Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!

Блог - ademi_alem: Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!Бір жыл бұрын Сіздермен өмірімдегі ең қуанышты сәттерімнің бірімен
бөліскен болатынмын. Жазбада қалдырған ақ тілектеріңіз қабыл болып, шамамен екі ай бұрын, 14 маусымда нәрестелі болдым.
Блог - ademi_alem: Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!
Аяулы жар болу бақыты бір басқа, ана болу бақыты бір басқа екен. Түнгі сағат оннан отыз бір минут кеткенде шыр етіп жарық дүние есігін ашқан Бексұлтанымды дәрігерлер кеудеме жатқыза салған кезде тәулік бойы толғатып, өмір мен өлім арасында болғанымды ұмытып сала бердім. Сол сәттегі сезімімді сөзбен айтып та, жазып та жеткізе алмаймын! Жер бетінде жалғыз өзім ғана балалы болғандай мәзбін!
Блог - ademi_alem: Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!

Блог - ademi_alem: Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!
Қырық шелпегіне дейін тәуліктің басым бөлігін ұйқымен өткізетін баламның жанына барып, қарап тұрам. Кейде ұйықтаған күйінде жымиып жатса, кейде ернін бұртитып жылағысы келіп жатады. Оған қарап менің де жылағым келіп кетеді. Түн ортасына дейін ұйықтамай, оны оятып алғым келіп, сағыныыыып жатам. Әбден шаршап, көзім іліне бастаған кезде ол да жыбырлап, оянып алады. ))))))))))

Блог - ademi_alem: Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!

Блог - ademi_alem: Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!
Қазір өсіп қалдық. Күн өткен сайын оның болашағы үшін қатты алаңдаймын. Туған кезде бәрі жақсы, жаман адам қайдан шығады деп ойлаймын. Бәлкім жаман адам жаман тәрбиеден, жаман ортадан шығатын шығар. Ол жағын анық білмеймін, бірақ балама бар жан жылуымды сыйлап, атына заты сай тұлға болып өсуіне ықпал етуге тырысамын. Осы жылы сәбилі болған және алдағы уақытта сәбилі болатын барлық ғаламтордағы достарымды зор қуаныш, мол бақыттарымен құттықтаймын! Ата-анасының үмітін ақтар қайырлы ұрпақ көп болғай!

Блог - ademi_alem: Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!
Бөлісу:

67 пікір

ken
 Бауы берік болсын!
ademi_alem
Үлкен рахмет!  Мұнда жазбағалы көп болғаны сондай, біраз функцияларын ұмытып қалыппын, әрең таптым.
bizbike
Зарина, көйлегіңнің етегін қиып, поштамен салып жіберші маған )))))))) Бауы берік болсын, үлкееееееееееееееееееееен аззамат болсын, Алла Тағала жар болсын, сіздерді қуантып жүре берсін. Өттееееееееееееееееее қуаныштымын сен үшін. Күнделікке жазып жүрсің бе бүкіл қылықтарын немесе тек суретке сатырлатып, бейнеге де түсіріп жатсыңдар ма?
ademi_alem
Туғаннан кейін емес, туғанға дейін де тоғыз ай бойғы сезімімді, өзгерістерді жазайын дегем. Бірақ бәрі жайына қалды. )))))))) Суретке де кейдееее ғана түсірем, ауыз толтырып айтарлықтай түк бітірмесем де ештеңеге уақыт таппай жүрмін соңғы кезде. )))
көйлегіңнің етегін қиып, поштамен салып жіберші маған
Бұл қандай ырым??? Толғатқан кезде жеңгем етегімді қайшымен қиып жыртып жіберген еді жеңіл босанасың деген ырыммен. Әлде… Сіз де босанғалы жүрсіз бе?!!!
bizbike
аузыңа май, босанғалы жүргім келеді, солай жүру үшін ғой сол жеңгең жыртқанды беріп жіберші )))))
ademi_alem
ааа жарайды жарайды жіберем міндетті түрде!
MamaAya
Анар, мен бір абысынды киілген іш киімімді бермей ренжітіп алып едім кезінде. Жаңасын берейін десем алғысы келмеді, киілгенін ырым етіп киюі керек екен, сенесің бе, бергім келмеді, бермедім. Біртүрлі ыңғайсыздану, қимау, қызғану, балаларыма зияны тиетіндей ма біраз ойлар кедергі болды беруге.))) Менің іш киімсіз ақ ұл туып алды жақында)))) Саған да соны тілеймін!)
bizbike
Сансыз әумин! Іш киім енді ерсілеу әрине, шүберекті қиюға болатын шығар, көйлектің бір шетінен жыртылған )))))
Соңғы түзету:
MamaAya
Өте қуаныштымын, Бауы берік болсын, Иманды, адал, атына заты сай, ата-анасына, ата-әжесіне тек рахатын, қызығын, жемісін көрсететін, Елдің сүйікті ұлы болсын! Дені сау болсын!  Тіфай-тіфай, жаман бала)))
Соңғы түзету:
ademi_alem
Рахмет, рахмет! Өзіңіз де екі баланың анасысыз ғой қателеспесем. Жыл бойы жазба жаза алмасам да, жазғандарыңызды оқып жүрдім. ))))))))) Сіздің де балапандарыңыз аман болып, қуанышқа бөлей берсін!
MamaAya
Рахмет!!!))) рахат ия балаңа қатысты тілек айтылса?!))) Балалар аман болсын!
ademi_alem
Иә, тілек айтылса жақсы. Сосын бұрын өзім үшін өмір сүретін сияқты едім, балалы болғалы бәрі-бәрі бөбегің үшін. Дүкен аралап жүрсең де өзіңе емес алдымен балаңа керекті зат іздеп, балаңа киім алғың кеп тұрады екен. ))))))
Marco
              
