ЖАҒЫМПАЗДЫҚ СИНДРОМЫ

Бір күні ағам маған мынадай бір қызық жіберді. Нағыз авторы кім екенін білмеймін. Бірақ, сіздерге де көмегі тиер деген ниетпен жариялап отырмын. Оқырмандар арасында авторы болса хабарласуын өтінемін. Алғысым шексіз бұл кісіге.

Бұл «жұқпалы дерттің» синдромдары туралы кішкене ақпарат бере кетейік. «Жағымпаздық кеселі» негізінен ғашықтық дертіне ұқсас. Бірақ бұл «дерт» жұқпалы әрі аса қауіпті. Бұл «дертке» шалдыққан жанның көзіне өзінен лауазымы жоғары тұлға ерекше жаратылған тұлғадай болып көріне бастайды. «Көз алды бұлдырап», ол «тұлғаның» кемшіліктерін көруден қалады. Оның әр-бір сөзіне «басы айналып, құлағы тұнады». Аталмыш «тұлғаға» тіл тигізгендерді ерекше жек көріп, кектене қарайды. Оны қорғау үшін ар-ұяттан да безуге баруы мүмкін. «Ерек тұлғаның» қолын сүйіп, туфлиін жалағысы келуі де ғажап емес. Шаханов мырзаның ондай жандарды «ТЖ» деп тыжырыну себебі де осы. Сонымен қатар, мұндай «ауруға» шалдыққан адамдар «түс ажырату» қабілетінен айырылып, ақ пен қараны, яғни өтірік пен шындықты ажырата адмай қалып жатады. Өкінішке қарай, бұл кеселге ешқандай дәрілік препараттар көмектеспейді. Белгілісі — ар-ұяты күшті адамдар ғана бұл «кеселге» шалдықпай, аман қала алады. Яғни, «жағымпаздақ дерті» иммунитеті әлсіздерге емес, ар-ұяты әлсіздерге тез жұққыш.
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
бұл аурудан жазылу үшін, ауру адамды ауру қылып тұрған адамға жаман бірдеме болуы керек. сол кезде ауру автоматты түрде жоғалып кетеді.
muza
Аурудын алдын алу ушин басты исикти жою керек дегиниз келип тур ма? :)