Бастысы - еліміздің патриоты болуымыз керек

Блог - rakisheva: Бастысы -  еліміздің патриоты болуымыз керек
Блог - rakisheva: Бастысы -  еліміздің патриоты болуымыз керек
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі еліміздің өнерінде ерекше бөлігін алады және музыкалық өнер құралдарымен жеке құрамның патриоттық, әскери және мәдени тәрбиелеуіне, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауына ықпал етуге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін нығайтуда көмектесуге шақырылған.

Ансамбльдің құрамына эстрадалық-симфониялық оркестр, фольклорлық-этнографиялық ансамбль, би тобы және солистер кіреді.
Ансамбльдің қызметі әскерлердің өмірімен тығыз байланысқан және әскери қызметшілерді Отанымыз – Қазақстан Республикасына шексіз адалдығы, өзінің әскери борышын мінсіз орындау рухында тәрбиелеуге бағытталған.

ҚР ҚМ Орталық ансамблінің негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің кәсіби қызметін ұйымдастыру, көркем өнерпаздарға іс жүзінде көмек көрсету, музыканттарды оқытуы мен тәрбиелеуін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру болып табылады.


Бүгін мен ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі құрамындағы ҚМ үрмелі оркестрның эстрадалық тобының солистері Марина Бейсеханова және Әсем Омаровамен сұхбаттасқан едім.

Қорғаныс Министрлігі үрмелі оркестрның эстрадалық тобы жайында:

Қорғаныс Министрлігі үрмелі оркестрның эстрадалық тобы 1993 жылы құрылған.
Жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-оркестр қызметінің бастығы капитан Тимур Жартыбаев.

Эстрада тобының штаты 17 әншіден тұрады.

Қорғаныс Министрлігі үрмелі оркестрна тек кәсіби жоғарғы музыкалық білім бар тұлғалар арнайы байқау арқылы іріктеліп алынады.


— Сәлем қыздар! Әскери бөлімде ән айту несімен ерекшеленеді?

Марина: Біздің негізгі мақсатымыз халық арасында қазақтың отансүйгіштікке үндейтін, рухты, әскери әндерін кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, әскерилердің ұлттық мәдениетке, өнерге деген құрметін ояту болып табылады.
Блог - rakisheva: Бастысы -  еліміздің патриоты болуымыз керек
— Халықты патриоттыққа баулитын әндер қалай дүниеге келеді?

Әсем: Әндерімізді арнайы ақын, композиторларға жаздырып, аранжировкасын жасатамыз. Бұның барлығы жастарымыздың патриоттық рухын көтеру мақсатында істелініп жатқан дүние.
Қазіргі уақытта менің ән қоржынымда сөзі Мұқағали Мақатаевтың, әні Тұрсынғазы Рахимовтың «Қазағым-ай» әні, Ринат Зайтов пен Медет Салықовтың «Тәуелсіздік толғауы», Қуандық Райсовтың «Қазақстан» деген сынды әндері бар.
Блог - rakisheva: Бастысы -  еліміздің патриоты болуымыз керек
— Патриоттық әндер аз сиақты...
Марина: Біз олай ойламаймыз. Өйткені патриоттық әндер өте көп. Алайда олардың бейнебаяндары аз. Сондықтан аз сиақты көрінеді. Себебі патриоттық әндер махаббат жайлы әндерге қарағанда айналымда өте аз.

Әсем: Қазір ән десе халықтың ойына бірінші орында махаббат жайлы ән келеді. Осы жағдайды да ескеру керек.

Блог - rakisheva: Бастысы -  еліміздің патриоты болуымыз керек
— Патриоттық әндердің ел ішіндегі насихатына көңілдеріңіз толады ма?
Марина: Жалпылама иә деп айтуға болады.

Блог - rakisheva: Бастысы -  еліміздің патриоты болуымыз керекӘсем: Мен олай айтпас едім. Өйткені бұл мәселе алдымнан шыққан. Патриоттық әнімді жаздыртып, арнайы киімдерімді тіккізіп, бейнебаянын түсіртіп, енді оны халыққа ұсыну үшін еліміздің MuzZone, HitTv арналарына айналымға берейін десем 1 айға 7000 доллар сұрады. Ол қарапайым жас әншілер үшін қымбат. Оны кез-келгеніміздің қалтамыз көтере алмайды. Бізге бір жеңілдік болса екен деймін. Өйткені біз жеңіл-желпі ән айта салып жатқан жоқпыз. Әр әніміз тыңдармандарымызды рухтандырып, сөздерінен әсер алатын деңгейде…

Марина: Иә, бұл жөнінде Әсеммен келісемін. Патриоттық тұрғыда жаздыртқан әндерімізді айналымға шығару қиындау. Егерде мемлекет тарапынан патриоттық әндердің айналамына аздап болса да көмек болса олардың саны артар еді деп ойлаймын. Әйтпесе патриоттық әндерді айтып жүргендер арамызда аз емес.

— Жаныңызға ең жақын ән?
Әсем: Менің жаныма ең жақын ән деп өзімнің Тәуелсіздік күніне арнайы жаздыртқан «Тәуелсіздік толғауы» әнін айтар едім.
Марина: Мен ең бір жүрегімді тебірентетін ән Маржан Арапбаеваның «Қазақ елі осындай» әні. Ол әннің мағынасы терең, сөздері тыңдаған адамды рухтандырады.


— Сіздер өздеріңізді өзге әншілерден ерекше сезінесіздер ме?

Марина: Әрине Қорғаныс министрлігінде жұмыс істеу біз үшін үлкен мақтаныш.

Әсем: Иә, бұл біздің өзге әншілер мен орындаушылардан ең үлкен айырмашылығымыз. Біз оны мақтан тұтамыз. Өйткені бұл жақтағы ұстаздарымыздың тәлім-тәрбиелері мүлдем бөлек.
Блог - rakisheva: Бастысы -  еліміздің патриоты болуымыз керек
— Бұл жерде сіздерге арнайы талаптар қойылады ма?
Марина: Жоқ. Бастысы еліміздің патриоты болуымыз керек!
Бөлісу:

1 пікір

zholantai
— Бұл жерде сіздерге арнайы талаптар қойылады ма?
Марина: Жоқ. Бастысы еліміздің патриоты болуымыз керек!
жауап ұнад,