Жаз, дабай!



Дабайыңның жаңарса мақамдары,
Есті келер юзердің мақалдары.
Әлі талай жаңару бола жатар,
Байғазың дайын тұрсын, шоталдарың :)

Байғазың дайын тұрсын, шоталдарың,
Осы болды қарқын ап, оталғаның.
Мойындайтын туар-ау жарқын күндер,
Ақ жолдар, Әділет, Нұр Отандарың :)

Ақ жолдар, Әділет, Нұр Отандарың
Қазнетке аз емес-ау қотарғаның.
Уикиликс, Уикипедия не тәйірі,
Жауһар, жақұт дүниенің қопар бәрін!

Бастамаң жаман емес, Аршат бала,
Жақсымен өткізілген әр сәт дара.
Шашбауын көтерерміз бұл дабайдың
Сөз түзу, өр мінезді болсақ қана!
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
рахметс!

Бастамаң жаман емес, Аршат бала,

Бастамаң жаман емес, Аршат аға дегің келген шығар да негізі :)
timurrr
Бас, Нұреке! Жібер аттың басын! :)))