Айдан түскен ақша

Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Бүгінде Айды көп адамдар кәсіп көзіне айналдырған. Ғарышкерлер оған ұшып барады, ғарыш станциялары арнайы зерттейтін объект ретінде қарастырады, Айдағы жерлер де сатылып жатыр. Табысын Айдан тауып жүргендер де баршылық. Соның бірі – Айдын Оқаұлы. Ол Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ақыға телескоппен Айды көрсетеді. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туып-өскен Айдынның негізгі мамандығы қаржыгер.
Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Айдан нәпақасын тауып жүрген Айдынмен біз де жолығып, кәсібінің нәсібі туралы сөйлескен едік.
☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽

Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша — Бүгінгі күні Айдың кәсіп көзі болып отырғандығымен келісесіз бе?
— Ғарыш мәселесі, соның ішінде айға ұшуды державалардың өзара бәсекелестігі ретінде ғана қарастырған дұрыс. Өйткені ғарыш ешқашан пайда табатын нәрсе болмаған. Ол қорғаныс саласы сияқты мемлекетке тек шығын әкеледі. Осы уақыттың ішінде тек кәсіп көзі ретінде Ричард Брэнсон деген кәсіпкер Virgin Galactic деген компания құрып, туристерді ғарышқа апару мақсатында кеме жасап шығаруды қолына алды. Тіпті аспанға ұшуға кезекке тұрып қойғандар да бар. Ғарышқа барып келудің құны – 250 мың доллар. Олар Айға дейін ұшып бара алмайтындары анық, алайда стратосфераның жоғарғы бөлігіне, яғни жердің дөңгелек болып көрінетін жеріне дейін жетеді.

— Қазіргі уақытта Айдың беті сатылып жатыр. Сол арқылы ақша тауып жатқандар қаншама… Ал сізге бұл ай қалай көмектесуде?
— Астрономияға оқушы кезімнен қызығатынмын. 2010 жылдан бері сол қызығушылығымды кәсіпке айналдырдым. Мектептегі ынтызарлық болмағанда мұнда тұрмауым да мүмкін еді.

— Сонда сіз сатылған айдан ақша жасап отырсыз ғой?
— Иә, сатылған айды сатып пайда тауып жүрмін.

— Айды көруге күніне қанша адам келеді?
— Әр кезде әрқалай. Көбіне ауа-райының жағдайына байланысты. Себебі бұлтты күндері ай дұрыс көрінбейді.

— Жалпы халықта Айды көруге деген қызығушылық қаншалықты?
— Қызығатындар көп. Әсіресе, жастар жағы құмар.

— Телескопыңыз айды қанша есе жақындатады?
— 300 есе жақындатып көрсетеді.

— Күніне орта есеппен қанша пайда түсіресіз?
— Күніне ең аз дегенде 7-8 мың теңгедей табамын.

— Айға қараған қанша тұрады?
— 300 теңгеге бір рет көреді.

— Айды көріп болғаннан кейін «Осы үшін ғана 300 теңге бердім бе?» деп айтатындар бар ма?
— Иә, айтатындар бар. Ол адамның танымына байланысты нәрсе ғой. Кейбіреулер мүлдем қызықпайды.

— Төлеген ақшасын қайтаруыңызды талап еткендер болды ма?
— Жоқ, ондай әлі кездеспеді. Тегін қарайық дейтіндер болады. Бірақ төлеген ақшасын қайтарып бер деп ешкім байбалам салған емес.

— Тегін қарайыншы дегендерге тез көнесіз бе?
— Ол енді менің көңіліме байланысты (күліп)

— Ай әлемінен бейхабар адамдар сауал қойса сіз жауап бере алатын мүмкіндіктесіз бе?
— Айды көрген адамдарда әртүрлі сұрақтар болады. Кіріспе сұрақтарға жауап бере аламын.

