Arular.kz

Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Елбасымыз биылғы Жолдауында мем­лекеттің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси ба­ғытын айқын­дап берді. Еліміз үшін бар­лық мәсе­лені назарынан тыс қалдырмаған Нұрсұлтан Назарбаев отандық тауар өндірісіне де ерекше мән берген.
Қазіргі таңда Отандық өнімді дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елбасымыздың айтқанына орай жастар өз еркілерімен Қарағанды қаласында "Қазақша күнделіктер" шығара бастады. Күнделік болғанда, балаларға арналған күнделік емес, әр күндік жоспарыңды жазып отыруға арналған қойын дәптер.
Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Күнделік — "Қазақтар үшін жыл басы Наурыз айынан басталады" — деген ұғыммен, бірінші бет 22 наурыз айынан бастау алған. Және де, әр беті қазақша оюмен әшекейленіп, астыңғы жақта бабалар сөзі жазылып отырады. Мысалға: бүгін Абай атамыздың туған күні болса, бір ай ол кісінің сөздерін жариялайды, "Қазақ хандығының 550 жылдығына" бір ай арнайды, оған тарихымыз жайлы мағлұматтар беріледі. Жалпы, күнделік, әр күнге мақсат қойып, оған есеп беріп өмір сүретіндер үшін өте қолайлы! Күнделік жоспар және нәтиже деп екі бөлікке бөлінген. Мұқабасы Винил материалымен қапталған.

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Күнделіктің бағасына келетін болсақ:
1 дана – 3500 теңге
5 данадан көп – 3000 теңге
50 данадан көп – 2700 теңге
100 данадан көп – 2500 теңге

Күнделікті шығарушы: «Лұғат» сайты. «Күнделіктен түскен қаржы сол сайтқа жұмсалады» — дейді олар.
Күнделікке өзгелердің пікірі қандай болды? Бірі "қажет емес", бірі "қатесі бар", — деп, көбісі «бағасы тым қымбат» — деп шу ете түсті жан — жақтан. Мысалға Фейзбуктан мысал келтірейік:

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Бағаның қымбат болу себебі: баспада әр бет өзгелердікі сияқты дайын бетті көшіре салып емес, әрбірін жеке — жеке басып дайындайды. Сондықтан баспаға кететін қаржының да құны қымбаттау, әрі, әр қалаға тегін жеткізілетіндіктен почтаға, комиссиясының шығынын да өздері көтереді. Егер баға түсетін болса, олардың әрі қарай өңдеп, дамытуға шамалары болмай қалуы мүмкін… Алайда, пікірлерге еш өкпеміз жоқ, керісінше, ақыл айтып, пікірлескендері дұрыс — ақ!.. Оларды ескереміз! Бәсекеге қабілетті, әрі сапалы өнім шығару біз үшін міндет. Сұраныстың артуына ұжым барын салады!
Жоқ болса: «жоқ» деп, бар болса әр жерінен ілік іздеп керексіз қылып тастаймыз… :) "Қазақ" деп," өзіміздің өнім", — деп ұрандатып отыратын аға — әпкелеріміздің өзі «Мм жақсы екен», «Сәттілік» — деген пікірден әрі аса алмады… Дәлме — дәл іске келгенде тым — тырыс болып үнсіз қалды… Дегенмен, қолдау көрсетіп, біреуге болса да тапсырыс беріп, өзгелерге насихаттап жүрген адамдарға рахмет!
Бұл күнделік жаңа жылға жақындарыңыз үшін ерекше сыйлық болары сөзсіз, сіз де қалыс қалмаңыз! Өзіміздің тауарды насихаттап, өрбуіне ат салысайық!
" data-width="600" data-numposts="5">

35 пікір

avatar
Контекстік жарнама үшін біреуін сыйға алған боларсың немесе саған қанша төледі?
avatar
Шын ниет ақшамен есептелмейді!
avatar
Ұран ба? Леп белгісіне салыпсың ғой.
avatar
)) Шын жауап беріп жатқан соң ғой.
avatar
Телефоның жіңішке ме? Меніңше, дәәәу сияқты. Скриндардан соны байқадым, әлде тырнақтарың ұзын ба журналистика саласында?
avatar
Скрин жасап, артықтарын қиғанмын, сосын дәәу болып қалды)
avatar
теріден жасалған өнімдер шығарып, сататын Mukajan дегендікін алып жүрмін. шетелдіктерге сыйлыққа да.
avatar
Иә, ол да маған ұнайды!
avatar
Бірақ сатып алған жоқсың әлі. ))
avatar
Ой бар. )
avatar
Бірақ ақша жоқ. :))
avatar
Болады), ұнаған нәрсеме ақша аямаймын..)
avatar
Ал ұнаған жігітке нені аямайсыз? ))
avatar
Жігіттің қатысы қанша?
avatar
Әділетті айтқысы келіп отыр-ау )))))
avatar
Мен шығармын. Сәлем!
avatar
Қыздар шатасты "Әділет деген кім-кім?" деп. :))))
avatar
Қымбат, өтте қымбат. «йә, солааай, йә, солай» деген кеудемсоқтықпен ала қою үшін де жағдай/қаражат керек.
avatar
Бірақ бағасы… былай… не екен да… © ұлы қытай ойшылы Мейхуа Женг
avatar
1 ұлттық өнім, бірақ ол қымбат әрі шала жасалған)))))
avatar
Қате кеткен тұстарын түзейді…
avatar
отандық өнімдерді бар саланы көрсетіп каталог па электронды бірдеме жасау керек сияқты
avatar
Қытай ойшылына ұнамаған болу керек бағасы əлде заты қытайда жасалғасын солай деді ма екен?!
avatar
Қытайдың ұлы ойшылы — Мейхуа Жеңг,
Ұнайды оған бұл күнделік те.
Күнделіктің заты жасалса да,
Алайда баға деген «жасалмайды».
Оу, жасалмайды!
Тек қойылады.
Қытайдың ұлы ойшылы — Мейхуа Жеңг,
Ұнайды оған бұл күнделік те.
«Былай… не екен да…
Былай… не екен...»
Ұнамай тұр оған үш жарым мың
Еей! "Үш жарым мың" теңгесі тек.