Тіпә-тіпә! Тіл-көзден сақтасын!!!
ademi_alem
ооо ағай, қалыңыз қалай?! )))))) Әумин, айтқаныңыз келсін!
MamaAya
Дегенмен, «көз» дегеннен мен өзім қатты қорқамын, сондықтан баламның суретін қызғанам қатты))) Саған да сол кеңесті ұсынар едім) дұрыс түсінсең әрине.
ademi_alem
Түсінем әрине. Кеңесіңізге рахмет! Қырық шелпегі өтті, енді тіл-көз тимейтіндей. )))))))) Балаларыңыздың суретін салыңызшы)))))))))))) Мен не деймін, сен не дейсің деңізші. ))))))))))
MamaAya
))) жекеге ғана жіберем)))
ademi_alem
О жіберіңізші! Мен әдетте адамдарды суретке түсіруді ұнатпаймын, бірақ бөпелерді түсіргенге қызығам. Өскемендегі барлык балапандарды жинап алып, фотоға түсіргім келеді. )))))
sammita
тпәй, бөпең үлкен азамат болсын. Көзден мен де қорқам, 2-ге жақындап калса да суреттерін жариялауға құштар емеспін. тіліміз тасқа
Соңғы түзету:
ademi_alem
Рахмет! Мен сондайға көп сене бермеймін екен неге екенін білмеймін. Екіге таяп қалса менікімен салыстырғанда үлкееен жігіт екен ғой! )))) Аман болсын құлыншақ!
bizbike
Елемегендерге түк те болмайды, елегендерге болады. Жұрт айтпақшы "қазақта екі ауру бар: салқын тиді және көз тиді"
sammita
мәселе онда емес. мен елемейтінмін, дегенмен сақтықта қорлық жоқ, сақтанамын. жалпы ырымшыл емеспін. Балам 10 айында ауылға апардық. Үйдегі тойдың үстінен үстік. Ойнап жүрген баламыз түні бойы жылап мазасызданып шошынды. Атамыз көз тиді деп, тапшанда ұйықтап жатқан кемпір-шалдарды оятып алып келіпті. Түн ортасында ағараңдап келіп бәрі түкіріп жатты. Ешкім ренжіген жоқ, қалыпты жағдай екен. Содан бері сақтанамын. Баланың қорғанышы әлсіз, әркімнің әртүрлі энергетикасына, көз нұрына шыдай бермейді дейді. Өз қалауы қой әркімнің әрине, менің ойым бұл.
bizbike
Кіндік қызымды мысалы бірінші рет көрейін деп барғанда бөлмеге кіруге қорықтым, рұқсат сұрап, сосын кірдім көруге. Бір ағамыз бен жеңгеміз ұлын қырқынан шыққанша жаз үйде ұстаған ешкімге көрсетпей, мүмкін ол да дұрыс шығар.
MamaAya
мен де кейде балдарымның кір -кір боп жүргенін сыртта тәуір көріп қалам. "Қараш ана өзіңдей Сұңғатты" деп балдарына ескерткен күні әйтеуір бірнәрсе болатын, құлап тізесін жырып, түнде жайсызданып дегендей. Өзім сақтанам қатты. Сурет мектебіне барғалы ваще, суреттеріне дейін қызғанам))) Қорқам көрсетуге қанша мақтанғым келіп тұрса да. Әбден өсіп алсын, жағымсыз да қасиеттері болғанына қарсы емес сияқтымын, боқтатып үйретіп жүрм жайлааап)))
bizbike
маммма, сен тіпті салған суреттерін қызғансаң, жынды ене болатын шығарсың
MamaAya
Жоқ, келіндерімді жақсы көрер едім.)))))деп ойлаймын
Ispek92
Есіңізде ме?


