ҰБТ-дан 111 балл жинағың келсе...

Блог - zholantai: ҰБТ-дан 111 балл жинағың келсе...
Уа, ҰБТ-дан қалай ғана 111 балл жинаймын, деп басы қатып, әрнәрсенің басын бір шалып, репетитор жалдап, арнайы курсқа барып, том-том кітап арқалап, мектепке қонып қалатындай болып сабылып жүрген қадірлі дос!
ҰБТ-ға оңай дайындалып, шпорға емес, өзіңе сеніп, 100 ден асыра балл жинап, дәлірегі 111 баллды қағып түскің келеді ме?
Онда, дәл осы мақсатың үшін «Алтын белгі» деген аты да, заты да әдемі журналды сатып алып, сонымен дайындал!
Осы жылдың қыркүйек айының басында жарық көріп, сатылымға шыққан журналдың көздегені біреу, ол — аз шығынмен ҰБТ-ға дайындау.
Бұл журналда ҰБТ кітапшасындағы 11 пән бойынша лекция материалдары, практикалық тапсырмалар мен тест сұрақтары бар. Әр пән екі сабақтан тұрады. Әр пәннің 25 сұрақтан құралған тестін тапсыруға болады. Тесттің жауаптары журналдың келесі санында шығып отырады. "Құр мәтін оқудан жалығамын" деп, бұлаң салатындар үшін карталар, суреттер және сызбалармен безендірілген.
Блог - zholantai: ҰБТ-дан 111 балл жинағың келсе...
Қыркүйек айынан сәуірге дейін апта сайын тынбай шығатын журналдың барлығы 32 саны жарық көреді. Сонда әр санында бір пәннен екі сабақтан болса, сегіз айда әр пәннен 64 сабақ енеді.
Бұл сабақтардың барлығын еліміздегі мықты-мықты кәсіби пән мұғалімдері дайындаған. Оларға психологтар көмектескен. Адам жанының білгірлері ұзақ зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде баланың қабылдауына оңтайлы форматтарды жасаған.Осылайша, Қазақстанда баламасы жоқ журнал тек қана мұғалімдерінің емес, сонымен бірге психологтардың ұсынған шешімдері негізінде әзірленді.
Блог - zholantai: ҰБТ-дан 111 балл жинағың келсе...
Одан бөлек,"қай мамандыққа түссем екен" деп, мамандық таңдай алмай жүрген түлектерге арнап журналдың әрбір санында Республика аумағындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО-ның тізімдері және ондағы оқытатын мамандықтардың түсініктемесі жарияланып отырады.
Соған қарап, «ооо, мына мамандықты оқысам, мынадай жұмыс істей алады екенмін», деп өзіңді және отбасыңды асырайтын өмірлік кәсібіңді адаспай таңдауыңа көмегі тиеді.

Мұндай керемет журналдың бір нөмірі — 350 теңге тұрады. Дайындығым нәтижелі болсын десең, онда барлық 32 санына алдын-ала жазылып, апта сайын үйге алдырып, оқу — тиімді. Барлық 32 санымен дайындалу — толық курс деп аталады.Бұл, толық курсты құрайтын 32 нөмірінің бағасы — 11 200 теңге. ҰБТ-дан жоғары балл жинап, гранттық негізде оқуға түскенде ай сайын алатын шәкіртақының көлеміне жетпейтін-ақ қаржы.
Сондықтан да, бағасы аспандаған, санынан адам жаңылатын түрлі оқулық кітаптарды ала бермей, осы «Алтын белгі» журналымен ҰБТ-ға дайындал! Сөйтіп, «Алтын белгімен»шыңдаған біліміңді ҰБТ-да сынап, Алтын белгіңді қорғап қал.
Блог - zholantai: ҰБТ-дан 111 балл жинағың келсе...
Жоғарыда айтылған 350 теңге төлеп, әр санын сатып алуға, не 11 200 теңге төлеп, барлық 32 санын алдыртқың келсе, не болмаса сұрақтарың шыға қалса, осы журналды шығаратын «ERNUR-press» ЖШС-інің «Алтын белгі» редакциясына хабарлас. Телефон нөмірлері: 8 (7252) 54-07-47, 8 (7252) 53-06-66
Өз мектебіңдегі кітапханадан да сұрап көр! Өйткені, мектептердегі кітапханалармен байланыс орнатылған. Ондағы кітапханашы апайлар «Алтын белгі» журналы туралы хабардар. Осы журнал керек маған, осы журналға жазыламын десең, әп сәтте жеткізіп бере қояды. Егер мәселе туындап жатса, онда 8 (7252) 54-07-47, 8 (7252) 53-06-66 нөмірлеріне хабарлас.
Іске сәт!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше