Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)

Армысыңдар, достар!

Осы аптаның тақырыбына сәйкес, «5-сыныптан кейін математиканы өмірде қолданасыз ба?» деген сауалға математикаға тікелей қатысы жоқ кәсіп иелерінен жауап алу қызық болды. Оған қоса, кейбірінің математикаға жақындығын кішігірім тест арқылы сынауға болады.
Сонымен, екі сұрақ, үш есептен тұратын 5-8 сынып бағдарламасынан алынған төмендегі шағын тест жасалды.

Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)

Кездейсоқ кезіккен жолаушыдан бастадым.
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Тыныбек, 52 жаста, жанармай құюшы:
«Біздікі сол құйылған литрды есептеу мен ақша санау. Оның өзін автомат пен калькулятор өзі есептейді. Математиканы сұрайтын адам емеспін-ау, сірә. Бізге аса қажет емес».



Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Ануарбек, 56 жаста, металл жонушы:
Станоктың қасынан кете алмайтынын, уақытының тығыз екенін айтып: «Сұрағыңды қоя бер!» — деді. Сұрақты ести сала, гүрілдеген қондырғының шуымен жарысып шыққан даусынан естігенім мынау болды:

«Математикаңның бесінші сыныптан кейін керегі жоқ. Қосуды білсе, алуды білсе — болды! Не керек баланың миын ашытып? Оқып-оқып, Асқар Жұмаділдаев сияқты қуып кетем десе, оқымыстыларды жинап алып бөлек оқытсын. Маған штангенциркуль бар, жетеді сол да. Кейбіреулер саусағымен, жұдырығымен көрсетеді „жуандығы мынадай болсын“ деп. Әркімнің қолы әртүрлі ғой!»

Кей мамандарға кедергі келтірмеу үшін бірнеше сағат бұрын келісіп алу керек болды.

Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Берік, 47 жаста, жансақтау бөлімінің дәрігері:
«Арифметика керек, енді. Ал алгебра мен геометрия жайлы айта алмаймын. Біз, математика дегенде, көбінесе, дәрілік препараттардың қажетті мөлшерін өлшегенде, науқас салмағына шаққандағы пропорция, процент ұғымдарымен және статистикалық деректерді есептейміз. Сол ғана. Ал мына есептерді мектептің кезінде білгенмін, қазір ұмытып қаппын».


Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Пернебек, 60 жаста, есепші:
"Әлбетте, керек! Көптеген формулаларды күнделікті қолданамын! Қане, есептеріңді көрейік!"
Пернебек аға есептерді мұқият қарап, шығаруға тырысқанымен, біреуінің де шешімін дұрыс таппады, кілең жобамен ұра берген. Дебет пен кредитті келістіруде бұлай жаңылмайтынына сенгім келеді.

Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)Мират, 32 жаста, жолсерік:
"Өй, математика «строительдерге» болмаса, бізге керегі жоқ. Ал мына есептерің қиын екен. Кезінде есепті қатты шығаратындардың бірі едім. Одан бері неше жыл өтті. Қалды ғой бәрі де. Ақша санауды білеміз әйтеуір".


Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Жансая, 25 жаста, азық-түлік дүкенінің сатушысы:
«Маған математика жұмыста керек емес. Калькулятор бар ғой».

Қолымдағы қағазға сығалап тұрғанын байқап, тест-парағын қолына ұстаттым. Нәтижесінде, үш есепті бес минутта шығарып тастады. Ал 2 сұраққа жауап бере алмады.
«Мәссаған, есімде қапты ғой қайта бірдеңесі!»


Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Ғани, 51 жаста, аудандық мешіттің наиб-имамы:
«Математика зекетті есептегенде, жоғарыға есеп бергенде қажет маған. Яғни, қарапайым арифметиканы ғана қолданамын. Ал мына тест жауаптары шынымды айтсам, есімде жоқ. Бірақ, бұл алгебра-геометрияның бізге қажеті жоқ деген сөз емес. Егер біз бесінші сыныптан кейін математика оқымасақ, онда қарапайым арифметиканы да осы уақытта ұмытып қалар едік. Бесінші сыныптан әрі қарай бала құр әншейін оқымайды, оған дейін оқып-білгенін әрі қарай қолданады ғой. Мысалы, алгебра мен геометриядан оқығанымызды да солай, бірнеше жыл бойы бір себепке қолдансақ, ол да жатталып, есте сақталар еді».


Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Берікбол, 39 жаста, етікші:

«Дәл етікшіге керек емес. Мысалға, мені алайық. Кендіржіп, шеге, шикізат — бәрін жобамен, „опытыма“ сүйеніп ала беремін. Бірақ, басқаларға керек, әрине. Білім ешқашан артық болмайды. Бесінші сыныптан кейін де, лажы болса, оқыған дұрыс математиканы. Бесінші сыныпта ешкім келешекте қай кәсіп бұйыратынын білмейді ғой!»
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Берікбол тест парағына қарады да, бір сәт әлемнің құпиясын жасырған көне иероглифтерді көргендей болды.
«Мыналарды шығара алсам ғой...»— деді.
Есепті біліп тұрып, математиканы жек көретіндерді білемін. Ал Берікболдың, есепті шығара алмаса да, математикаға осындай тамсаныспен қарағанына риза болдым. Уақытында дұрыс мұғалім кезікпеген-ау, әлде «жасымда ғылым бар деп ескермедім» дегеннің кері ме екен?!


Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Қанат, 40 жаста, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

«Менің ойымша, мектеп бағдарламасын кім болса, сол жасамайды. Оны да ғалымдар бірлесіп, ақылдасып, сынақтан өткізіп, балаға игере алатындай етіп береді. Бүгінгі стандарт сонау Кеңес Одағы заманынан келе жатыр. Жалпы, ғалымдар бұл жағын ойлап, зерттеп, өз нүктесін қойған сияқты. Мысалға, мектепте 128 мұғалім бар, 1352 сағатты бөлу керекпін оларға. Жұмысымның бәрі математика ғой менің!»
Дегенмен, Қанат мен ұсынған мини-тест тапсырмасының біреуін де шеше алмады.
"Ғалымдар өз нүктесін қойды" деген сөз, «математиканы үйрету жүйесі енді бір елі де алға жылжымайды» дегенді білдірмесе екен.


«Осы менің мини-тестім тым қиын емес пе екен?» деген оймен, математикадан мықты бір оқушыны бес минутқа босатуын сұрадым.
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)

Оқушылардың жасы тым кіші болды, ал 7-8 сыныптар түске дейін ғана оқитын болып шықты. Тест парағын 10-сынып оқушысы — Бақбергенге сынаттық.
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Бақберген үш есепті үш минутта шығарып, гипотенузаның не екенін айтып, 7-сынып бағдарламасын әлі ұмытпағанын көрсетті. Тек, «параболадан» шатасты.


Қош. Нәтижеге қанағаттанып, аудандық спорт мектебіне қарай жүріп отырдым.
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Кешқұрым залда жаттықтырушылар көрінбейді. Бірен-саран күресші бала ғана бар екен. Кенет ауыр атлетика залынан дауыстар шықты.
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Коля ағай шәкіртіне бір-екі нұсқау берді де. Назарын маған бұрды.
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
«Коля ағай, ауыр атлетикада математиканы қай кезде қолданасыз?» — дедім мен, құдды өзім де білмейтіндей.
«Математикадан бізге керегі — арифметикалық прогрессия ғана. Мысалы, бір жылда 20 келі қосу үшін аптасына қанша қосу керегін есептеу керек болады. Ал қалғаны — анатомия...» — деді ауылдың жас зілтеміршілерін дайындайтын Қалдыбек ағай. Коля ағай әлгі тестке шұқшиып біраз отырды да, тіктөртбұрыштың периметрін ғана тапты. Сонда да "ұрып" тұрсыз, ағай!


