Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы

Талдықорғанда блогерлер спартакиадасы
Жер жәннаты Жетісудың төрінде «Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз» мейрамы қарсаңында блогерлер арасында тұңғыш рет спорттық шаралар мәресіне жетті. Шара мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктерін арттыру, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылды.Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыАлматы облысының әкімдігі мен облыстық жастар саясаты мәселесі басқармасы жүзеге асырған спорттық дода да волейбол, футбол, тениистен жүлделі орындар сарапқа салынды. Дүбірлі доданы қабылдаған Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының үлкен залында бұл күні журналист те, блогер де, әкімдік өкілдері де доп тепті. Жанкүйер болып келген жұрттың қарасы да көп болды. Ендеше жарыс күнделігін тарқатар болсақ.
Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыБиыл тұңғыш рет өткізіліп отырған блогерлер арасындағы турнирдің өзіндік айырмашылығы мен қызықты жайттары да көп болды. Олай дейтініміз еліміздің әрбір түкпірінен жиналған Блогқұрылтайдың қонақтары мен Талдықорған қаласының жастары, жергілікті БАҚ өкілдері, Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының командалары жарыс көркін қыздыра түсті. Волейболдан төрт құрама өзара үздіктерін анықтаса, футболдан да төрт құрама чемпиондық тәжге таласты. Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыСонымен «Жастар» спорт сарайында өткен жарыстың шымылдығын журналистер мен блогшылар ашты. Ойын бірден тартысты бәсекеге ұласып, көрермен делебесін қоздырып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Бұл ойында жергілікті БАҚ өкілдерінен құралған «Журналистер» командасы мен блогшылардан құралған «Испания» командасы жан алысып, жан берісті. Алғашқы болып журналистер бесінші минутта минутта есеп ашып, тұңғыш өткізіліп отырған жарыстың алғашқы голын соқты. Алайда «Испания» командасы тегеурінді қарсылық көрсетіп, ойын текетіреспен жалғасты. Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыАлғашқы тайм 1:0 есебімен журналистердің пайдасына шешілді. Екінші таймда қос құрама бір-біріне қарымта доп қайырды. Осылайша шиеленісті өткен ойынның қорытындысында 2:1 есебімен «Журналистер» құрамасы жеңіске жетті. Олар ойын барысында Алматы облысы жастар саясаты басқармасының жігіттерінен құралған командамен тең түсіп, осы басқарманың екінші командасын тізе бүктіріп, жарыстың күміс жүлдесін қанжығағаларына байлады. Одан кейін ойын көркін Алматы облысы жастар саясаты басқармасының қос ұжымы қыздыра түсті. Тартысты ойында әкімдік өкілдерінің жастары жеңіске жетті. Осылайша жарыс барысында екі рет жеңіске жетіп, бір рет «Журналистермен» тең түскен жастар саясаты басқармасының жігіттері ұпай саны бойынша бірінші орынды иеленді. Үшінші орын блогшылардың пайдасына тиіп, қола жүлде еншілеріне жазылды.
Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы
Турнир барысында барлық команда жақсы ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе жоғарыдағы үздік үштіктің ойындары жанкүйерлер қызығушылығын тудырды.
Алматы облысы жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы, бүгінгі жарыс қожайыны Рустам Әлиұлы жарыс барысында айтқандай, «осынау турнир бұдан былай жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізіліп, тұрса игі бастама болар еді. Тіпті сіздер жыл сайын блогшылар құрылтайы Талдықорғанда да өтсін десеңіздер, біз қарсы емеспіз» деді. Демек, осындай үлгілі үрдіс, дәстүрлі турнир, блогқұрылтай жалғасын таба беретіндігіне сенім зор дегендік.
Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы
P.S Тұңғыш рет өткізілген блогшылар спорттық жарысында волейболда өткен болатын… Тек қана блогшылар түгелдей құраммен қатысқан турнирда «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанды.
Фотосуреттер авторы: А.Құмырзақ, А.Архунус
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше