Түкіріп қой…

  • Автор
Менің жақын бір құрбым, тұрмыс құрарға үш апта қалғанда ғана бәрімізге хабарлап еді, және де біріншісіне аяғы ауыр кезінде де орта шеңіне дейін, бәрімізге «хабар жоқ» деумен лапша ілді. Кейіннен білген соң, айтары, «ондайды айтпайды, көз тиеді» деп құтылды. Шындығында ойлап қарасаң, күйеуге шығатын, бала табатын тек сол ма деп біртүрлі боласың.

Алдында бір қазақ әншілері жайлы бағдарлама көрсетіп жатыр. Сонда сұрақ: «Әртістер неге үйленгенін, тұрмыс құрғанын жасырады?» дегенге, көбі «Тіл, көз тиюден қорқатын шығар» деп жауап беріп жатты.
Шет елдік киноларды қарасақ (Америка, Европа, Шығыс-Азия елдері), ешуақытты көз тию жайлы әңгіме қозғалмайды. Бұл бері, Ресей, Түрік елдерінде сақтанатын шараларды байқаймыз. Тіпті, осы тіл-көз жайлы түріктердің ата тегінде бар ма деймін, өйткені қалыңдықтың көйлегіне қызыл лента таңудан да көреміз.

Осы күнге дейін мен бұл жайлы қатты ойланбаппын да. Кішкентайымыздан осы көз тию жайлы көп естиміз, куәгері де болғандай боламыз. Бірақ сайып келгенде бір адамның тілі мен көзі, басқаның бүткіл тағдырын өзгерте алатындай күші бар ма?

Ұқсас посттар

19 пікір

asaubota
түріктер әйтеуір «көзден» қорғанғыш. түріктердің көзмоншақтарын бәрің көрген шығарсыңдар.

иә, біздің қазақ та көзден қорқады. мысалы қазір екінші ұл күтіп жүргенімізді айтпай жүрміз көп адамға :)
Abilakim
Екінші ұлың жайлы (Алла ол шаранаға ұзақ ғұмыр берсін) жарты Қазақстан ғана білетін тәрізді ғой)))
asaubota
иә, сол «жария қылмай жүрміз» ешкімге :)
qisyq
Дұрыс, ешкімге айтпа. Кейін айтасың.
Abilakim
«Тілі бар», «көзі бар» деп тегін айтпаса керек бұл қазақ. Ондай адамдар бар. Бірақ олар жаман ниетпена айтпайды немесе қарамайды. Баяғыда осындай қасиетке ие бір кісі болыпты.Бір байдың үйінде қымыз ішіп отырса керек.сол кезде көзі түрулі керегеден байдың "Қара жорғасына" (жылқы, бай "қара жорға«билей алмайтын) көзі түсіп кетіп, „Пах-пах, қандай ғажап жорға“ дегендей сөздер айтыпты.сол сәтте жорға аяғын інге тығып алып сындырған екен дейді.
AKY
Тіл-көз деген бар нәрсе. Әсіресе, кішкентай балалар тіл-көзге ілінгіш болады. Ғылыми тұрғыдан түсіндірсек, әр адамның белгілі бір мөлшерде өзіндік энергиясы болады екен. Сондықтан жас сәбиге сұқтанғанда, тамсанғанда, олардың әлсіз қорғанышы ересек адамнан келген энергетикаға төтеп бере алмай, ауырып қалатыны да содан. Тіптен, өз баласына өзінің көзі өткендер де бар. Жас сәбилердің қолдарына, маңдайларына тағылатын қара моншақтар осынау энергетиканы дарытпай, ыдыратып жібереді-мыс.
qisyq
Әрине, бүкіл тағдырына әсер ете алмас, себебі тағдыр көпқырлы нәрсе ғой.
Алайда белгілі бір кезеңге, белгілі бір жағдайға әсер етуі әбден мүмкін.
TOTY
Үйлену, аяғы ауырлық дегенді білмеймін, яғни, көз тиеді деп жасырғанды айтамын да, ал жас сәбиді 40 күнге дейін елге көрсетпей, бесігін аластап, не үкі тағып жатады ғой, сәби көзді көтере алмайды деп.
bekmur
Исламда коз тиу хак дейди.сондыктан отирик нарсе емес. жане одан улкен корган ол дуга!
Zere
Ал мысалы интернетке сурет жарияласа, сонда да кішкентай балаға көз өтуі мүмкін бе?
bekmur
Menin oiymsha mumkin emes. Koz tiu kozbe koz bolganda boluy mumkin…
Delhi
интернетте көз тию мүмкін емес, ал көзі бар адамдар көп қой. соның ішінде көк көздерден сақтасын деп жатады ғой
omarbirat
Суреттен дуалап жатады. Соған қарағанда, бәрі мүмкін.
asaubota
сонда қалай болады екен процесс? жындарға айта ма «ептібайымайттар мына суреттегі адамды дұрыстап қарап алыңдар да барып соны жынды қылыңдар» деп бұйыра ма екен?
urimtal
Zere, осы жазбаң Азаттыққа да шығыпты ғой :) Жаңа байқадым. Құтты болсын!
Zere
Қайдам, сол жақтағы аудиториядан қорқам өз басым ))
muza
Аудиториядан ба сиз бен биз сиякты ащы тилди окырмандардан ба?
Zilola
әр адамда энергия болады, көз тию деген сол энергия арқылы болады.
Ал түріктердің лентасына келсем, ол тек пәк келінге байланады па-моему :)
Delhi
Енді сонда өзімізше болып, адемі түскен суреттерді қояға қорқатын болдыққо))))
Zere
Қазір фотошоптың дамыған заманында бәрінен қорқу керек. Интернетте әртүрлі адамдар жүреді. Саған біреудің суреті қызық болмаса, басқасына қызық болуы мүмкін. Оның ойында не бар екенін қайдан білесің? Очм, сақтансаң — сақтайды деген атам қазақ )
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.