Ұмытуға бола ма?

  • Автор


От жүрегім өртеніп, маздайсың-ау түнде,
Сағынып жүр екен деп, жазбасың-ау мүлде.
Сені ақылды деуші едім, ұқсатушы ем гүлге,
Араласып бұлттармен кеттің-ау бірге.

Өз жүрегін жұбатып, өзге жанды жылатып,
Ұмытуға бола ме екен, бола ма?
Ол жақта бəрі дейді ғой,
Қысы да жылы жаздайын.
Бəрін де түгел жазғайсың, жақсы ма қазір жағдайың?

Көзіңдегі қайтейін, арман тұнған көлді,
Сен аңсатқан күндердің енді.
Сен келердей таусылып атқызамын таңды,
Сағынышым өзіңе өшпейді мəңгі.

Өз жүрегін жұбатып, өзге жанды жылатып,
Ұмытуға бола ме екен, бола ма?
Ол жақта дейді ғой.
Қысы да жылы жазайын,
Бəрін де түгел жазғайсың, жақсы ма қазір жағдайың?



P.S. Бұрын студент кезімде үйде отырсам бір машина өтті. Осы әнді қатты етіп қойып қойған екен. Атын да басқасын да білмеймін тек есімде қалғаны:
"… Ол жақта бəрі дейді ғой
Қысы да жылы жаздайын,
Бəрін де түгел жазғайсың, жақсы ма қазір жағдайың?...", дауысы Досымжан Таңатаровтікі. Әдемііі ән, бірақ ішінде бір мұң баррр… Қалғанын тыңдап көрмек ниетпен естіп қалған сөздерімді жазып интернетті ақтардым, таба алмаймын. Бір уақыттары Досымжан Таңатаровқа звондап сұрамақ та болдым. Бірақ сәті түспеді. Алайда әрдайым ойымда жүретін. Содан араға 3-4 жыл салып әріптесім Клара жақында Досымжан Таңатаровпен сұхбаттасуға бара жатқандығын біліп, осы әнді алып келуін аманат етіп жібердім. Сөйтсеееем, әннің аты "Ұмытуға бола ма?" екен. Атын жазсам интернетте тоооолып тұр. Атын білмеу деген осы екен...



Әдемі ән, бірақ ішінде мұң бар… Неге екенін… тыңдаған сайын жылағым келеді…


Ұқсас посттар

5 пікір

Gastarbaiter
тарихын жазсаң күшті болар еді.
Arys_arlany
қысы жылы, бұл Шымкент қой дееееп, шымкентшілігім ұстап кетті бүгін
zholantai
Босаңсытады. Студент кезімде жиі тыңдайтын едім
AKY
Өлген адамға арналған деп ойлап жүрм, тарихын жазсаң, расында да
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.