СЕКСКЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Блог - a87771683232: СЕКСКЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Назира, сен кімсің?
Сен мендік қарындас емессің,
Көршім де емессің.
Мен танитын ауылдас емессің,
Не мен тыңдайтын әнші де емессің.

Мен қызыққан қылықтас емессің,
Мен киінетін дүкенде есепші емессің.
Бірге оқыған сыныптас емессің,
Не мен баратын жезөкше емессің.

Назира, сен кімсің?
Жек көретін ата жау қастасым емессің,
Жете алмай жүрген қиял әлемім емессің.
Не менің химиядан берген ұстазым емессің,
Не сен менің әйелім емессің.

Маған бір көмектесуге себепкер емессің,
Мені сынап жүрген мыжыма емессің.
Не мен оқыған кейіпкер емессің,
Не анау Талғат ағаның қызы да емессің.

Маған жақын да, алыс та емессің,
Мен танитын жесір де емессің.
Жалпы, сен маѓан мүлде таныс та емессің,
Негізі, сен маған ешкім де емессің.

Вообще, неге сені жазып отырмын?
Бөлісу:

9 пікір

MERmukhanov
көркемдігі орташа, идеясы ұнады. :) қызық вопшым))
Marco
Вообще, неге сені жазып отырмын?

Біләт десе, соншама әуре қылып)))
VKM
иә, десе,әуре болып)))
e_zhalgas
хармстың шәкірті :)
MamaAya
әдем өлең екен, ұнады!)