Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере...

  • Автор
Өзімді тегі керемет періштемін демеймін (Ақзере)

“ Астарын ақтарамыз” деген тақырыпта Анар ханым ашу шақырыпты. “ Керекинфоға” ілінген материалды керек болса, оқып аларсыз. Әңгіме КТК арнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасы туралы боп тұр. Ұят енді. Журналистиканың дамығаны жөн-ақ. Дегенмен, дәл осы шокотерапиядан басқасы құрып қалып пе екен деймін ғо… Журналиспін деп жер тепсінемін-ау, телебезерде жаңалық қалай жасалатынан хабарым жоқ. Мүмкін, рейтинг деп жандарын алардай жұмысқа қинар. Алайда,
“ мүмкін, мүмкін” дегенмен экрандағы тірліктері еш ақтауға да, көктеуге де келмейді. Былтыр осы бағдарлама шыға бастағанда, соны леп екен деп сүйсінгенмін. Ал, “қазақ порносы” деп әлгі анайылықты әдейі көрсеткенде, қаным басыма бір-ақ шапты. Көрсеткен күннің ертеңіне “ Халық сөзіне” “ Прайм-таймда… порно көрсетті” деп ашынған да болатынмын. Ақпаратты боямасыз көрсетеміз дейтін бағдарлама адамның өңешіне қыл салып, алдына шелек қойып құстыруға арналғандай көрінді. Бірде бет-аузын мылжа-мылжа қылған, тәніне 30 рет пышақ сұғылған бейшараның өлігін көрсетті.
Бір көрсетсе мейлі… бірақ, бірнеше рет көрсету көрермен тарту тәсілі емес, оны сыйламау, я не берсе де бас тартпайтын нәумездің қадірінде қадірлемеу деп білемін. Бұның шокотерапияның қай бабына жататынын да біле алмадық. Бірақ, ҚР ҚК-нің 273-ші бабына жатады-ау деген ұят көріністі ұялмай, «Другая правдада» көрсете салды (“ Ақиқаты” да көрсеткен, өз басым Шахматовтікінен көргем). Прайм-таймда. Бала-шаға көрмесін деген ескертуі де естен шығыпты. Қазақ газеттері қаламмен жазған «алғашқы қазақ порносын» алды да, үзік-үзігімен бере салды. Көзіміз шыққыр бір-бірімен әуейі болып жатқан «қазақтардың» (жүргізуші осыған баса акцент береді) алдымен 69 позасында, одан кейін классикалық м… болып жатқанын көрді. Сонда осыны да КТК экрандық эротика дей ме? Егер бағдарламаның мақсаты «бұлтартпасыз ақиқат» болса, оған жетіп тынды. КТК.… қазақтың артын ашты.
Жарайды, сөз толғатудан жарысқа түспей-ақ қояйық.
“ Астарлы ақиқаттың” жүргізушісі Дина Төлепбергенмен болған сұрақ-жауапты жариялайын деп едім. Әрине, Дина әріптесіме қояр кінәм жоқ, жұмысы солай болар (сөздері бұрмалаусыз берілді)
Ө.К: Бала-шаға, ата-ана, жас пен кәрі бірдей көретін сенбіде, прайм -таймда ашықтан ашық порнодан үзінді көрсеткені қалай? Эротика деп ақталудан бұрын, бейнеде көрсетілген ұятсыз (сексте ұят болып па өзі?)екі позаны порно демей, не дейді?
Д.Т: Алдымен, эротика мен порноның айырмашылығын біліп алайық.
Эротика дегеніміз, сексуалды эмоцияны білдіру өнері. Андрей Беллолидің атақты «Шомылушы» картинасы -  бейнелеу өнеріндегі эротикаға жарқын мысал. “ Астарлы ақиқатта” көрсетілген бейнені эротикаға жатқызуға болады. Бірақ, ол порно емес.  Порнография дегеніміз – жыныстық қарым- қатынасты ашық көрсету. «Астарлы ақиқатта» жыныстық акт көрсетілген жоқ. Бейнеге түскен арудың әдемі төсі, саны көрсетілді. Бірақ, акт барысы экранға шыққан жоқ.  Егер, ең қызығын көрсетпегеніме ренжіп отырсаңыз, Өркен Кенжебек мырза, кешіріңіз, мен еліміздің Ата-заңын құрмет тұтатын азаматпын. .
Сіз 69 дегенді айтып отырсыз. Ол не дегеніңіз?  Мен ондайды «Астарлы ақиқаттан» көргенім жоқ. Қыздың жігіттің астында жатқанын көрдім. Бірақ, не жасағаны маған көрінбеді. Сіз, құрметті тілші, бағдарламада көрсетілген бейнеге құмарыңыз қанбаған соң, өзіңіз әлгі дискті сатып алып, түпнұсқасын көрген шығарсыз. Әрине, ондай жағдайда, бұлдыр бейненің ар жағында не жатқанын  елестету Сізге қиын емес.
Ө.К: Бекболат… Тағы да қазақтың қазақты масқаралап тұрғанына Бекболат ағамызды кінәлаймыз ба?
Д.Т: Мен үшін эфир құдіретті. Айтқан әрбір сөзіме жауап беремін. “ Астарлы ақиқатта” айтқан сөзім мынандай болды: «Ұятсыз бейнені көрсетті деп, сөкпеңізші мені, Бекболат аға! Егер «ойбай, жұрт естімесін» деп жабулы қазанды жауып қойсақ, бұдан да зорын көріп, екі көзіміз сонда шығар. Естуімізше, сол сапасыз дискілерді жастар жапа тармағай сатып алуда, яғни сұраныс бар. Ал сұранысқа, ертең орасан ұсыныстың болмасына кім кепіл?»
Клоун деген сөз бар ма мұнда? Айтылды ма? Құрметті журналист, Сіздің қиялыңыз мықты екен! Бәлкім, Сізге Лор немесе көз дәрігеріне барып  көрінген абзал болар. Сіздей журналистер біздің елімізге өте керек. Денсаулығыңызды күтіңіз!
Меніңше, ұлтттық намыс тақырыбын көтеріп,  ұлттың болмысына алаңдап, шырылдап жүрген депутаттың бірден бірі – Бекболат Тілеухан.  Бұл сұмдықты тоқтатуға оның ғана қауқары жетеді деген сеніммен айтылған сөз еді ол.  Менің сеніміме селкеу түскен емес. Мен әлі де ол кісіге сенемін!

