Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: "Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады"

Блог - patick: Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады
Санжар Сұлтанов — Канадалық қазақ режиссері, сценарийші, продюсер, актер. 1988 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. 9 жасында Англияға оқуға кетті. Кейін білімін Канадада жалғастырды. 2009 жылы ағасы Саидпен бірге Reverson Entertainment кинокомпаниясын құрып, киножобалар өндірумен айналысады.

Көпшілік оны Джек Лондонның шығармаларына негізделген "Burning Daylight" («Время не ждет») фильмі арқылы біледі. Бұл кинокартина — оның алғашқы толықметражды режиссерлік жұмысы еді, әрі сонда өзі эпизод рөлдердің бірін сомдады. Санжар туралы көбірек білу мақсатымен, оның өзімен байланысқан едім. Электронды поштамен жүргізілген сұхбат былайша өрбіді:

— Сіздің алғашқы толықметражды жобаңыз Роберт Неппер, Пол Кальдерон секілді жұлдыздардың қатысуымен іске асты. Олармен келіссөздер жүргізу қиын болмады ма? Жалпы режиссерлік жолға түскен жас мамандарды кастинг ұйымдастыру тұрғысында қандай қиындықтар күтіп тұр?
— «Время не ждет» жобасына актер іріктеуде менің жолым болды. Көп адамдар оларды қалай көндірдіңдер деп таңғалып жатады… Бірақ бәрі өте оңай іске асты. Робертке сценарий қатты ұнады, басты кейіпкердің бейнесі ол үшін әдеттегідей емес болып шықты. Бұл рөлді Роберт жаңа белес деп қабылдады. Сондықтан актер өз ісінің маманы ретінде үлкен қызығушылығын білдірді. Ал Пол Калдерон Ли Страсберг мектебінде (мен режиссерлік және актерлік тәлім алған оқу орны — С.С.) оқытушыларымның бірі болды. Екеуміз достасып кеткенбіз. Осыған дейін ол менің «Родственные души» деген қысқаметражды фильміме түскен, кейін «Время не ждет» фильміне де қатысуға келісім берді.

Әр кәсіптің өз қиындығы болады. Кинода ең бастысы — ерік-жігер дер едім. Тоқтаусыз еңбек ету керек. Кастинг мәселесіне келсек, алдымен: A) жақсы кастинг агенті керек, B) «offer» жасау үшін мол қаржың болуы керек (бұл жерде режиссер — актерлерге шығу үшін үлкен қаржы қажет дегенді айтып отыр — автор), С) бәрінен бұрын жақсы сценарий керек. Аталған үш пункт болса — кез-келген актерді келістіруге болады.

Блог - patick: Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады
— Қазақстан киносын бақылап отырасыз ба? Қандай фильмдер көңіліңізден шығып жүр, қазақ киносындағы қай маманды ерекше атар едіңіз?
— Өкінішке орай, Солтүстік Америкада өмір сүргеннен кейін Қазақстан киносын бақылауға мүмкіндік болмай тұр. Бірақ бақылап жүргім келеді! Қазақстандағы телеарналар мен дистрибьюторларға батыс нарығына фильмдерді шығару туралы талай ұсыныстар тастағанмын. Алдағы уақытта бұл іске асады деп ойлаймын. Тек серпіліс керек!

— Өткен жылы сіз Қазақстан телевидениесі үшін "Күн сақшылары" деген сериал түсірдіңіз. Бұл жоба несімен қызықтырды?
— Отанға келіп, жергілікті кино-командамен бірге жұмыс істеу деген… осының өзі тартымды емес пе! Осы сатының өзінде-ақ шешім қабылдап тастадым. Кейін сюжет туралы білгеннен кейін өз шешімімнің дұрыстығына сенімім артты.

Блог - patick: Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады
— Былтыр Стивен Спилберг пен Джордж Лукас әлемдік киноиндустрияны тоқырау күтіп тұр, болашақта фильмдердің көпшілігі телевидениеге және түрлі Интернет-сервистерге кетеді деп болжам жасаған еді. Жақында Холли Берри: "Қазіргі кезде актерлар үшін ең мықты сценарийлер телевидениеде жазылады", — деп айтты. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Шынымен үлкен киноның болашағы — телевидение ме?
— Менің ойымша — бұл тым қатты айтылған. ТВ бұрын да танымал болған, ал соңғы уақыттарда телевидениеде күшті кейіпкерлер жасала бастады, әсіресе драма жанрында! Бұрын комедия мен ситкомдар ТВ индустрияның негізі еді. Қазір драма үлкен актерлерді тартып жатыр.

