#МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallenge

Блог - abzalsariyev: #МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallengeӘлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қолданушылар оған белсенділік танытып жүрген қызықты флэшмобтар баршылық.
❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅ ❅

Соның бірі — #МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallenge (қазақшасын өзім аударып алдым, кімге қалай ұнайды?)
Твиттер әлеуметтік желісінде #icebucketchallenge хэштегі бойынша жазылған твиттердің саны әрбір секунд сайын артуда.
Фэйсбук те құр қалар емес. Аталған хэштег бойынша жарияланған посттар мен видеолардың тізбегінде шек жоқ.
Флешмоб ережесі қарапайым:
камера алдында мұз салынған шелек суды алдымен үстіңізге сосын ол видеоны интернетке "құйып", келесі біреуден бұл шараны жалғастыруды сұраңыз. Болды
Енді осы шараның тарихына үңілсек...
Блог - abzalsariyev: #МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallenge
1985 жылы негізі қаланған ALS Association компаниясы әлеуметтік желілерде адамдардан мұз қосылған суды құйынуды немесе амиотрофикалық склероз ауруына қарсы қайырымдылық шараға қатысып қаржылай көмек көрсетулерін сұранған.
Бертін келе бұл шара аса жоғарғы танымалдылыққа ие болып, қазірде жаһандық желілерде жалындап тұрған қуатты шараға айналды.
Әлемдік деңгейде үрдіс алған бұл флешмобты атақты Криштиану Роналду, Марк Цукерберг, Билл Гейтс сыңды саңлақтар орындап жатқанға ұқсайды. Әуелі Марк Цукерберг фэйсбуктегі өзінің парақшасына Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 19:06 да мұзды су құйынған видеосын салып Майкрософт атасы Билл Гейтстен оның орындалуына 24 сағат берген болатын. Абырой болғанда бұл тапсырманы ол кісі орындады. Орындағанда да қалай орындады)

Күшті ма?


Елімізде де бұл акция өз жалғасын тапты. Әйгілі тележүргізуші, журналист, блоггер Маралбек Сағынғанов (Marco брат) жаңалықтар тізгінін жүргізіп отырған студияда атышулы «салқын» салтты (Меніңше елімізде ең алғашқы болып) орындады. Ережеге сай Маралбек эстафета таяғын Есен Елеукен, Мұрат Әбенов, Илья Ильиндерге тапсырған болатын. Естеріңізге сала кетейін, Маралбек құйыну барысында аты аталған оппонеттерге 48 сағат уақыт берген болатын. Алайда, тапсырма орындағандардан тек Есаға жарап тұр.
ВИДЕО: МАРАЛБЕК пен ЕСАҒАНЫҢ «мұзды суды шелектеп құйынуы»…


Қызық па?
Сіз де осындай шараға қатысқыңыз келеді ме?
Онда Сізге керегі:
1.

Шақырту алу (Challenge)

Блог - abzalsariyev: #МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallenge
2.

Виедокамера табу

Блог - abzalsariyev: #МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallenge
3.

Шелек

Блог - abzalsariyev: #МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallenge
4.

Мұз бен Су

Блог - abzalsariyev: #МұздыСуҚұйыну немесе #IceBucketChallenge

Атаулы флешмобтың ережесі бойынша Сіз басқа біреуден (кез-келген жаннан) үстіңізге мұзды су құйыну жайлы шақырту алуыңыз немесе өз бетіңізше камера алдында осылай мұзды суды «пісмілләңізді» айтып құйынып, бұл эстафетаны жалғастыруды келесі (көңіліңізге жақын) 3 адамға тапсырыңыз.
Шарт орындалмаған жағдайда Сіз өзіңізді қайырымдылық шараның басты қаһарманы деп санай беріңіз, себебі: әлгі «жанаяр» — талқыға салынбайтын мына флешмобтың қатаң шарттарына сәйкес, науқас жандарға қаржылай көмек көрсетуі шарт. (Сол сәттегі видеоны да сұратып қоймай қойыңыз )

Іске сәт! Тапсырманы Сіз де орындап көруге қалайсыз?

