Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?

  • Автор
Атырау туралы еліміздің басқа аймағындағылар түгін тартса, майы шығатын жер деп есептейтіні жасырын емес. Және атыраулықтарды шіріген бай деп есептейтіндер де жетерлік. Былай қарағанда соңғы пікірге негіз жоқ емес. Расында да атыраулықтар шіріп жатыр. Бірақ байлықтан емес…
Әңгіменің әлқиссасынан бастасақ. Ақыры денсаулық туралы әңгіме болып жатыр екен. Атыраудың экологиясының денсаулыққа қандай зияны тиіп жатыр, көрейінші деген ойға келдім. Өйткені соңғы жылдары атыраулықтардың денсаулығы өте төмен деп дабыл қаққан пікірлер БАҚ-ты шарлап кеткен еді. Тіпті алдыңғы жылдары «Жас алаш» газеті «Атыраудың халқы бір күнде ұйқысынан оянбай қалуы мүмкін» деп дүрліктірген болатын.
Осындай пікірлерді естіген соң, экологтардың пікірлерін іздедім. Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ мырза ауаның ластануына қаладағы кәсіпорындар кінәлі деп жар салыпты. Облыстың бас экологының сөзіне қарағанда ауадағы күкіртсутектің көбеюі қалыпты деңгейден әлдеқайда көп. Құдай сақтасын, Ербол мырзаның сөзіне қарағанда «Жас алаштың» сөзінің жаны бар ма деп қалам.
Хош, не керек, ауаға зиянын тигізгендерді өз көзімен көрейін деп қаланы шарлап шықтым. Бірақ мен дегенде ай жарық дегендей, шыны керек, танауды қытықтайтын түтіні бұрқырап, шаңдатып жатқан кәсіпорындарды көре алмадым))
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Бұрын қала сыртында болып, қазір ішіне еніп кеткен Химпоселок
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
ЖЭО (ТЕЦ) Бұрын осы жақта тұрған болатынмын. Сонда мына мұржалардан қара түтін будақтап жататын. Қазір...)
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Атырау мұнай өңдеу зауыты.
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Ешқандай түтін жоқ… Алдамшы көрініс болмаса деп үміттенем
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Қаланың екінші жағына жол тарттым. Осы жақта бір шаңдатып жататыны бар еді.
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Атырау Полиэтилен зауыты. Қаладан бірер шақырым жерде.
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
ҚазТрансОйл. Ана мұржалардан түтін шықса… шықпаса неғып тұр дейсің?!

Осындай үңірейген зеңбіректің ұңғысындай мұржалардан шығатын түтінді жұтып жүргенімді елестеткеннің өзі қорқынышты екен.
Содан кейін жалма-жан таныс экологқа хабарластым. Одан осы «зеңбіректерден» шығатын түтіннің қаншалықты зияны бар екенін сұрағам.

Саягүл Жұмашева, эколог:
«Бұл жөнінде мен Ербол Қуановтың пікірімен келісем. Кезінде атмосферада күкіртсутектің мөлшерден тыс көбейіп кеткені туралы талай дабыл қақтық. Ол жергілікті тұрғындардың денсаулығына қаншалықты зиян екенін де айттық. Бірақ бұрын облыстық экология департаментінде жасағанымда ауаның ластануына кімді кінәларымызды білмейтінбіз. Себебі соңғы үш-төрт жыл көлемінде ғана бұл мәселе зерттеле бастаған болатын. Зерттеудің нәтижесі міне белгілі боп отыр. Енді нақты іс-шаралар жасауға мүмкіндік бар»
— Ал Атырау халқы бір күнде оянбай қалу қаупі бар ма?
«Жоқ, құдай сақтасын! Ондай қауіп болуы мүмкін емес. Бірақ дәл қазіргі ахуал шынымен қауіпті. Бірақ бірден әсер етпейді. Ептеп еніп, жайлап алатын болса, жылдар өте келе түрлі ісік, құрт аурулары секілді індеттер жайлауы мүмкін»

Зауыттарды шарлап болғасын, кейін қайтпақ болғанда, атасына рахмет, мені тасып жүрген досым Еркебұлан бір жерді көрсетпекші болып қара жолға түсіп берді.
Салып ұрып, қала сыртындағы қоқыс төгетін жерге келдік. Қала сырты деп айтылғанмен, әлгі зауыттардың маңында, қаладан екі-ақ шақырым қашықтықта орналасқан. Ондағы ахуалды көргенде жағамды ұстадым.
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Құдды арнайы целлофан-пакет алқабы сияқты
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Арасында бір бомж керекке жарарлық бірдеңе іздеп жүр екен…
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
ҚазТрансОйл-дың артқы жағынан көрініс
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Бұны бір көргенде арнайы әлеміштеп-әдемілеген қорған деп ойлап қалуға да болады. Бірақ…
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Жақсы емес…

Әрине, экологтардың зауыттар туралы дабыл қағуын жалған деп айтпақ ойым жоқ. Дегенмен мына соңғы суреттерге қарап, кәсіпорындарсыз да ауаның ластануына өзіміз үлес қосып жатқандаймыз. Мына полиэтилен пакеттер шірімейді. Әрі жердің де ластануына себепкер. Одан қалса, қоқысты өртегенде шыққан түтіні қаланы алып кететіні тағы бар.
Жалпы кәсіпорындармен қатар, Атырау тұрғындары өз-өздеріне жасасаған қысастық жасап отырған сияқты. Оған үйге қайтып келе жатып, қаланың ортасындағы мына бір көзім түскен көрініс дәлел бола алады)
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
Блог - kokbori: Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?