«Осымен болар» деп үйге қайтып келе жатып, жол бойындағы компьютер клубына соғып, иесімен кездестім. Иә, оған да математика туралы сұрақ қою мүмкіндігін жібермедім. Жоспардан гөрі, инерциямен кетіп қалды.
Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Жәнібек, 29 жаста, жеке кәсіпкер:
«Математика клиенттердің қалған уақытын есептеуге керек. Мысалы, одан бөлек, кейбір мәселелердің логикалық шешімін табуға керек. Отыра қап, мектепте өткен туындылар мен интегралдарды қолданбаспын-ау, бірақ логикалық ойлау, бірнеше қадам алға жоспарлау қабілеті жоғарғы сыныптардағы есептер арқылы жақсы жетілетін сияқты».

Блог - Gastarbaiter: Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)
Жәнібек есепті ұзақтау шешті. Бірақ барлығына дұрыс жауап берді. Кім білген десейші?!



Бұдан «Пифагор таблицасынан артығы — артық» деген қорытынды шыға ма? Әрине, жоқ. Онда неге алгебра мен геометрия білімін өмірде қолдана алмаймыз? Әлде бұл елден ерек туғандардың қабілеті ме?
Әрине, кез келген ғылымды өнер деңгейінде меңгеріп, жаңалықтар ашу үшін туа бітті данышпандық керек-ақ.
Бірақ, мәселе жалпыға бекітілген орта мектеп бағдарламасына келгенде, мен кінәратты сабақ беру тәсілінен іздеймін.
Елестетіңізші, балаға әуел баста қызық болған, түрлі-түсті суреттері бар, әлеммен байланысы әлі үзілмеген арифметика кенет, құрғақ концепциялар мен маңызы беймәлім формулаларға алмасады. Мүмкін, бізге бір шешілуі қиын өмірлік мәселені алдымызға қойып, сонсоң оның математикалық шешімін үйретсе, математиканы жақсы көріп кетпес пе едік?!

Өкінішке орай, қазіргі математиктер алгебра мен геометрияны оқушыға теориялық түрде, барынша абстрактілі пайымда үйреткісі келеді. "Өзіміз де солай үйрендік!"— дейді олар.
Бәрекелді! Дарындыларды ғана үйретіп жүре берейік онда!
Меніңше, біздің «бұғалтырдан» бастап, «завучтарымызға» дейін периметрді білмей, қарапайым арифметикалық теңдеуді шеше алмағаны да, математиканы бастауыш сыныптан әрі қарай оқудың жалғыз мотиваторы — "ҰБТ тапсыру" болып тұрғаны да — кемінде, біртүрлі жағдай. Соқырдың көзсіз өмір сүре алатындығы, оған көздің қажеті жоқтығын білдірмесе керек-ті.
Банк махинацияларын, мысалы, 10 адамның қаншасы түсінеді?
Жоғарыдағы кейіпкерлеріміздің жабылып жеткізе алмай отырғаны:
— Маған классификацияларың да, теңдеу-теңсіздіктерің де, синус-косинустарың да — «беш» тиын! Маған шынайы әлемдегі, шынайы мәселелерді шешетін математиканы беріңдер! — деген ой сияқты.

Ендеше шыныңызды айтыңызшы, бесінші сыныптан кейінгі математиканы қалай қолданып жүрсіз?

Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    58 пікір

    MERmukhanov
    маған классификацияларың да, теңдеу-теңсіздіктерің де, синус-косинустарың да беш тиын. Маған шынайы әлемдегі, шынайы мәселелерді шешетін математиканы беріңдер.