Керекинфолықтардың аузы дуалы ғо, бауы берік болсын, көбейте беріңіз қара домалақтарды))
MamaAya
тағы туужвергім кеп кеткенін-ай))))))))
Ispek92
проблема көріп тұрғаным жоҚ))))
ademi_alem
MamaAya , бұрын мен 4-5 балам болса ғой деп армандайтынмын. Қазір армандауға қорқам. Қиналғаным сондай, дәрігерлерге «Мені қинамай өлтіре салыңдаршы» деп жалындым ғой.
bizbike
Қиналғаныңды ұмытып кетесің әлі. Әйтеуір мен дым қиналмай босанған соң ба, әлде қиналып, оны ұмытып қалдым ба?
Соңғы түзету:
ademi_alem
Ұмытып қалдыңыз деп ойлаймын. Қиналмау мүмкін емес сияқты, бірақ жеңіл босандым дейді ғой кейбіреулер. Бәрі салыстырмалы түрде болғамен бәрібір қиналмау деген өтірік сияқты. ))))))))
bizbike
Сен бір күн толғатқан соң шығар, мен толғақпен түскенде «бүгін босанбайсың, долгая история» дегендеріне қарамастан бір сағатта босандым, предродовой палатаға соңғы түстім, бірақ бірінші босандым, бірақ ең бірінші түскен келіншек ең соңғы босанды, ол шынымен де қиналды енді. Оны біраздан кейін көрдім сосын, танымай қалдым, ол мені танып, амандасып жатыр ))))))) Қызық енді
MamaAya
Родзал деген жаман жер)))) физиологическое отделение деген жатқан махаббат, авторитет қой)))
bizbike
Мен босанып жатқанда топырлап студенттер келіп кетті, профессор бірдеңелерді түсіндіріп жатқаны есімде. Сосын сәбиімді кеудеме салып бәрі кетіп қалды үстіме жаялық жауып, мен «Бір баланы» айтып жатқанда электрик келіп, жарықты жөндеп жатты. Комедия очм.
Соңғы түзету:
ademi_alem
Қалай қызық. ))))))))) Мен орыс әйелдерге таң қалдым, боянып-сыланып келіп, дәл солай шығып бара жатады әйтеуір. ))))))))))
MamaAya
Бірінші жолы солай ауыр өтеді ғой қай нәрсе болсын. Екінші жолы врачпен ертерек келістік, атын ұмыттым уколмен дайындады, обезболивающий ғой деймін, қатты қиналмадым біріншідей, бәрібір өте қиын процесс. Олжаң кішкентай ташамайлары бар біреулер енді)))) Ұмыттырады бәрін ұмыттырады.
ademi_alem
Маған да салды ол уколды. Екі рет салды. Бірақ біреуінде екі сағат, екіншісінде бір сағаттан кейін әсері кетіп қалды. Дәрігерлер табиғи жолмен босандыру үшін бірнеше сағат емес, аз уақытқа ғана әсер ететіндей етіп салды.
MamaAya
маған 5 күндей алдын бастады, майлы ғой деймін алақанда ұзақ жылытып ұстау керек дейтін салар алдын. Ф дан келетін сияқты меееед? Толғақ менде тек тізе дірілдеумен өткен.)))) Тізем не реально дірілдейтін ғой ішім қатты ауырмаса да дискомфорт болды. Видимо оның ауырғанын денең сезбейді, бірақ толғақ кезде реакция тек дірілдеу боп өткен шығар?!))) Прикол ғой қаз ойласаң
ademi_alem
мя, онда Сізге толғақты мүлде сездірмейтіндей етіп салыпты ғой.
Olzhass
эпидуралка дейді ғой)
Daniar-Alan
тағы туужвергім кеп кеткенін-ай
ademi_alem
Әрине, есімде! Бұл қуаныш алдағы уақытта Сіздерге де жұғысты болсын!
AKA
 МашАлла, қуаныш ұзағынан болғай!  Бексұлтанның артынан бауырлары ере берсін.
MERmukhanov
Үлкен азамат болсын!
 
