ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ!

Бақыт деген — сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің —

демекші, расында да бақыт деген сенің бала күндерің екен… Айналаңда болып жатқан ешбір мəселе сені мазалмайды… Сенің оларға араласатын шағың емес… Ата-анаң, бауырларың қасыңда, қарның тоқ, көйлегің көк… Бақытты балалық шақтың риясыз күлкісі. Саған одан артық ештеңенің де қажеті жоқ… Басқасына басыңды да ауыртпайсың… Бірақ оны кезінде түсінбедік… Тезірек өссек, үлкен өмірге аяқ бассақ, бақытымыз сонда деп есептедік...Үлкен өмірге аяқ басқан күні алдыңнан шыққан бар қиындықты шешіп тастайтындай күй кештік… Алайда қатал тағдарың бізге қандай тосын сый дайындап тұрғанынан тіпті де бейхабар едік...Үлкен өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүрді… Біз ойлағандай жеңіл ештеңе болмады… Тағдырыңның бұралаң жолдары көбіне соқпаққа əкеліп тіреліп жатты… Сонда барып бақытты кездеріміздің өтіп кеткенін түсіндік… Бақытты балалық шақты аңсадық… Балалық шақ деп аталатын өмірде бəрі де оңай болушы еді… Еш қиындық туындаматын… Бар уайымың бүгін кіммен жəне не ойнаймын деген сұрақ болатын… Ал үлкен өмірде бəрі басқаша болды… Қиындықтың біріне шыдасаң, бірінен сағың сынып жатты… Алайда солай екен деп бəрін тастап кетуге де болмайды… Алдыңнан шыққан өмірдің бұрмалаң жолдардың бəрі де соқпаққа апарып тірелмейді...Өз жолыңды таба алсаң, ол сені үлкен өмірден əйел бақыты дейтін өмірге апарады… Бірақ онымен өміріңдегі бар қиындық тағы шешіле салды деген сөз емес… Əр өмірдің өз қиындығы болады… Мысалға алатын болсақ, бір ойынның бірінші турынан өткен соң екінші турында кедергілер көбейе түсетіні секілді...Əйел бақыты деп аталатын өміріңде отбасылық кедергілер болуы мүмкін. Ал сонымен қатар бақытты балалық шақ сыйлай алатын мүмкіндігің болады… Оныда өзіңдей өмірдің əр кезеңінен сүрінбей өтуге дайындайсың… Солайша сенің балалық бақытты шағың аналық бақытқа ұласады...Үлкен өмір оған көпір іспеттес. Тек қарсы келген қиындықтан қорықпай қарсы тұра білуің керек… Осылай өмір жалғаса бермек…

P.s. Бақытты кездеріміз көп болсын!
Бөлісу:

1 пікір

bake
Өзіңнен бақыттымын ба?- деп сұрамаған бақытты шығар. Бір жерде естеліктерде жазып кеткенмін. Бірде анам енесіне (1960 жылдарда): -Мама шаршап, нервім аурып тұр, -депті. Енесі өмірінде нерві деген сөзді естіп білмеген. Келіннің мінезін баламалап былай жауап беріпті:
-Қайдағы ерві (нерві), барып тұрған долысыңдар, -депті %).