Ауыр металл мен Битлздың кездесуі

Юрген Клопп Ливерпульдің бапкері болып тағайындалды. Басқаша айтатын болсақ «Ауыр металл мен Битлз кездесті». Қандай ән шығатынын күтейік.

Блог - shota2030: Ауыр металл мен Битлздың кездесуі
«Жаңбырлы бір күні өте ауыр алаңда футбол ойнап, беттері лай-лай болып үйге қайтып бара жатып ойыншылардың шаршағаннан алда бірнеше апта ойнай алмайтынын ойлайтын ойынға біз Германияда „Ағылшын футболы“ дейміз. Міне осы менің футболым»

Юрген Клопп 2008-де Дортмундқа бапкер болып келмей тұрғанда Гамбург скауттарын Майнцтың жаттығуына Клоппты көріп келуге жібереді. Скауттар Клоптың жаттығуға ең соңғы болып келгенін, қырынбай жүргенін және жыртық шалбармен келгенін көреді де «жарамайды» деп айтып келеді. Кейін сол қырынбайтын, жыртық шалбармен жүретін жігіт Дортмундпен екі мәрте Германия чемпионы, бір мәрте Германия кубогі және бір мәрте УЕФА чемпиондар лигасында финал ойнайды. Ал Гамбург болса сол күннен бері қарай плей аут ойнап лигада қалады және жеті мәрте бапкер ауыстырады.

Өмірде кейбір нәрселер бірге болуы тиіс. Мысалға; Джон Хьюстон мен Хамфри Богарт, Серджо Леоне мен Клинт Иствуд, Элиа Казан мен Марлон Брандо, Мартин Скорсезе мен Роберт Де Ниро… Ливерпуль мен Клопптың бірлесуінің де бұлардан айырмашылығы жоқ. «Футболды тек команданың жеңісі үшін жақсы көретіндер бұл ойынды түсінбеген екен» деген Клопп пен 25 жыл Премьер лиганың чемпионы бола алмай жүрген бірақ әлемде жанкүйерлерінің ең көп адалдық көрсететін клубтардың бірі Ливерпульдің кездесуі қажет еді және кездесті. Ауыр металл мен Битлз енді бірге

Блог - shota2030: Ауыр металл мен Битлздың кездесуі

Клопп Дортмундқа келгенде клуб банкрот болуға жақындап, ежелгі қарсыласы Бавариядан қаржылай көмек алып банкрот болудан құтылған жағдайда еді. Клоп клубтың директоры Ханс-Йоахим Ватцкемен бірге Европаның ең тартымды жобалардың бірін жасайды және Дортмундты аяққа тұрғызады. Жеті жылдан кейін, қазір қайтадан аяққа тұруға мұқтаж бір клубқа келді. Табысты бола алады ма? Премьер лига мұндай мысалдарға тола. Фергюсон Манчестер Юнайтедтің, Венгер Арсеналдың, Моуринью Челсидің тағдырын өзгерткен. Клопп та осыны қайталай алады ма?

Неге қайталамасқа? Луи ван Галдың Бавариясын быт-шыт қылмады ма? Моуриньюдың Реал Мадридіне төрт гол соғып УЕФА чемпиондар лигасының финалына шықпады ма? Екі жыл бұрын Премьер лиганың көшбасшысы болып жүрген және тамаша ойнап жүрген, чемпиондар лигасының тобында Венгерді Эмирейтста ұтпады ма? Клопптың сол матчтан кейін айтқандары тіпті бомба

«Венгер допқа иелік етуді, пас алып-бергенді ұнатады. Оркестраға ұқсайды. Бірақ дауысы жоқ ән емес пе бұл? Мен ауыр металды жақсы көремін. Әннің әрдайым шулы болғанын қалаймын!»

Блог - shota2030: Ауыр металл мен Битлздың кездесуі

Клопп Дортмундқа келгенде «мықты ойын» ол "өлтіретін пастар" ойыны болатын. Барселонаның ойнаған және Барсалық ойыншылардың көбісі ойнайтын Испания футбол құрамасының ойнаға бұл ойыны арқылы бүкіл кубоктарды ұтып жатты. Бұл ойыннан біреулер ләззат алса, басқаларының іші пысатын. Клопп та іші пысқан жандардың ішінде еді.