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/27/%d0%b0%d2%9b%d0%b8%d2%9b%d0%b0%d1%82-%d0%b0%d1%83%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80-%d0%b0%d2%9b%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b5/

Ұқсас посттар

63 пікір

asaubota
КТК өз мақсатына жетті. порно арқылы өздерін жарнамалағылары және жарнамалатқысы келді, солай болды…
Abilakim
Дана қалай өзі… былай…
Gastarbaiter
Мен көрмедім. Егер шынымен порно болса, заңға қайшы әрекет. Ал эротика болса, ондайды баяғы кеңестік мейірімді, салмақты киноларда да көрсетеді.
Ал Өркенге жынды прикол ұстаған екен.
Ешкімге жақтаспамын, екі пиаршының қатын шымшысы болыпты.
Orkenegro
Көрсең, басқаша сөйлер едің… тек мұны да заңдылық, басыңды ие сал, пульт қолында ғой, басқа жаққа қоя сал демеші
kaztarih
Дана деген өте ұятсыз журналист екен, әйтпесе осы хабарды жүргізер ме ед. КТК қазақ елін НАУРЫЗ бен құттықтауы осылай болды…
Zilola
Дана емес, Дина Төлепберген. Біздің кезімізде Шымкентте болатын қазақша КВН ойындарында ыржиып төрелік жасап отырушы ед :)
edige
Қоғамдық көзқарасты саясаттан аластату үшін де осы телеарналар аянбай жатыр.
Модель КЗ қанаш басталады екен а, бала-шагамызбен асығып күтіп жүрміз? Неге қазақта «ДОМ 2» проектін жасамасқа деген де ұсыныстар түсіп жатыр…
Zere
«Лучшая защита — нападение» деп аруымыз сені жерден алып, жерге салыпты. Өте ұят!
Gastarbaiter
Жерден алып жерге салу ұят па? Әлде арқалаған мақсатыңды орындай алмай, өзің масқара боп қайтып, мамасына жылап келген балаша, әйел адамға тісі өтпей халық алдында шағым айтқан ұят па?
Zere
Осы жерде қазір саған кереметтей жауап жазуым керек ия? Сенің мұндай заттарға көзқарасыңды білмеймін, бәлкім саған бәріне пох шығар. Бірақ мен үшін бұл ұят нәрсе. Түнде ия, бала-шаға ұйықтайды, ақтара бер астарлы ақиқаттарды. Ал сегізде, бәрі жәйбірақат теледидар көріп отырғанда мұндай ашықтықтар көрсетілмеу керек деп ойлаймын. Тіпті сол эротикасы бар фильмдердің өзін кешкі уақыттарда көрсетеді. Бұны журналист қызымыз қалайша білмей қалды?
Orkenegro
Ақзере, кірәсава)))) Фильмдердің өзіне Б-14, Б-бірбале деп рейтинг беріп жатады, ал жаңалықты жалпыреспубликалық арнада таратқан шоуға қандай рейтинг қойса болады, кешегісінде қайта әурат жерлерін қара дақпен жасырмақ болды… Оған да рахмет
Gastarbaiter
Сонда сен әдейі соның уақытын күтіп көріп жүрсің бе?)))
Zere
Журналист болған соң қоғамдағы болып жатқан мәселелерге бей-жай қарамауы керек деп ойлаймын. Тіпті болмағанда әрбір каналда қандай жаңалық, неше рет қайталанды, көрсетілді бәрін біліп жүруі керек.