    я тоже!
    zholantai
    геометрия сабағы 7-ші ме, 8-ші мен сыныпта басталады ғо, сол кезде мұғаліміміз: геометрияны білу — бильярдты жақсы ойнау үшін қажет болады деп геометрияның алғашқы сабағын бастаған болатын
    Мәселен, бізге бір шешілуі қиын өмірлік мәселені алдымызға қойып, сонсоң оның математикалық шешілу тәсілін үйретсе, кенет оны жақсы көре кетпес пе едік?
    осы сұрақты алгебра-геометрия пәнінен сабақ беретін мұғалім апайға үнемі қоятын едім,
    бір заңдылыққа қатысты тақырыпты түсіндіріп, формуласын жазғызып, соған мысал есептер шығарған кезде: енді осы формуланы өмірде қандай жағдайда қолдануға болады? деп сұрайтынмын, универді жаңа бітіріп келген жас маман ғо, маған қарап күліп тұрып: Жәнібек, осы сұрақты да өзіме-өзім қоямын, бірақ дені дұрыс жауап таппаймын дейтін, білімсіз ұстаз емес еді, формулаларды, түрлі алгебра-геометрия заңдылықтарын жатқа соғатын, оқулықтарды берілген есептерді де жақсы шығарытын, бірақ өмірде қандай жағдайларды қолдануға болатынын айта алмайтын, өйткені универде оны оқытпаған, түсіндірмеген,
    демек, ЖОО-да педагог даярлауда осыны оқытпаған соң, мектеп оқушысын қалайша ондай тәсілмен оқытсын?! біздегі білім беру жүйесінің астан-кестеңін шығарып, төңкеру ғана жағдайды реттейді ме деп ойлайм,
    жоғарыдағы есептерді шығарғым-аө келіп, қағаз бен қалам іздеп отырм, дәл қазір жоғын қараш, экраны сенсор смарт та, таблет де жоқ боп тұрғаны-ай,
    zholantai
    қағаз бен қаламды керек етпейтін есеп болғанымен де қаламмен қағазға есептің шешілу жолын жазуға деген ықыластың сұмдық болып отырғаны
    Gastarbaiter
    Сабақты жақсы үйрету үшін мұғалім сабақты жақсы көру керек деген ұғым бар ғой. Міне, сол математика, химия, физика сияқты қиын пәндерге келгенде, бұл тұжырымның өзектілігі әсіресе күшейеді.
    Соңғы түзету:
    zholantai
    айтпақшы, мына қаңылтырдағы визитка — нағыз креатив екен, ұнады, адми.ру -ға лақтырғым келіп отырғаны, қаріп түріп айтсайш, нағыз үйлесім,
    qonyrbai
    Ғани ағаны танимын. Оқшы атада имам болған.
    RaushanBazarbay
    2006 АҚШта болғанымда сол жақтың Мин образованиясымен кездесу болды, сонда біз қазақстандықтар оған сұрақ қойдық, орта білім алу сіздерде неше жылға созылады деп, сонда ол былай деп жауап берди: бизде 9 жыл мектеп сосын 3 жыл колледж, сонда екеуін қосқанда… деп біраз ойланып тұрды да, біздің таң қалысымызды көріп дереу калькуляторды алып екі санды қосып 12 жылдық білім беру жүйесі бізде деп жауап берді. Білім Министірінің өзі кәдімгі арифметикадан бей хабар болғаны ғой сонда. Ал біз Асқар Жұмаділдаевпен мақтанамыз!
    AKY
    Мықты бизнесменге респект!
    asaubota
    өзімізге білінбейтін шығар, бірақ негізі көп қолданамыз математиканы
    asaubota
    бірақ иә сол 5-ші сынып бағдарламасы ғана екен ғой…
    Tyulpan
    математикадан репетиторға барғым келіп жүргелі біраз болды) бір барам ғой)
    Tyulpan
    бұрын дұрыс мән бермегеннің есесін қайтару ма. математика білетіндерді қатты сыйлаймын
    asaubota
    Математиканы 5-сыныптан кейін тек тереңдетіп оқытатын мектептер ғана оқытсын деген ұсыныс тастап көреміз бе? >:d<
    Gastarbaiter
    Ойымды дәл түсініпсің.
    Егер мен оқырманды ойландырғым келмесе, респонденттер пікіріне қарап «ЕШКІМГЕ КЕРЕГІ ЖОҚ» деген қарабайыр қорытындымен аяқтар едім.