kokbori

Адам

    Ұқсас посттар

    24 пікір

    kokbori
    жалғасы жазылды
    Janasil
    Целлофанды қайта өндіретін технология жоқ па?
    Соңғы түзету:
    KONILDI
    Өкінішіке орай болмай тұр, осыдан бір-екі жыл бұрын целофанды қойып қағаз қапшықтарға көшеміз деген депутаттардың бір отырысында, бірақ жоқ боп кетті гой
    Adiletshu
    Тырмалап-тырмалап өртей салмайсыңдар ма
    Olzhass
    өрттен шыққан улы түтін өкпені одан сайын улайды ғой
    temir1986
    Халық мал сияқты. Шынымды айтсам зәузатымен құлдилатып боқтағым кеп отыр ауылдастарымды, қатарластарымды, үлкен-кішісін түгел. Ауылдың айналасында пакет пен баклашкадан, бөтелкеден көп нәрсе жоқ. Сенбілікке өмірде шықпайды. Ұрсайын десең кілең кемпір шалдар қоқысты көзіңше апарып дамбаның сыртына жалп еткізіп, маған нестейсің деген кісіше бағжиып өте шығады.
    bizbike
    Соны айтамын, әкімшілік адам бөледі көше жинайтын, олар бәрін де жинап жүреді, ал тұрғындар болса өзі тұратын жерлерді ластауға жиіркенбейді, өзінің подъезіне темекі тартып, күлін шашып кетеді.
    rakisheva
    Уууужс! Қара түтін шығаратын «зеңбіректер» емес, целлофано-пакетовая долинан қызық болды ғой  Құдды біреу «заборын» арнайы сәндеп қойғандай…
    Соңғы түзету:
    Tyulpan
    мяяя, анау қай жақ? көрмеппін мынадайын
    MickThatsMyNick
    бүкіл қазақстан мәселесі
    ken
    Дәл осындай қоқыс төгетін жер үш-төрт жыл бұрын Астанада да болған, Павлодарға қарай шығатын жол бойында. Астанадағы «Шанхай», «Көк базары» деген базарлардың жанында еді. Полиэтилен пакеттері осылай көкке ұшып жататын. Сол қоқыс қазір жоқ. Басқа көзге көрінбейтін жаққа ауыстырған болу керек.
    ken
    Астаналықтар Ильинкаға бара жатқан жолдағы «сасық көл» туралы пост жазса болады екен.
    neoaskar
    Қазақтар, қазақтар, қазақтар. өзімізге өзіміз зиянбыз.
    MERmukhanov
     көңіл күйім түсіп кетті
    SaryQazaQ
    ТЭЦ деп өзгерт немесе алып таста.
    Gastarbaiter
    Мына қоқыстар бізден ұзақ өмір сүретін болады.
    Armanjan
    Сұмдық-ай! Бұл бүкіл еліміздің өзекті проблемасы. Соңғы уақыттары Павлодар өңірі экологиялық зардап жағынан республикада алғашқы орынға шықты деп дабыл қағылуда. Еліміз көлемінде ауыр өнеркәсіп саласының шоңырлануы бойынша Павлодар алғашқы орындарда болса, экологиялық проблемада да алға шығыпты. Бір ғана Электролиз зауытының зияны ұшан-теңіз (қаладан 10-15 км ғана, Қытайлар салған), 2012 жылдың қараша-желтоқсан айларында (екі айда ғана) қатерлі ісік бойынша бүкіл бір жылға татитын көрсеткіш тіркеліпті, Ақсу ферроқорытпа зауытының жыры өз алдына, айта берсең таусылмайды, ел жаппай көшуде, үй сататын адам қазақ боса еее Астанаға көшейін деватсың ба, ал орыс боса Ресейге жиналып жатсың ба деп сұрайтын күнге жетті. Опшым Павлодар алғашқы орынға шықты деп мамандар шулав атыр…
    ken
    Осы Павлодардың қоқысы қайда? Алматы, Астана, Шымкент — бәрінің жанында қоқыс тастайтын жері бар. Павлодардан ондайды көрмедім.
    Armanjan
    Успенкаға шығатын трасса жақта, ал былай қаланың маңаты қоқысқа толы, әркім өзі қалаған жеріне апарып нете береді нақ. Қаланың сыртын айналып жүрсең қоқыстан аяқ ап жүргісіз
    ken
    Қаладан Астанаға, Омбыға, Совхоз Техникумға қарай шығатын жолдармен шығып көргенмін. Сен жазғандай қоқысты байқамадым. Тап-таза еді, мен үшін. Бәлкім өзім болған басқа қалалармен салыстырып отырған болармын.
    Armanjan
    дұрыс айтасың жолдың бойы тап-таза, өйткені көзге көрініп тұратындықтан солай, ал анау жол жиегіндегі ағаштардың арасына таман барып, кішкене өтіп дәрет сындырсаң, жан-жағыңа мойныңды бұрсаң, өзің-ақ «ой әкеңнің» деп боқтай жөнелесің
    Blogshy
    Бір күнде оянбай қалуы мүмкін деген сөзді бір инженердің өз аузынан естідім. Ол кісі АДЖИП тың Қарабатан жобасында жасап жүрді, сосын тренингке барды күкіртсутектен сақтану туралы. Сол кезде айтып жүрді, адамның өлуіне H2S тың пәленше ppm мөлшері жарайды, ал болашақ зауытта оның мөлшері 1000 есе жоғары, егер жарылыс бола қалған жағдайда өте қауіпті деп…
    sammita
    Атырау туралы еліміздің басқа аймағындағылар түгін тартса, майы шығатын жер деп есептейтіні жасырын емес.
    ондай өңірге тіптен жатпайды Атырау.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.