— Көбіне қандай сұрақтар қояды?
— Көбінесе білетін адамдар айды көру қанша тұратындығын да сұрамайды жәй келеді де қарап, айтқан ақшаңды беріп кете береді. Ал танымы таяздау адамдар Айға қараған кезде бетіндегі кратерлерді «Бұл не тесіктер?» деп сұраудан бастайды.

— Сіз қазір сатып алған телескобыңыздың ақысын қайтарып алдыңыз ба?
— Бұл телескоп негізі пайда табу үшін сатып алынбаған еді. Ағам өзі ғарыш әлеміне қызыққаннан соң, ақшасын аяған жоқ.

— Телескоппен ақша тауып жатқандығыңдызды ағаңыз біле ме?
— Иә, біледі. Өзі кәсіппен айналыс деп маған пайдалануға берген болатын.

— Осы жерде тұрып кәсіп істеп тұрғаныңызға салық төлейсіз бе?
— Жоқ.

«Айды сататын» жұмысыңызға қай уақытта шығасыз?
— Айдың көрінуіне байланысты. Әркезде әрқалай болады. Кейде сегізде, кейде 11-12-де шығамын.

— Бұдан тапқан ақшаңызды қайда жұмсайсыз?
— Өзімнің жеке жоспарларым бар. Соған жинап жатырмын.

— Егер қазіргі кәсібіңізден жақсы қаражат тауып жатсаңыз толықтай осы салаға бет бұруыңыз мүмкін бе?
— Негізі жоспарлар бар. Бірақ оларды әлі терең ойластырған жоқпын.

— Айда тіршілік бар екендігіне сенесіз бе?
— Мен оған діни тұрғыдан қараймын. Сол үшін ол жақта тіршілік жоқ деп есептеймін. Айға 50-60 жыл қарап жүрген адамдар да, тіпті ол жаққа ұшып барып келгендер де осы күнге дейін ешқандай тіршілік иелерін көрген емес.
Мен Айға қарап жүрген уақытымнан бері бір-ақ ерекшелік көргенмін. Осыдан 2-3 жыл бұрын Айға қарап тұрған сәтімде халықаралық ғарыш станциясы көз алдымнан ұшып өтті. Бір-екі секундтай көрдім.

— Дін жағынан қарастырамын деп жатырсыз ғой… Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) саусағымен Айды екіге бөлген деген бар. Сол бөлінген жер байқалады ма?
— Қазақта Айға саусағыңды шошайтпа деген содан шыққан. Қазіргі уақытта америкалық ғалымдар Айдың ортасында жыраға ұқсас нәрсе тапты. Кратерлер ұңғымалы болады ғой, ал ол өзгеше. Бірақ ғалымдар оны көп жарияға шығармайды.

— Бұл телескоп арқылы жұлдыздарды көруге мүмкін бе?
— Олардың жермен арақашықтығы өте үлкен болғандықтан, телескоп арқылы да олар жәй жарық нүкте болып көрінеді. Ол қарапайым адамға қызық емес. Сондықтан жұлдыздарды емес, Айды ғана көрсетемін.

— Жақында Марс, Шолпан секілді планеталар жерге жақындады. Сол кезде бақылап көрдіңіз бе?
— Мен Марсты көрмедім. Бірақ Юпитер мен Сатурнды көргенмін. Қазір олар көкжиектен тыс жатқандықтан көріну аймағында жоқ.

— Талай ақынның қаламына сыр бітірген, әннің ең әдемі ұйқастары да осы аспан әлемімен байланыстырып жатады. Мәселен «Айға қарап түсірем сені есіме» деген тіркестің артында бір сыршылдык бардай. Осы тұрғысынан келгенде сізді романтик деп айтуға негіз бар ма?
— Мүмкін…

— Айлы түнді айшықтап, түсінген жанға түннің құбылысын түсіндіруге тырысқан талабыңыз оң болсын!
Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Бөлісу:

18 пікір

Gastarbaiter
— Сонда сіз сатылған айдан ақша жасап отырсыз ғой?
— Иә, сатылған айды сатып пайда тауып жүрмін.

— Телескопыңыз айды қанша есе жақындатады?
— 300 есе жақындатып көрсетеді.