    Бірақ мұнда «керек емес» не «керек» демес бұрын ескеретін бір-екі маңызды шарт бар екенін, және оны көріп тұрып айтпаса, сөздің атасы өліп, жазбаның қарабайыр базар-вокзал әңгімесіне айналатынын сезем.

    Түрік лицейлерінде математиканы күшті оқытад дейді ғой, рас па?
    Anar70
    енді Түрік лицейінде шетінен, маңдайларынан шертіп тұрып таңдап алған балаларды оқытады ғой))))))
    Gastarbaiter
    Түрік лицейінің талаптары бар. Бірақ маңдайынан шертіп тұрып таңдалған деген миф сияқты. Сосын, математикадан мұғалім ер адам болғаны дұрыс сияқты. Әйел адамнан қиянат көргем жоқ, бірақ ер адамды қыздар да, жігіттер де мұқият тыңдайды. Ал әйел адамды көбіне қыздар жағы қабылдағысы келмейтін сияқты.
    Математиканы жұртқа жеккөрінішті ететіні онда көбіне бір ғана дұрыс жауап болады.
    Әрине, бірге бірді қоссаң, он бір боп шығатын модулярлық арифметиканы есептемегенде.
    Көбісі қателесудің стрессін көтере алмайды.
    zholantai
    иә, математиканы ер мұғалім оқытқан дұрыс, жалпы жаратылыстану-техникалық пәндер деген әйелг адамға жат па дейм, стереотипімдісссс
    AKA
    Джынды жазба шығыпты. ;g Есепті жақсы көрем, мектеп бағдарламасын ұмыттырмайтын інілерім бар. Сабақ сұрап хабарласқанда, кейде тіпті сағаттап отырып есеп шығарамыз. Соңғы кезде өздерің жазсаңдаршы деп ұрсып қоятын болдым :*))