Orkenegro
Көрмейін десем, көзім бар…
Gastarbaiter
аа дұрыс. Журиктердің ең негізгі әрекеті сол екенін ұмытып кетіппін.
TERISKEI
қойыңдаршы, қызық емес, сағызша созып, дәмін кетірдің!!!
Gastarbaiter
Журналист осындай тақырыпқа дайындықсыз атүсті, алып қашпа әңгімелерді арқалап емес, мықты мықты, орнына отырғызып, тұрғызбай қоятын сұрақтарды арқалап баруы керек.
Собчакпен мықты сұхбат құра білген Алекс Гордонға риза болдым.
Abilakim
Ксенияның аузы «рабочий» екенін енді байқадым…
Jacqabaies_Chirac
ұнамаса көрмесеңдершиш нақтар кілең
Gastarbaiter
Біләт дәл өзі!
К.Собчак: — «Мен еркін адаммын. Өзім нені дұрыс деп санаймын, нені тап сол мезетте сеземін соны жасаймын, және ол менің бостандығым, менің еркім, ваннада мастурбация жасағанды жақсы көрем бе, соны видеоға түсіргенді ұнатам ба, ол менің шаруам.»
А.Гордон: — «Еркіндігіңіздің шекарасы қай жерде сонда? Қай жерде менің еркіндігім басталады?

К.Собчак: — »Ал, сіздің еркіндігіңіз сол, пультты алып, теледидарды туралған мәйіттер көрсететін каналға ауыстыру."
balzaminka
adam kukygy kogam kukygy bastalgan jerde ayaktalady
satibaldi
Неруден соғып отырсың ба?
balzaminka
кімнің қайдан соғатынын біліп отыратын көріпкелділігіңіз тәнті қылады ше :))
Gastarbaiter
Парадокс емес пе? Қоғам сол адамдардан тұрады ғой.
balzaminka
адам болмаса қоғам қайдан болсын, тек шекараны жіктей білу керек және ортақ құндылықтарды бөліп алу қоғамның басты мақсаты. Ортақ құндылықтарды ескере отырып, сол құндылықтарға нұқсан келтірмеу керек қой.
gunner
Мұндай түсінікпен көршіңді біреу сойып жатса да тыныш жата берерсің.Мен енді керемен патриотпын деп, немесе патриот бол демеймін, бірақ адамда азаматтық ұстаным болу керек. Мен көрмесем де, қалыптасып бітпеген кішкентай балалар көруі мүмкін, шу көтеріп қарсылық көрсеткен дұрыс деп ойлаймын.
Gastarbaiter
Жоқ, Гюннер, подмена понятийдің керегі жоқ. Зомбодидардан емшек-көтен көрсету мен көршіңді біреу сойып жатқанын байланыстыруға өз фантазияң жетеледі ме, әлде біреу сыбырлады ма?
Шу көтеріп қарсылық көрсету дұрыс. Бірақ тап сондай шуды көршіңді біреу сойып жатса көтермес еді, оған жүз пайыз сенімдімін.
Көп болса криминалды хроникадан оқисың да, құдай сақтасын дейсің.
Мәселе сонда! Екіжүзділік шешессігейн. Көршіні сойып тастауға көт-емшек кадрлардан көрі, атыс-шабыс кинолар көбірек әсер ететін шығар.
Бірақ сізге телебизірді ешкім міндеттеп сатып алғызбайды, ешкім сол каналды сол уақытта көр деп міндеттемейді. Өшіре салуға еш кедергі жоқ.