Иииих, кеттім, мамыма звондайм  
xsanatos
құттықтаймын!!! үлкен жігіт болсын!!! сіз де тоқтамаңыз!!!
Erkekyz
Тьфу тьфу, бауы берік болсын!!! Қандай керемет!|
AKY
Мамасына ұқсайтын түрі бар, бауы берік болсын!
satibaldi
Шығармашылық тұрғыдан сұрақ қоюға рұқсат етсеңіз.
Бала туғаннан кейін ой таязданып, қиялдың қанаты күзеліп, бұрын дастан жазып тастайтын бас — енді балабақшадағы ертеңгілікке тақпақ та шығара алмайтындай мүсәпір күйге түсетіні рас па? Өтірік болса, жиенімнің жаттап жүрген өлеңі неге мынадай, нақ:
Елім деймін, жерім деймін
Жыры болып төгілейін.
Туған жерім — ыстық маған
Ешкімге де бергізбеймін.
bizbike
Негізі босанғаннан кейін жад нашарлайды. Ол рас енді. Бұрын көп мәліметті жаттап алатын ми, қазір істеген затты қазір ұмытатын күйге жетеді.
satibaldi
Кетші-әй өзің
AKY
 айттым ғой сізге кезінде мен де
bizbike
Кетпеймін ал, не қыласың?
MamaAya
бұл жерде сатанекең тағы соның ізбасарларыныкі ғана қылғысы келеді Анар))Көңіл бөлме! Кетпе де. Кім қысылса сол кетсін)))
ademi_alem
Ой таязданып дей алмас едім, бірақ ұйқы бұзылғаннан кейін (әсіресе бала күн мен түнін ауыстырып алса) мең-зең күйде жүріп, ештеңеге зауқың соқпайды. Әркімде әрқалай болатын шығар, жеке өз басым керісінше үйде көп отырып, қоғамнан тыс қалып қалғандаймын. Бөбегімді қолыма көтеріп алып, жұмысқа шығып кеткім келіп жүр. Үйде отыра бергенде ешкімге керексіздей сезініп, күйзеліске түсіп кететін кездер де болды. Жазбаларымның бірінде повесть жаза бастағанымды айтқан едім, енді Алла қаласа соны аяқтау мақсатында келесі аптада Қара Ертістің бойына, Зайсан қаласына жол жүрмекпін.
VKM
Зарина, кіттей балалардың суретін қоймайды ғой, көз тиеді деп
Daniar-Alan
 өмір ай деЩ… кеше ғана блогкэмпте бұтапарат қолтықтап жүрген қыз ед…
zholantai
тамаша,
қуаныштымын сіз үшін
AknietTanirbergenkyzy
Бауы берік болсын!!! Алаштың мақтан суйер азаматы болып өссін!!!