Бөлісу:

32 пікір

asaubota
мұз қосылған суды құйынуды немесе амиотрофикалық склероз аурына қарсы қайырымдылық шараға қатысып қаржылай көмек көрсету
ken
Шарт орындалмаған жағдайда Сіз өзіңізді қайырымдылық шараның басты қаһарманы деп санай беріңіз, себебі: әлгі «жанаяр» — талқыға салынбайтын мына флешмобтың қатаң шарттарына сәйкес, науқас жандарға қаржылай көмек көрсетуі шарт
сонда науқастарға қаржылай көмек көрсетпеу үшін мұзды сумен шайыну керек болып тұр ғой?)) дұрыс түсіндім бе?
Соңғы түзету:
abzalsariyev
Аверс пен Реверс қой баяғы…
SaryQazaQ
Қайырымдылық шараға қатысу емес, қайырымдылықтан қашу ғой
abzalsariyev
дұрыс жеткізе алмадым ә?
nb22
сол… түсініңкіремей тұрғанымыз
MERmukhanov
икс игректі жоққа шығармайды, керісінше, жауаптылық орнатады.
VKM
бұл эстафетаны жалғастыруды келесі (көңіліңізге жақын) 3 адамға тапсырыңыз.
автор кімге тапсырды?
abzalsariyev
автор мұзды су құйынған жоқ қой, ол қалай тапсырады???
ken
VKM, мен саған тапсырдым.
ken
егер шарт бойынша мұзды сумен шайынған адам науқастарға ақша аударатын болғанда осындай әлемдік белсенділік болар ма еді деген сұрақ қызықтырып тұр
Соңғы түзету:
Ispek92
Бұл негізі жай флэшмоб және бастысы назар аударту, ақша аударасың ба или(және, and) аудартып аласың ба ар жағы өз шаруаң деп ұғу керек-ау))))
ken
кароче далбаса тірлік))
asaubota
қайырымдылық ретінде өзі қалаған жерге ақша аударуға міндетті. және әрі қарай тарату және жұрттың бұл акцияға назарын аударту үшін су құю фишкасы қолданылады
AKY
Садақа тақырыбының посты ғой мынау))))))) Әлде олай емес пе?
abzalsariyev
қой иии, қайдағы, әлі жұма күнгі сағат 23:59 ға дейін уақытым бар)
zholantai
жылы суға мұзды салып, еримін дегенше құйып үлгеруге болады ма№ әлде мұз салған соң, күту керек пе?
abzalsariyev
«Мұзды су» болғасын судың температурасы дене түршіктірердей мұззззздай болғаны жөн-ау. Бірақ ешкім, ешқалай оны атап көрсетпеген сияқты)
omarbirat
Есаға 2 шелекті бір-ақ төңкеріпті ғой. Біреуі де жеткілікті еді негізі

Жоғарыда түсінбеушіліктер болып жатқанға ұқсайды, ақша аударғысы келмегендер құйына ма деп. Керісінше, шараны қолдап, садақа аударған адамдар құяды да, видеосын жариялайды. Мұны істемеген адам шарадан басын алып қашты деген сөз
omarbirat
Шакил О'Нил бір кесе су ғана құйынды
Gastarbaiter
Бір қасықпен құйыну ойға келіп еді, құрысын дедім.
omarbirat
Құйынды деп қоямын. Жалтыраған басына жаға-жаға салды
Қателесіппін:
www.youtube.com/watch?v=Xnezg6mIp0A
Соңғы түзету:
AKA
Мына жазбаны толықтырып тұруға қалай қарайсыз, Абзал мырза?  Маған кішкентай балақайлардың жасағандары сондай ұнады!
AKA
Айтпақшы, қыздар қауымынан қолдау білдіргендер бар ма? Блогтаймның жігіттері Марфуғаға эстафета табыстапты.
П.С. «Шығу» функциясын басуды мұткетіппін, аккаунтым онлайн қапкетіпті.
abzalsariyev
саған беру керек!
Anar70
Есағаларың мықты) үш пәшке мұзды суға қосқан)