— Тегін қарайыншы дегендерге тез көнесіз бе?
— Ол енді менің көңіліме байланысты (күліп)


— Осы жерде тұрып кәсіп істеп тұрғаныңызға салық төлейсіз бе?
— Жоқ.


— Талай ақынның қаламына сыр бітірген, әннің ең әдемі ұйқастары да осы аспан әлемімен байланыстырып жатады. Мәселен «Айға қарап түсірем сені есіме» деген тіркестің артында бір сыршылдык бардай. Осы тұрғысынан келгенде сізді романтик деп айтуга негіз бар ма?
— Мүмкін…


— Бұдан тапқан ақшаңызды қайда жұмсайсыз?
— Өзімнің жеке жоспарларым бар. Соған жинап жатырмын.



Мдә-ә-ә...

— Талай ақынның қаламына сыр бітірген, әннің ең әдемі ұйқастары да осы аспан әлемімен байланыстырып жатады. Мәселен «Айға қарап түсірем сені есіме» деген тіркестің артында бір сыршылдык бардай. Осы тұрғысынан келгенде сізді романтик деп айтуга негіз бар ма?
— Мүмкін…


sigma
Айдағы жерлер де сатылып жатыр
қызық
MickThatsMyNick
Айдағы айлар болар
Daniar-Alan
— Талай ақынның қаламына сыр бітірген, әннің ең әдемі ұйқастары да осы аспан әлемімен байланыстырып жатады. Мәселен «Айға қарап түсірем сені есіме» деген тіркестің артында бір сыршылдык бардай. Осы тұрғысынан келгенде сізді романтик деп айтуга негіз бар ма?
asaubota
қай жерде бұл? барып қараймын міндетті түрде
rakisheva
Керуеннің маңында (Донер мырзға қараған жағында).
MickThatsMyNick
— Айды қараған қанша тұрады?
— 300 теңгеге бір рет көреді.
MickThatsMyNick
яғни 1 есесі 1 теңге боп тұр ғо,  күніне 7-8 мың деген енді…  -ский ғо
baimosh
халық жазда ғана көреді. Астанада қыс түгілі күздің өзінде кешке тым салқын. Адам тоқтамайды
Korkem
сұрақтарың)))) құщт!
qonyrbai
Қәнөннің орнына телескоп сатып алған дұрыс шығар. Зарбладысы түскенде кім алмай ме екен?
Abilakim
Айды сатып ақша жасайтындар жайлы естіген едім. Айды көрсетіп ақша жасаушылар барын енді біліп тұрмын. Қызықты сұхбат. Кездесе бермейтін кәсіптің иесі
zholantai
Астанаға барғанда Ай көріледі
қысқа сөйлейтін кісі ме дейм, тәптіштеп сұрағаныңа қарағанда
MERmukhanov
Аузынан айдың түскен пұл…
baimosh
Сұхбаттасу барысында өз тарапымнан қателік кетіпті. Телескоп 300 емес, 400 есе жақындатып көрсетеді. Айды көрем десеңіздер, бірінші, аспанға қарап алыңыздар.  Егер, аспан ашық және Ай өзінің көріну фазасында болса, жағалаудағы Кенесары ханның ескерткіші маңынан таба аласыздар. Бір ескерерлігі, Ай Хижра жыл санауындағы Ай күнтізбесі бойынша ғана көрінеді. Мәселен, Рамазан айының 6-ы мен 25-і аралығында. Яғни, шілденің 3-і мен 22-і аралығы. Тек, шілденің жиырмасынан кейін Ай тым кеш шығатындықтан жұртшылыққа ыңғайсыз болуы мүмкін. Сол секілді, тамыз айының 5-інен кейін күн (дұрысы Ай) райының көлеңкесіздігіне қарай көрем деушілерге көңілім ашық
Соңғы түзету:
rakisheva
Бүгін осы кісіні мұражайда көрдім ғоооой
SaryQazaQ
rakisheva , сұрақты төпепсің ғо