Блогиада-2014 жүлдегерлері марапатталды

Блог - asaubota: Блогиада-2014 жүлдегерлері марапатталды

Қазақ блогерлері арасында наурыз айында басталған Блогиада жарысы өз мәресіне жетті. “Инвесторлар альянсының” демеушілігімен өткен Блогиада қорытындысы 18 желтоқсан күні Астана қаласындағы Multispace коворкинг орталығында өтті.

Жарысқа Алматы, СҚО, ОҚО, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 31 блогер қатысты. Қатысушылардың ең жасы 18, ең үлкені 33 жаста. Конкурстық жазбалар Қазнеттегі 13 түрлі блогта жарияланды. Жалпы 8 ай ішінде Блогиадада 338 пост жазылды.

8 айлық марафонның нәтижесінде 1-ші орынды Қызылорда облысынан ағылшын тілі аудармашысы Асқар Базарбай иеленді. Жүлдегер финалистер қатарына танымал блогер, Kaztube порталында жоба жүргізуші Эльвира Ерғалина, Еуразия Ұлттық Университетінде мұғалім Әйгерім Кеулімжай, ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов кірді. Бас жүлде иесіне “Инвесторлар Альянсы” президенті Азаматхан Әміртай 1.000.000 теңге табыстады, ал финалға өткен жүлдегерлерге 100.000 теңгеден сыйақы берілді.

Бөлісу:

8 пікір

edige
Жорамалым дөп түсті.
Жеңісіңмен Асеке!!!
ademi_alem
Лайықты жеңіс! Әйгерімнің қайсарлығын, Эльвираның батылдығын, Маралбек ағаның қысқа да нұсқа жазу шеберлігін, Асқар ағаның тапқырлығы мен жан-жақтылығын тілеймін! Аршат аға, Сіздің бұл идеяңыздың өзі миллионға татырлық идея екен. Көз алдыма өмірге өнегелі ұрпақ алып келіп, бірақ алтын алқа тағу ұмытылып, еленбей қалған ана елестеп отыр. Бірақ Ана оған мұқтаж емес, балаларының амандығы болса болды оған. Сол сияқты Сіздің де ешбір идея, бастама, еткен еңбегіңізді міндетсінбейтін қасиетіңізді құрметтеймін. Дегенмен демеушілер тарапынан Сіздің еңбегіңіз ескерілмей қалғандығы өкінішті…
merekeee
Суретте миллиондық сертификатты әдейі көрсетпей қойдыңыздар ма?
Жеңіс құтты болсын! Қазнетке қосар үлестеріңіз ортаймасын!
bazuka
Құтты болсын жүлдегерлер!
ushkin
Құтты болсын! Лайықты жеңіс!