Ауыл

Бауырсақтың дәмі
Блог — BakytgulSarmek ауыл туралы жазуыма арқау болды.

Ауыл демекші, ауылды сағындым. Шағын болғасын, бір-бірін аңдиды да. Кейбіреуінің істейтін жұмысы жоқ, үйінің алдында отырып алып, көшеден өткен-кеткендерге қарайды. Әңгіме керек, өсек керек. Майдың шыжыған кезі, ауылға әжеме қыдырып бардым.Блог - AknietTanirbergenkyzy: Ауыл5 ағайындымын, 5 қызбыз. Үлкен әпкем тұрмыста. Сүйінші хабар да келіп жетті. Әпкем аман-есен қыз босаныпты. Аллаға сансыз мадақтар айтып, жеті күлше пісірдік (түсінбейтіндер үшін, жеті нан). Мен көршілерге таратуға шықтым. Үйге қарама қарсы бетте орналасқан үйдің әжесі өз үйінің алдында отыр екен, амандасып, күлшені бергенім сол еді, әпкемді сұрай жөнелді.
— Шүкір, бүгін аман-есен босанды.
— Ұл ма, қыз ба?
— Қыз
— Тәңірдің 5 қызы аз болғандай, тағы 6 қызы туылыпты ғой (тұңғыш немересін қызы деп есептеп)
— Алла қызды да сүйген ғана құлына береді екен, лайым ата-анама жұмаққа кіруді жазсын! (жымидым)
Әкем мен анама келер болсақ, Алланың ұл бермегеніне кінәлі емес қой. Мына кісі айдалада неменеге шыр-пыр болып отыр, миығынан күліп. Құдайым-ау, қандай шаруасы бар?! Адамның жанды жеріне тигенді жақсы көре ме, менің орнымда ата-анам, немесе бауырым болса, басын көтермеген күйі, ештеңе айтпастан кете берер еді. Ал мен, ондай емеспін…
Бөлісу:

1 пікір