жейде-дамбал
Nura
Жиде деген көйлек. Біз жақта көйлек дейді, если что. Мен оны жұрт түсінбей қалар деп жаздым )))
MERmukhanov
жЕЙде деп жазылады
Nura
Я, бүгін барып орфографиялық сөздік қарап келдім. Оказывается, мен нәрсе қате жазады екем.
ErnarSeytahmet
кітаптан басқаны білмейтіндер, әдетте, қызы жоқтар.
bake
Басында жігіт деп қалдым… Жасанды жазба…
Nura
күнделікте жасандылыққа жол берілмейді
bake
өте салысымен бірден жабасаң (1 минутке кейін қалдырмай) ұсақ-түйегі ұмытылып мемуарға айналады, қиял-есеп қосылып дегендей… Гөглдің көзілдірігінен түсірілген болса актауальді көрінеді. Технократ (аваға сәйкес) ретінде соны қалаймын
Nura
Ал керек десең,… сіздің сөзіңіз тым ғылыми или тым неологизмнен тұра ма?! Түсінсем бұйырмасын.
bake
Жауап оп-оңай, жабасаң (жазбасаң) «з» -түсіп қалған. Шаңсорғышпен пернетақтаны сору қажет болып тұр. Төрт жыл қолданған пернетақтаның тозығы жетіпті. Жаңа пернетақта болса «з» түсіп қалмас еді. Сол секілді оқиға ескірмей тұрғанда жазылса «күнделік» болады. Бір күн өткенен соң жазылса өзгеріске ұшырап кетеді. Қырыққа келгенде естелік. Елуге келгенде ескірген естелік. Алпысқа келгенде өткен-кеткенмен араласқан ертегі. Жетпіске келгенде сандырақ. Хранологияңды қарасақ 24, 26, 28, 29 қыркүйек деген даталар берілген. Арасында 1 немесе 2 күн. Даталармен көп жұмыс істегендіктен мынандай қорытынды шығардым. 2010-2015 арасында 2011, 2012, 2013, 2015 жылы сіз ұсынған бір датаңыз жексенбі күнге сәйкес келеді. «Жексенбі күні..» пәленше… пәленше деп жатсаң… Одан кейін қатты сүйген адам күнбе-күн ысып-күйер еді. Ең жоқ дегенде жазбаңда "өткен аптада" дегендей сілтеме жоқ. 2010 және 2014 жылы даталарын екі аптаны қамтығанын байқаған соң айттым-да. Даталарды шатастырдың немесе бір шикілік бар. Сондықтан жасанды жазба деген қорытындыға келдім.
Nura
Мен күнделікті 6-сыныптан бертін жазам. Онда күнде жазылсын деген қағида жоқ. Кейде 1 айда 1 сойлем жазамын.
bake
Бүгін авторадио тыңдап келе жатсам. Бірінен соң бірі жарнама айтып жатыр:
-Пәленші дүкенде жаңадан әкелім әкелді.
-Пәленші дүкенде жаңа түсілім болды, -деген.
Бұрын түсілім немесе әкелім деген сөздер болған жоқ. Жаңа тауар әкелінді, дүкенге келіп сатып алыңыз. Жаңа тауар түсті. Келіп сатып алыңыздар. Осылайша айтса ше? Айтпайды. Себебі бәрі асығыс. Жеңіл жолмен тез ақша тапқанға, тез жауап бергенге асығады.
Нәтижесі оң, жарнамадан қаражат табылды. Жарнаманы естігендердің түйсігінде жарнама орысшаға өздігінен аударылып түсе қойды. Бұл жере кенже қалған қазақ тіліндегі сана. Сана тілге байланысты болады екен-ау! Міне санаға анықтама беруге болмайды. Өте көлемді ұғым. Күнделікке анықтама беруге болады, мысалы, ауа-райының бақылайтын күнделігі. Күнделікті бақылау жүргізіледі. Осыдан анықтамасы шығады. Түбір «күнде». Сенің айтып отырғаның оқытын-оқтын жазылған «жазба», жылнамаға ұқсас, тек ең маңыздысы немесе көңілге тоқырлығы деген жазба түседі. Тіпті күнделікті жазар болмағанның өзінде «бүгін, айтардай ештеңе болған жоқ» немесе «сәл басым аурыңқырап тұр» деп бір сөйлем болсын жазылады. Меніңше күнделік әр күннің маңыздылығын, құндылығын еске салатын, жіберген қатең болса оны қайталамасқа кетіретін жақсы құрал.
Сізбен сөз жарыстырып жалықтым. Мәндірек, мағынасы тереңдірек жаңа жазбаңды тосамын. Оған дейін пікір жазғанды доғара тұрамын.
Nura
Сизге дауа жок екен. Күнделік оқып көрмегенсиз. Мукагалидын кунделигимен танысыңыз.
satibaldi
Ефіме түфті… Логопед іздеп шағқ ұғған тәтем аудан ішінен ақығы таба алмапты. Ал облыф оғталығынан тапқан кезде кеш бопты: ефейіп кеткен екем(((
Nura
Сіздің тіліңізге Франциядағы оқиға әсер еткен сияқты )))))))))))
SSSS
негізі ондай оқиғаны күлкіге айналдыруға болмайды, қанша бейбіт жандарға қайғы әкелген жағдай.
Nura
Аха, тфа-тфа, бастарына кетсін. Өздерімен кетсін.