    Gastarbaiter
    Әтліншік болдың ба?:*))
    AKY
    Оп-оңаййй есептерді шығарып тастап мәз болуын :*))
    "Құрылыс" мамандығын биыл ғана бітірген студент үшін бұлар бұйым болмау керек әлбетте ;)
    Gastarbaiter
    Калькулятор, гугл қолданды ма тағы кім білед, ыха-ыха
    AKA
    Әдейі мамандығымды жазбай кетіп ем :*)) :*)) Осындай жазбалар найт, бірдеңелерді шимайлатып, оқырманды қызықтыра түсетін. :) Бірақ, 1-курста өткен матрицаны жарысып шығарсақ та, есімде онша қалмапты.
    MERmukhanov
    парабола салынуы дұрыс емес
    Парабола у жазықтығында нөлден төмен түспеуі тиіс :*)):*)):*))
    иә, иә, занудамын.)
    AL-ASTER
    Талпынысым болса да, математиканы мен мектепте өте нашар білетінмін, кенет программалаудан олимпиадаға катысатын кезде өзіме қажет болады-ау деген тақырыпты интернет арқылы меңгердім. Себебі, программалау тілі мен алгоритміді жақсы құратын қабілетінім, алгебралық формулаларды білмесем, жарамсыз болып қалады екен. Нәтиже бар. Орын алдық қой. :)
    Бәрібір, менің мұғалімдердің математика оқыту әдісін ұнатпаймын. Нүкте. :)
    GALEKE
    Пікірім посттан да ұзақ болып кетер-ау. Сонда да, кеттік. Бірінші, әлгі завучтың бұрынғы совет мектебінен келе жатқан жүйе дегені өтірік. Қазір басқа әдістемелермен оқытады. Ал ол түсініксіз, қыртыма. Асқар Жұмаділдаевтың сол методиканы қайтару керек деп еңірегенде етегі жасқа толып жүргені содан. Жақында соны тағы бір танысым нақтылай түсті. Математикадан баласының үлгерімі нашар болып кеткен. Қарса оқулық құсық. Дереу анасының (анасы МГУ тәмамдаған математичка болыпты, марқұм) ескі кітаптарымен түсіндіре бастаған. Нәтиже супер! Баласы озық математик болып шыға келген. Екінші, ой еңбегімен айналысатын, аналитикалық қабілетті дамытуды қажет ететін салалардың барлығы үшін мектеп қабырғасында математикалық білім терең, мықты болғаны абзал. Сол үшін болашақта керек, керек емес деп бөлмей, методиканы жақсылап жасап, барлығына бірдей мықты білім беруге тырысқан жөн. Үшінші (екіншімен үндес) математика тек математиктің ісі емес. Оның жалпы нақты білімдер үшін пайдасы теңіз. Дәлел ретінде тарихқа аздап саяхат жасайық. Кезінде Сингапур жаңадан тәуелсіз ел болып жатқанда Ли Куан Ю қытайлардың сауаттылық деңгейін көтеру үшін мектептерде математика пәнін ерекше, көп көлемде оқытуды қолға алған. Нәтижесін қарап көр. Сингапур нақты ғылымдарда, технология саласында керемет жетістіктерге жетіп жатыр. Екінші тарих, Үндістанды отарлап отырып ағылшындар үндістердің жоғары білім алуына кедергінің түрлі әдістерін қолданған. Соның бірі түсу емтихандарында математикадан тапсырманы ерекше қиындатып жіберген. Құқығың тапталып жатқан жоқ, тек тапсырманы орындасаң болды деген қулық қой, типа. Ал үндістер соған тырысып, қалай болғанда да талапқа сай болғысы келіп, математикалық білімдерін жетілдіре берген. Нәтижесін айтып жату артық шығар. Бүгінде әлемде үндіс программисттері жайлы білмейтін пенде қалмаған шығар. Төртінші, жеке тарихым. Алгебраны енді бастап жатқанда мұғалимам миғұла болды. Заочный бітірген екен, төсекте де заочный бітіргір. Миын қозғағысы келмесе берілгені дұрыс емес деп қоя салатын. үйде анам шығарып беретін ылғи. Совет мектебінің түлегі ғой. Соноу мектепте қалған фундаменті бізді мектеп тәмамдатуға жетті. Нәтижесі мынау, қазір математикадан тек арифметиканы қағамын, болды.