— Сіз телешоулардың фанатысыз ба? Қандай сериалдар көріп жүрсіз?
— Маған «House of Cards» сериалы қатты ұнады (Ресейде «Карточный домик» деген атпен белгілі — автор). Менің ойымша, осындай сериалдар — телевидениенің болашағы. Әсіресе солар қолданған тәсіл (барлық серияларын бірден шығару) — ТВ индустрияда үлкен төңкеріс жасайды.

Блог - patick: Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады
— Ақан Сатаевпен бірігіп, "Хакер" фильмін түсіріп жатырсыз. Жоба қазір қандай деңгейде?
— «Хакер» — біздің компанияның қазіргі басты жобасы. Түсірілім жұмыстары Торонтода, Нью-Йоркта, Гонконгта, Тайланд пен Қазақстанда жүрді, қазір «post-production» деңгейіндеміз. Фильм туралы оқырмандарға көбірек айтқым келеді, алайда әзірше фильм туралы ақпараттарды құпия ұстап отырмыз.

— Сұхбатыңызға рахмет!

Фотосуреттер Санжар Сұлтановтың жеке мұрағатынан
Бөлісу:

32 пікір

zholantai
Көпшілік оны Джек Лондонның шығармаларына негізделген «Burning Daylight» («Время не ждет») фильмі арқылы біледі.
көріледі
жаңа есім үшін рахмет
Abilakim
Былтырлары осы киноны көремін деп жүріп «тарс» ұмытылып кетіп еді. Көретін екен. «Күн сақшыларын» көрмеппін. Жалпы, біздің сериалдарды қадағаламайды екенмін. Ресейдің түрме, ұрлық-қарлық, соғыс жайлы сериалдарын көріп тұрамын аңда санда.
zholantai
patick , айтпақш, мен сен ұсынған «Она»-ны көріп жүрм ғо, әлі аяқтадамым, орысша субтитрмен түпнұсқа тілінде қараудамын, неткен ауыр кино, қиындығы соншалық әлі соңына жетпедім,
рекомендке рахмет
patick
Орысша дубляжбен қарасаң да ұтылмайсың, өйткені Скарлетті дыбыстаған орыс актриса — оның Ресейдегі ресми дауысы.
zholantai
прості, мен көшірген релизде любительский перевод екен, басқасын іздемедім, енді міне түпнұсқада қарап жүрм,
patick
Дубляжбен қарауды ұсынар едім, өйткені барлық мән-мағына — дыбыс интонациясы мен диалогтарда!
zholantai
иә, қарайм ғо, профидубляжын жүктеп алған соң, алдымен түпнұсқада аяқтап алайын
Korkem
Қайдан көріп жүрсің? Сілтеші?
Nodar
Патик, «The Owners» фильмімен Канн фестивалінде көзге түскен Әділхан Ержановпен танымды интервью ұйымдастырсаңыз, алғысым шексіз болар еді
Aya
туф, қандай келісті жігіт еді
AKY
Әлгі кімнен де жақсы ма?)))
Aya
 Сенен көркем емес қайткен күнде де, алаңдама
AKY
Тұрған жерімде парша-парша болдым ғо
patick
Шын айтып тұрғандай естілед, иә?
Aya
Сондағалай ол? Түсінбижатырм
Aya
АҚҚУ ғой өзі тұрған қалпында. Мынау саған гүл
AKY

пы сы: қазір Патик бізді постынан тас атып қуады
Aya
жожоқ өйте көрмесінЧі, өтінеммм
patick
туф, қандай келісті жігіт еді
Санжарға осы комментіңді көрсетейін ба? )
Соңғы түзету:
Aya
Нәтижесінде не болуы мүмкін?)
patick
Білмеймін
Aya
логинымды сұрап жатса тартыншақтамай бере беріңіз )))))
AKY
Aya
Жақсы көру, ұнату бір болғанмен,
Шындығында мағынасы екі бөлек.
Автор: С. Сансызбай
Осыны ешқашан ұмытпа АҚҚУ