Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас

1.1Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.
Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ.Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі, жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап, өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Президентіміз әліпбиіміздің толықтай латын тіліне көшуін 2025 жылға қарай жүзеге асыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәселеге кейбір азаматтарымыз наразылығын танытуда. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі: «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқын екіге бөледі» деп, халқымыздың болашағы үшін шыбын жаны қиналып, шырылдап жүр. Айтқан сөзінің де жаны бар, астарында ақиқат жатқаны рас. Бұл мәселе елде қарама-қайшы пікірлі екі таптың пайда болуына әкеп соқтырады.
Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын проблемалар қатары мынандай болуы мүмкін:
1) қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы; 2) жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау; 3) жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі; 4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі; 5) қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтималдылығы және т.б.
Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде қолданысқа еніп, қазақ мектептері осы әліпбимен оқытыла бастаған уақытта қазақтардың арасынан балаларын орыс сыныптарына берушілер қатары одан ары көбейе түсуі ғажап емес. А.Айталының болжауынша, «...қазақ тілінің болашағына сенбейтін қазақтар оқулықтары, ғылыми әдебиеттері, дайындығы мол мұғалімдері бар орыс мектептеріне балаларын беріп жатса, оған ешкімнің қарсылық жасауы мүмкін емес»
Автордың тағы бір қауіптенетіні – орыс және қазақ тілді болып екіге бөлініп кеткен қазақ ұлты енді екі түрлі әліпбиді қолдана бастағанда, ара жіктері тіпті ашылып, бұдан әрі тереңдей түсуі мүмкін екендігі. Сөйтіп айналып келгенде, Амангелді Айталы латын әліпбиіне көшу реформасын асықтырмай, сақтыққа шақыру жағын қолдайды
Бөлісу:

8 пікір

qonyrbai
Ертең офтальмологқа тексерілмесем. Мынаны жай қараймын деген күннің өзінде көзіме зиянын тигізді. :(((
satibaldi
Сіңлім, мен мынадай заңды құбылыс байқадым. Қаззақтардың жағдайын неғұрлым көп қаззақ ойлаған сайын, соғұрлым нашарлай береді екен.
malik
Көштік ал. Не өзгереді? Кірілше әрең меңгергенде латынша, әй, білмеймін…
ken
Бұл да тоқал алуды заңдастыру мен Қазақ Елі атауы мәселесі секілді ел ішіне гу-гу әңгімелер жіберу үшін (жұрт назарбын басқаға аудару үшін) ара-тұра көтеріліп тұратын мәселе ғой.
merekeee
Мен сизди тусиндим!
Әліпби, ел атауы, экон.жағдайлар т.б. мәселелердің осы қазірден қозғалып, қымбаттайтыны қымбаттап, арзандайтыны арзандап, әртүрлі толқын боп жатқаны дұрыс. Бізге қиын әрине, бірақ, елу жылда ел — жаңа. Келер ұрпақтың тұрақты экономикасы, төл таңбасы болады. Әйтпесе, еліміз әбден дамып, бар жағдайын жасап алып, алпауыт мемлекет болғанда «Латынға көшеміз» дееееп тұрса жақсы ма? ) ал, көшу КЕРЕК!
Meni tusinesiz be?
droidtar
Латын әліпбиіне көшуге қазір де уақыттың бары мәлім. Бірақ ол ондаған жылға созылары сөзсіз. КСРО ыдырағаннан кейін басқа елдер (мысалы, Өзбекстан, Түрікменстан) сияқты латынға көшіп кеткенде қазір бұл мәселені қозғамас та еді)).
droidtar
Және мекемелерде, ел басқару ісінде құжаттарды әлі қазақшаландырып жатырғанда, енді латынға көшетін болсақ)).
boztorgai
көшпек үшін әуелі путиннің келісімі керек…
тәуелсізбін деп пе едіңдер...©