    П.С. Иә, иә, бітіріп жатырмын. Автордың ізденісі, тақырыпқа қадамы ұнады. Бірақ, бір бірақ қалып кеткен сияқты. Қарапайым математик еместермен бірге бір күшті маманның да көзқарасын сұрап көргенде, оның қажеттігі немесе қажет еместігі жайлы пікірін ұсынғанда кемел дүние болар ма еді деген бір тойымсыздық болып қалды.
    Gastarbaiter
    Ғалым, сонша адамнан сұрағанда және тақырып математика боп тұрғанда, математикпен сұхбат алу бірінші ойға келмеді деп ойлайсың ба сонда?
    Келді. Бірақ, қалай келді, солайымен кетті. Тізесі шыққан тірлік өзіме де қызық емес. Дәлелденген нәрсені мыңыншы рет мыжғылап қайтемін жоғарыдағы сен сияқты :*)):*)):*))
    Себебі, математиканың технарь болу үшін және жалпы өмірге, жалпы индустриялық даму үшін қажеттігін күмәнға алудың өзі күлкілі. Оны жоғарыдағыдай дәлелдеуге тырысу екі есе күлкілі.
    Әу, бастан математикаға тікелей қатысы жоқ адамдарды таңдағаным да содан.
    Жазбаны, мұқият, әр әрпіне мән беріп оқуыңды өтінемін. Ерінбей, қорытындысын тағы оқып шық.
    GALEKE
    Рахмет Брат! Барлығын оқып шықтым. Жәй, жиі естіп жүрген тема болған соң мына дүние под ыстық қол түсіп қалды да. Ләйлім шырақ содан болды а так. :d Негізі күнделікті өмірдің өзінде тікелей есеп болмаса да кезіндегі математикалық білімнің шешім қабылдауда пайдасы зор болады. Обшым қалай болғанда да дұрыс оқыту керек бәріне. Менің ойым осыған саяды.
    Olzhass
    Математика пәнін оқушының болашақта қандай мамндықты таңдағанына қарамай оқытылуы тиіс пән деп есептеймін. Оқушы мектепте математикадан қарапайым, күрделенген есептерді шешіп дағдыланса, есейгенде өмірінде алдынан шығатын мәселелерді де шешуге жақсы бейімделеді дген ойдамын.
    satibaldi
    Түбінде өлетін адамдардың ізденгенінен басқа аянышты көрініс жоқ шығар:*)):*)):*)) Мұның барлығын не істейсіңдер?:*)):*)):*))
    sammita
    математика ұнатпайтым пәнім болды. Пәннен бұрын апайды ұнатпайтын едік. сондай((((
    мына 1,2, 5 есепті ғана шештім)
    қазіргі заманда есепті пайдаланбау мүмкін емес: айлық, пайыз, банк, коомуналдық қызметтер, кредит, валюта дегендей) оған шүкірміз.
    satibaldi
    Өтірік айтпаш, шұжық аларда «мынандай кесіп бер» деп, білегіңмен көрсететінің көрген адамдар бар :*)) :*)) :*))
    AKY
    :*)):*)):*)):*)) смайликтер қайдааааа :(
    Gastarbaiter
    Дәл. Ыхы-хыхы.
    sammita
    Кейбіреулер саусағымен, жұдырығымен көрсетеді „жуандығы мынадай болсын“ деп. Әркімнің қолы әртүрлі ғой!»
    :*)):*)):*))
    Aya
    Ұнады, кілең мықты шетінен:)
    zholantai
    бүгінгі пікірлерің мамыққа айналып кеткені нес екен ;)
    Simona
    1 мен 5тен басқасын бiлмейдi екем ((
    AlmasNakhypbek
    Ойыңа келген мына идеа, яғни осы материалды жасау — джынды екен. Құрмет! )
    a63a1
    Баскасын кайдам, бирак курылыста кажет екени акикат
    MERmukhanov
    Бәрін щығарып тұрм а так)
    VKM
    мақтаншақ))))
    MERmukhanov
    Тікпейді. Солай атай бер.
    Шығарып тұрмын.
    VKM
    мәссаған, ренжіп қалдың ба? Оңаааайй есептер ғой
    MERmukhanov
    жоқ, неге ренжиін?
    қазақтар санасы үшін мақтаншақ екенім рас қой)