Дегенмен, жігіттер сенің дебатерлік қасиетіңді мақтап жатыр.
gunner
Кедергі бар. Мысал ретінде жарнаманы алайық, ешкім кино арасында, бағдарлама арасында жарнама көргісі келмейді, тіпті жек көреді десек те болады. Бірақ еріксіз көреді, жарнамаланған затты сатып та алады. Егер сатып алмаса жарнама берушілер миллиондаған ақша жұмсамас еді. Ал енді, жарнама кедергі ма? Кедергі. Бірақ халыққа әсер ете ма? Ия, жек көрсе де әсер етеді. Сондықтан прайм тайм кезінде мұндай бағдарлама көрсетпеу керек.
Gastarbaiter
Гюнер сен маған айтшы соншалықты шу көтеретіндей заңға қарсы қандай сценалар болды екен? Мен барып көргім жоқ. Ауылда ол канал көрсетпейді.
Ал қаланың балалары 8-жасында ақ жыныстық қатынастың не екенін, қандай, қалай жүзеге асырылатынын өзінің жасы үлкендеу достарынан ақ, біледі.
Кімді алдап отырмыз, қыздар айтса бір сәрі, жігіттер жағы мүләйімси қалатынына жыным келеді.
Балаларына кішкентайынан пышақ ұстап, писталет алып беріп, қырғын-соғысты рахаттанып көріп отырады да, киноның арасында қыз бен жігіт жата қалса, баласының көзін жауып жатады. Маған көруге болады, ал сен кішкентайсың дегендей. АЛ ол өз есесіне баланың құштарлығын одан әрі арттырады.
Не деген сорлы көрініс??? Кімді алдайсыңдар?Әке мен бала арасында екіжүзділік осыдан пайда болады.
gunner
Екіжүзділік емес, ол — сыйластық, субординация. Кішкентай кезде баланың ойы, пікірі қалыптаспаған. Егер ата анасымен бірге көріп отырса, оны қалыпты жағдай, мен де айналыссам болады деп қабылдауы мүмкін. Есейгенде ол туралы білсе болады, оны мектепте жоғарғы сыныпта анатомия сабағындада түсінеді. Неге жоғарғы сыныпта дейтін болсаң, ол кезде бала ол информацияны адекватно қабылдай алатын дәрежеде болады. Тура сол сияқты интеграл, туынды, тригонометрияны бастауыш сыныпта бермейді өйткені ол кезде бұл тақырыптарды қабылдауға жас баланың миы дайын емес.
Orkenegro
Малдес, осындай жауапқа миым жетпей отыр еді))) Жұрттың бәрі Гаста секілді баласын телебезерден бездіріп отыруға шамасы келмес, бүгін КТК бастады, ертең 31 жалғайды, арғы күні Хабардан да порно көрсетіп жатса да, әй телебизор көрмеңдер деп отыра береміз бе? «Трагедияның бәрі немқұрайдылықтан»… Алдын ала иттің аяқ серпісіндей болсын, бірнәрсе жасау керек қой,
Gastarbaiter
Телевизор көрсетпейтін отбасыларын білемін. Телевизор сатып алмаған (бала тәрбиесі себебімен) отбасыларын білемін.
Есейгенде ол туралы білсе болады, оны мектепте жоғарғы сыныпта анатомия сабағындада түсінеді. Неге жоғарғы сыныпта дейтін болсаң, ол кезде бала ол информацияны адекватно қабылдай алатын дәрежеде болады.

