Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн

Шелли Мэрли (1797-1851) ағылшын жазушысы 18 жасында «Франкенштейн немесе заманауи Прометей» атты көркем-фантастикалық романын жазды. Романды оқи отырып оның авторы 19 ғасырда өмір сүріп, 18 жасында мұндай романды жазу үшін білімі, дүниетанымы жоғары деңгейде болғанын мойындайсың.
Фантастиканың атасы Жюль Верн 10 жасқа толғанда, яғни 1818 жылы Шелли Мэрли өз романын жазып, бүркеншек атпен жариялап қойған. Жазушы атымен тек 1831 жылы баспаханадан роман жарық көреді. Сондықтан Шелли Мэрли фантастика «анасы».
Шелли Мэрлидің романында пәлсафаға тап боламыз. Екі ұғым «жан» және "өмір" бірінің қасында бірі тұр. Екі ұғымның арасы алшақ болуы мүмкін бе?
Роман мазмұнына өте қысқа шолу жасайын.
Романның бас кейіпкері жас ғалым Виктор Франкэнштэйн. Оның ғылыми жұмысы өлі денені тірілтуге бағытталған. Ғылыми еңбегін аяқтау үшін тәжірибе жасауға бел буады. Бірнеше өлі адамның мүрдесінен және ірі қара малдың өлі денесінің бөлшектерінен нобайы еркекке жақын құбжықты құрастырып жинайды. Бойы 2.4 метрге тең құбжыққа жан бітіреді. Кейіннен оның ғажап күш иесі болғанын анық болады. Құбжық болса осы дүние келгеніне разы емес, яғни өзінің «Жаратушысына» Виктор Франкэнштейнге разы емес! Оған қайғы-қасірет сыйлағанға дайын!
Ғылым және мистика шекарасы қайда? Фантастика деген соң фантаст жазушының ғылыми көріпкелділігі сынаймыз. Шелли Мэрли романынан не іске асты? 20 ғасыр медицина жетістігі трансплантология. Этикалық жағы үнемі қоғам арасында талқылынады. Бір адам екінші адамның өмірін жалғау үшін қосалқы бөлшек беру үшін бөлшектелініп сойылу керек пе?
Блог - bake: Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн
Романды оқып көрмесеңіз орыс тіліндегі нұсқасынан жасаған роман үзіндісін ұсынамын. Виктор Франкэнштэйн студент кезін есіне алып, әкесі оны оқуға шығарып салып жатқанда, айтқан сөзін есіне түсірді.
«Білгенімде, егер де өз-өзіңнің қаракетіңе көңіл-күйің толық болса, бізді еске алып, хат жазып, сағынышыңды білдіресің. Хат жазбай хабар-ошарсыз кеткенің -сенің атқарып жүрген күнделікті істерің толық атқарылмағаны. Сондықтан өзіңе көңіл-күйің толмай жүр деп түсінсем кешіре гөр мені балам», -деген еді.
Әрі қарай Франкенштейн ойын жалғастырды.
«Оқудан бас ала алмадым, қиындығына көніп жүрдім (адам физиологиясын танып білу үшін адам мүрділерімен жұмыс істеді. Шірікке айналып бара жатқан өлі денелермен жұмысты жұмсартып айтқанда, жүрек айнытарлық іс десе де жетіп жатыр немесе қаншама тірі мақұлықтарды қинағанды дұрыс іс демерсіз). Ісім -жанымды қинайды.
Бүкіл жаратылысымды өз-өзіме бағындырған ең маңызды еңбегімді аяқтап болғанша барлық үйреншікті істерімді ысырып қойдым (маңызды еңбегі: өліген денені тірілту).
Әке, менің үнсіз қалғанымды мәнсіз салтанат құрған өмірім және жалқаулығым дерсіз. Осылай маған әділетсіз шешім шығара жатарсыз. Бірақ, әке сіз іштей ойлаған жайттарданда сорақы жайттардың орын алғаны туралы күдіктенуге негіз бар (жиналған білім оны жарға итерді).
Меніңше, ғалым кемел болуы тиіс. Түсінгенімде кемел адам әрқашан байсалдылығын сақтап, орнықты қалпынан құмарға және өткінші ынтызарлыққа бой алдыртпайды.
Ісімді жалғастырғанда байқағаным -қандай болсын ісіңіз үйреншікті қарекетіңізге немесе қарапайым адамға тән кәусар қуаныш сәттерінен аластатса, атқарып жүрген ісіңізден адамға жат іс табылып қалатын мүмкіндік бар. Егерде адамдар осы қағиданы түсінсе және туысқандарын аластатпай жақын тартса, оларға деген туыстық ыстығын жоғалтпаса ешқашан Грек елі құлдыққа түспес еді, Цезарь өз туған елін аяр еді, Американы игеру жүре-бара жүргізілер еді, Мексикадағы және Перудағы мемлекеттер ойраны шықпас еді»

Осындай мағынасы терең романды жазған автордың жасы бар жоғы 18 жаста. Рухына құрметпен ілтипат!
Бөлісу:

2 пікір

ken
Киносын көргенмін. Бірақ осы жылғы «Мен Франкенштейнмін» емес. Басқасын.
bake
Қазіргі киноөндіріс саласын талай сюжеттермен қамтамасыздандырған роман. Биылғы жазғы еңбек демалысымда оқылған соңғы роман шығар. Кейбір романдарды жарты жолдан оқымай тастадық. Киберпанк жанрындағы романды қабылдамай-ақ қойдым. Жалпы «панк» мәдинет ағымын ұнатпаймын секс, нашақорлық т с. с.