«Бұл менің ойыным емес. Допқа 80 пайыз иелік ету арқылы жеңуді ұнатпаймын. Барселонаның ойынын төрт жасымда көргенімде үлкен теннис ойнауды таңдар едім. Кешіріңдер, бұл маған арналмаған. Тыныш футбол емес, қырғын футбол; міне менің футболым»


Бапкерлікке бастағалы бері доп өздерінде емес, қарсыласта болған кезінде не істеу керектігін ойлады Клопп. Испандардың "өлтіретін пастарына" "қарсы қысыммен" ойнады. Қорғаныстан шабуылға, шабуылдан қорғанысқа тезірек өтуге және допты беріп қойған жерде шок қысымдармен допты қайтадан алып қойып қарсыласты қылқындыратын ойын Испандықтарды құлатып, немістердің дәуірі басталғанын көрсетті.

Клопп бұл ойынмен алдымен Германияда екі мәрте Роббен мен Рибериді жоқ қылды, кейіннен Роналду мен Ди Марияға өзін мойындатты. Командасы қарсыластарына қарағанда көбірек жүгірді. Мұны Эмирейтста Арсеналды 2-1 жеңіп және олардан 11,5 км көп жүгірген мачтан кейін былай деп айтқан еді

«Алаңда барлық күшіңді беру заң. Көбірек жұмыс істесең ғана ұтасың. Еш күш жұмсамай ұтсаң оның мағынасы жоқ қой. Бұл ойынды жақсы көрмейсіз бе? Яғни Уимблдонды осылай ұта аласыз ба?»

Блог - shota2030: Ауыр металл мен Битлздың кездесуі

Үлкен суммалармен жұлдыздардың трансферін жасамады, өзінің жұлдыздарын өзі жасады. Матс Хуммельс, Невен Суботич, Марцель Шмельцер, Синдзи Кагава, Нури Шахин, Илкай Гюндоган, Марио Гётце, Марко Ройс, Роберт Левандовский… Бәрі онымен бірге өсті жәні іштеріндегі кейбірі, уақыты келгенде үлкенірек мақсаттар мен ақша үшін кеткісі келді және Клопп үшін "құрметті екіншіліктер" дәуірі басталды.. Кейіннен Баварияны жеңуге күші қалмады. Клопп мұны былай түсіндірді:

Біздің садағымыз бен оғымыз бар және жақсы көздесек мақсатқа жете аламыз. Ал Баварияның граната атқыштары бар, проблема сол болып тұр. Бірақ бұл Робин Гудтың өте табысты екендігін жоққа шығармайды."

Баварияның артынан екінші орын әлбетте нашар болып саналмайды бірақ былтырғы жетінші орын өте нашар еді және «Робин Гуд» өзіне жарасатын сый-құрметпен Дортмундпен қоштасты. Кейіннен Реал Мадрид, Манчестер Сити секілді қаражаты өте көп, қалаған табыстарына қол жеткізе алатын командалармен аты сыбысқа шықса да Клопп, Брендан Роджерстің орынан алынуынан кейін Ливерпульмен келісті және біреулердің ойынша карьерасын тәуекелге тастады. Тағы бір сұхбатында «Идея маңызды, көп ақша емес. Келесі кезеңге өту маңызды. ия бірақ адам баласы көп ақшасы бар командаларды жеңетін командада болғысы келеді». Германияда ақшасы көп Баварияны жеңуге тырысқан және мұны екі мәрте жасаған Клопп енді Челси, Манчестер Сити, Манчестер Юнайтед және Арсеналды жеңуге тырысады. Яғни өзінің нағыз қалаған жерінде. Жалғыз қалауы, клубтың егесі Джон Генридің Клоппқа Ливерпульды жасақтауы үшін қажет уақытты беруі…

Клопп Дортмунда жүргенде бір сұхбатында«Жанкүйерлеріміз бізді тек қана сары-қара формамызбен ғана танымау керек. Қызыл формамен ойнағанда да трибунадағы адамдар „Бұл футболды тек қана Дортмунд ойнай алады“ деулері қажет» деген еді. Енді алаңға сары-қара формамен де бір команда шықса кез келген адам «Мұны тек қана Ливерпуль ойнай алады» дегізуі қажет.
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
шынымды айтсам қимай отырмын Клоппты Ливерпульге. ойната ала ма бұл команданы? үнсіз бақылаймын :)
shota2030
Ливерпульға келе сала берген сұхбатында «Төрт жылдың ішінде кемі бір мәрте чемпион қыламын» депті бірақ үш жылдық келісім-шартқа қол қойылған ;)
asaubota
Жозеден бастап Ван гал, Венгер бәрін мазақ қылатын шығар бұл. тек Ливерпуль емес жалпы АПЛға жақсы жарнама жасайын деп тұр
MERmukhanov
Хэви металл деп қалдыру керек ед
asaubota
Жозе ПСЖға кетеді деген әңгіме бар. кетпесе екен, екі клоунның ойыннан кейінгі троллингтері күшті болар еді :)