9-сыныпта жыныстық мүшеңнің құрылысын білдің бе? Қазіргі информация ағымында, балаға ондай нәрселердің ең бірінші ата-анасының аузынан естігені жақсы.
Субординация емес ол, сыйластықтың бетін жамылған, жыныстық сауатсыздық.
Бала сені сыйлауы мүмкін, қорқуы мүмкін, бірақ сенің айтқаның сенбейді.
«Мынау дұрыс емес!» -деген сөзіңді, өй жәй әке болғасын айта салған деп ойлайтын болады. Және жыныстық сұрақтарға тап болғанда сенен ешқашан сұрамайды, өйткені сені компетентті деп ойламайды, немесе сеннен ұялады.
Ал баланың ойында секске қатысты сұрақтар, бала қайдан пайда болады, немесе әйел мен еркек неге әртүрлі деген сұрақтар өте ерте пайда болады.

Теледидардағы эротиканы қараудан тиген зияннан, балалардың жыныстық сауатсыздығы тигізген зиянмен салыстыруға да келмейді.
ЕГер балаларыңды дұрыс сауаттандырған болсаңыздар, ол теледидардағыны адекватты қабылдайды.
Zere
Болды уже сенікі соңғы сөз менікі болсын деген қуған әңгіме болып кетті. Кішкентайынан қызыңа жыныстық сауаттықты үйретіп жүре бер. Өзің білесің ғой не істесең де очм…
Gastarbaiter
Қыздың шешесі бар ғой. Мен өз позициямды қорғап жатырмын, бар болғаны. Жекеге көшіп алып, сосын өзіңе бірдеңе десе, ренжисің.
Zere
Бір сөз айтардың алдында сол ситуацияны өз басыңа келтіріп көріп, анализ жасау керек деп ойлаймын.
satibaldi
Ыхха-ыхха-хахахааа ))))))))))))) КетЧ)))))
balzaminka
ата-ананың беретін сауатының өз шекарасы болады, осыны ұмытпағын.
gunner
Тоғызыншы емес оныншы сыныпта өтеді репродукцияны, менструациялық циклдарды толық көрестіледі. Баланың пайда болуы, жатырда қалай орналасатыны түсіндіріледі.Қайдағы компетенция? Эротиканы қарау зиян екенін түсіндірсең болды. Адамда инстинк деген болады ғой, адам тұрмақ малда да бар, соны қолданса да болады ғой. Сенің меңзеп отырғаның батыстық тәрбие ғой деймін, батыстық тәрбие қазаққа мүлде келмейді, бізде менталитет басқа.
Gastarbaiter
Менталитет маңызды ғой. Бірақ Хомо Сапиенстің бәрі бір психологиялық заңдылықтарға бағынады
Сен қалай түсінбейсің, саған балаңның қауіпсіздігі маңызды емес пе?
Қазіргі информациялық қоғамда "қазақы тәрбиеге келмейді, бүйтпейді, сүйтпейді".
Керісінше, бала жалған информацияның құрбаны болмау үшін, оған мықты фундамент қою керек.

Семьядағы ашықтықтан есі дұрыс бала бұзылмайды. Ал есі дұрыс емес балаға қырық тыйым салсаң да бұзылады. Соны да түсіну қиын болып тұр ма?
Abilakim
кинотеатрда поп-корнсыз да отыруга болады
Zere
Дербес теледидар ойлап табайық онда.
Orkenegro
Айналайын, Гаста бұл агентте болған әңгіме ғой, и то арамызда біреу дәнекер болып қана жүзеге асты. Менің мақсатым бұл жерде білімділігімді, Гордондығымды паш етіп, соныммен Дина ертеңіне үйінен шықпастай ұятын шығару емес, олардың қарапайым сұраққа қалай ақталатындықтарын білгім келді. Бұл жерде олардың ақталуы, өзің айтыпсың ғой, қатын шымшыс деп()))
Gastarbaiter
олардың қарапайым сұраққа қалай ақталатындықтарын білгім келді.