    есептер оңай, иә)
    Gastarbaiter
    21 ғасырдың көш тасшысы шешпесе қайдам енді :-)
    Adiletshu
    Мектепте математиканы жақсы оқыдым. Олимпиадаларға қатыстым, орын алдым. Университетте математика болған жоқ. Мұғаліміміз мықты болатын. Бір рет кездейсоқ кездесіп қалып, әңгіме барысында мені заоччно түсіп алып, і мектепке математик боп кел деп шақырды.
    Nodar
    Мынаны шығара алсам ғо деген ағай сияқтыларды жақсы көрем. Сондай типтегі адамдарды. Жақсы адамдар. Сол есепті шығара алуы керек, аяқ киім жөндеуші ағайлар шексіз құрметтейтін ана білім үйінің адамын айтам-ау. Қандай ұятсыз, жиіркенішті.
    Nodar
    Білмеймін, бірақ математиканы өмірде керек емес дейтіндерге жыным келеді.
    Оларға салсаң, әдеби кітаптың, астрономияның, физиканың өмірде қай-қайсының да қажеті жоқ. Бірақ оларды міндетті түрде болашақта осылармен ақша табам деген арам оймен оқымайсың ғо.
    Адамда білуге, табиғаттың сырын түсінуге деген құштарлық болуы керек ғо.
    Егер тек өмірге қажеттіліг арқылы бағаласақ, ешнәрсе оқымай, ізденбей өмір сүрейік
    Gastarbaiter
    Жазба мақсаты сұраққа нүкте қою емес, пікірлеріңізге рахмет.
    Бұл жерде мәселе адамға жеме-жемге келгенде алдымен өмір сүруіне қажетті дағдылар керек, оны қатырған соң барып, әрі қарай өзіңді жетілдіру, миға тюнинг жасау, таным сияқты мәселелер туа береді.
    Менің түсінігімде білімді адам миллиардер боп кетпесе де, сол алған білімі арқылы өзін өзі қамтамасыз ете алуы керек.
    Егер өмірге қажеттілік қанағаттандырылмаса, табиғаттың сырына түкіргені бар адамның. Тіпті сенің де.
    Аралда дымсыз қалсаң, ең алдымен сен бұл әдемі пейзаждың сұлулығын тануды емес, қай жерде су бар, қай жерде жемтік бар, қай жерде қауіпсіз ұйқтауға болатын таса бар екенін анықтап аласың. Олай етпесең, өзіңді генофондтан сызып тастай беруіңе болады.
    Nodar
    утрировать еткенді ұнатасыз, ә? Аман қалуға, нан тауып жеуге кез-келгеннің басы да, дағдылары жетілген ғо. Менің айтпағым просто білуге құмарлық. Ол жақсы зат, білуге деген құмарлығы ақша табу, біреуден озу, ақылды көріну сияқты мақсаттардан емес, білсем, түсінсем деген оймен ұмтылыс туралы айтқам
    Gastarbaiter
    «Аман қалуға, нан тауып жеуге кез-келгеннің басы да дағдылары да жетеді» ??? Мен емес, сіз сияқты утрировать етіп отырған.
    «Егер тек өмірге қажеттілік арқылы бағаласақ» -дейсіз.
    Білуге құмарлықтың екі түрі бар. Любопытство және любознательность. Осы екеуінің аражігі біреу.
    Соңғысы өмірде керегі боп қалуы мүмкін, ал біріншісі өмірге қауіпті болады, Дарвин сыйлығының лауреаттарынссс.
    Ал білімді «білсем», киноны «көрсем», көйлекті «кисем» деген оймен киетінін енді түсіндірудің қажеті жоқ деген ойдамын.
    Сонда да рахмет, Кэп.
    Мыжыңбай деп мені жек көріп, теріс батаңызды беріп, көрмей кетерсіз бәлкім, бірақ айтпаса, сөздің пақаны өледі.
    Сіз білімнің сауықтық жағын айтып отырғаныңызды "ә" дегеніңізден түсініп отырмын. Тек адам өзінің басым көпшілігінде приоритетті сауықтық білімге емес, шұғыл қажетті білімге қоятынын айтудың өзі артық.
    Nodar
    Білгеніңмен ақша таппасаң, онда сен бейшарасың деп ойлайды ғо.
    Оқымай-ақ бай болғандарды алға тартады.
    Ал оқып бай болғандарды, оқып адамзатқа пайда әкелген ғалымдарды неге айтпайды.
    Nodar
    Мен за білім, за математику.
    Gastarbaiter
    Жалпы білім мен «аман қалу инстинктін» бөлек қарастыруға болмайды. Себебі, ғылым тұрғысында адамның миының хайуандардан артық жетіле бастауының өзі жыртқышқа оңай жемтік болмауға тырысу, азық-түлік және басқа да тіршілік пен қуат көздерін табуға тырысудың, қысқасы табиғи бақталастықтың нәтижесінде дамыды.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.