Тарихын мен айтайын Шеркешбайдай,
Білесің Қарағанды, Қарқаралы.
Аянның қызы Керім сұлу айдай,
Қазақша күнделікті-әй хабарлады.
Мұқажан ұнайды екен Төлпанжанға,
Ұнайды Мұқажаның Керім балға.
Қазақша күнделік те ұнайды екен,
Қайран сол жастық дәурен!
Ақша жоқ бұл қалтада-ай!
Қымбаттан көз ашпаған бар Мерекеее,
Күнделік алу үшін қаражат керек екен.
Орыстан шыққан, оһоу, қазақ қызы
Бағасы қымбат, шала деген екен.
Аянның Керім деген тәтті қызы
Қатесін түзейді деп сөзін берді.
Қазақша күнделік бұл — қазақы өнім,
Мына жұрт неге білмейд Әділетті?!
Еей! Әділетті…
Әділет қайда кетті?

Дегенде Мейхуа Жеңг, Мейхуа Жеңг,
Қытайдың ұлы ойшылы — Мейхуа Жеңг,
Ұнайды оған бұл күнделік те,
КТК көрсетпес бұл жаңалықты,
Әей! Көрсетпес жаңалықты-ой!
Аянның қызы Керім
білдірді үш жарым мың теңге деген
— баға нықты.

Тарихын мен айттым-оу Шеркешбайдай,
Шеркешбай кім десең, ол — тезек-қидай.
Маған еш сұрақ қойма нервің құрып,
Тарихты жалғастырар адам бар-ау,
Әәеейй! Тарихты жалғастырар МЕрмұханов.
avatar
кімнің мақамымен әндеттіңіз? :)
avatar
Қазақ айтысына жаңа леп, жаңа серпіліс әкелдім. Өзімнің мақамым. :) Аралас мақам. :v :v :v
avatar
Шеркешбай кім десең, ол — тезек-қидай.

)))))))))))))))))))
avatar
Жастардың ісіне сәттілік тілеймін.
Пікір:
1. Сағатты алып тастаса, себебі күнделікке істердің тізімін жазғанда, уақытын өзің белгілейсің немесе уақытын көрсетпей жалпы тізімін жасайсың.
2. Жоспар, Нәтижесі деп 2 бағанға бөлмей, ұзын жолмен немесе тор көзбен жасаса, жоспарлған іс атқарылған соң, оның нәтижесін жазып жүретіндерді көп байқамаппын, тек белгі қояды немесе белгілемейтіндер де бар.
3. Бір бұрышына күннің шығуы, батуы, айдың тууы, деген сияқты тағы басқа табиғи өзгерістер көрсетілсе. Мен сияқты табиғи амалдарға өз бетінше талдау жасап жүретіндерге жақсы болар еді.

Жалпы жақсы бастама. Алла жазса тапсырыс беріп алып қалармыз.
avatar
қымбат демекші, ең қымбат және әдемі қазақ костюмдері Ақтауда тігіледі. бір толық комплектке ақшамды қимааай жүргенім. неге сонша қымбат..((
avatar
«отандық өнімге қолдауыңыз қандай» дегенде шудың «планы» мен «кызылординка» еріксіз ойға оралады.
дүниежүзілік сауда айналымындағы брендіміз ғой бұлар;)
avatar
өткенде Меломанда сырты керек емес қағаздардан пресстеліп жасалған блокноттар 7000-8000 деп тұрған. қанша жерден блокнот жинағыш болсам да, Алматыда шыққаны үшін ғана ақша төлегім келмеді. Халық өзіміздікі болғасын ғана алады деп пландайтын сияқты осындай бизнесмендер. Армандапты( Ал мына күнделікті оқушы болсам, алдырар едім. 1 жыл пайдаланатын дүниеге жақсы.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.