Ал меніңше жоғарыдағың өтірік сияқты. «Ортаға салып, одан әрі талас тудыру» десең, «базар жоқ» деп шыншылдығың үшін қолыңды алар едім.
Orkenegro
Шыным осы, сенбесең сендіре алмағандығым деп ойлаңыз)))
Jacqabaies_Chirac
hotkaz.net ұнамаса көрмеңдер
P.S. ескерту қазақтар ПОРНОсы бар
asaubota
осы апта ішінде мына жерге шығады екен, біз де көрейік www.ktk.kz/kz/programs/astarly_akikat/

сосын жазармыз пікірімізді.
Orkenegro
бұл жолғысында қайталау рейтингісі ғой, әлгі жерлерін қара лентамен жаппақ болды, ал бұрын ең алғаш шыққаныңда, «астарлысын» білмедім, «Другаясында» тыр жалаңаш көрсетті. Қазір жігіттер дауласып жатыр, 69-ды емес, куннилингусты көрсетті деп, да какая разница, порно көрсетті болдығой осымен әңгіме
Gastarbaiter
Тәлібтер, балалардың көзін аясаңдар, азаннан кешке дейін боқтан өзгемен айналыспай, бала тәрбиесіне көңіл бөліңдер.
Баланың тәрбиесіне жауапкершілікті зомбодидарға ысыра салмай.
Bekjan
Мынауыңы қосыламын енді… мүмкін болса баланы телевизорға жолатпау керек, мүмкін болса өзіңе жолаудың қажеті жоқ… Ақпараттық тұрғыдан қарауға болады, мысалға кабелді тв болса, дискаваридегі бағдарламаларды қарауға болады… Нейшнл Жағаряфиядағы бағларламаларды қарауға болады, Евроньюсты, Евроспортты мысалға…

Ән нәрсенің болмасын пайдысы да зияны да болады… Оны қандай мақсатта қолданамыз ол өз еркімізде… Пышақпен нан турауға болады, сол сияқты адамды өлтіруге де болады… Бұған әр адам өзі жауапты…

Сол сияқты теледидарды да, интернетті де әркім өз қалауынша қолданады, және оған өзі жауапты болады…
Orkenegro
Ерінбей, Франция, Әміркен, Жапониядағы телевизия саласында заңдық күші бар нормативтерді бір ақтарып көру керек еді, кімнің қолы бос? Бірақ, ешбір елде телевизорға балаңызды жолатпаңыз деген зәкон жоқ шығар, белгілі бір реттеуі, рейтингісі, тыйымы болады.
Zilola
өткенде Дубайда жүргенде теледидардан «однажды в вегасе» деген киноны көрдім (ағылшын тілінде, тіл не важны), бастысы Кемерон мен Эштонның даж сүйісетін жерін қиып тастапты :)
edige
Кемерон мен Эштонның даж сүйісетін жерін
сол фрагментке бола көріп отыр едім :)
Gastarbaiter
+13, +16, +18 деген сияқты белгілер қойып сатады ғой видеоларды. Балаларға сатпайды, үлкендер сатып алып, балаларға көрсетсе өз жауапкершілігі, киностудияныкі емес.

Ешбір елге балаңызды телевизорге жолатпаңыз деген заңның қажеті де жоқ, Қаспақжегро жолдас. Ол мәселе тікелей ата-ананың өз ниетіне. Көрсетем десең де өзің жауаптысың, көрсетпеймін десең де өзің жауаптысың.
satibaldi
Түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі…
Gastarbaiter
Табытта жатқан өліктерге қарап,

"Қайран Гаста, сенде әрнәрсеге күніне Үш-мың комент жазып едің. Қарап жатпайтын, мазасыз «Майталман» едің. Компьютеріңе кофе төгіліп, көтіңнен тоқ ұрып, ақыры мазасыз саусақтарың мәңгіге тыным тапты. Бақұл бол! бауырым!"
— дейтін шығарсың.
satibaldi
Лібә)))))))))))))))))))))))
satibaldi
Көршіміз қазақтар нағыз екі, жоқ — үшжүзді халық. Гламур, ойнас, үй ішінің дау-дамайын көргенді жақсы көреді, бірақ оны шетелдіктер жасаса екен дейді.
Біздерде неге ондай жоқ деп бақырып отырып, бәрібір қарай береді. «Сұрыпталмаңдар! Сұрыпталмаңдар! Өзіміз сұрыптаймыз!» — деп кейіді сонда Ол. (Евангелие от Амандық, стих 18:71)
ken
12:38-de asqabaq durys aitypty.
Zere
Айтпақшы, бүгін сағ. 14.05-те қайталау деп тұр. Қызықтан құр қалдым дегендерге.
asaubota
рахмет, қараймыз :) қызықтырып қойдыңдар.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.