Кардиохирургтың бір күні

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бұл жазбада психикаға әсер етуі мүмкін материалдар қолданылды.

_____________________________________________________________________

Қазіргі таңда Еліміздің бірқатар емханаларында жоғарғы технологиялық қызмет көрсету мүмкіндіктері бар.
Соның бірі Астана қаласындағы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі — Орталық).
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Орталықтың тарихы 2011 жылдан басталады.
Заман талабына сай кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіретін Орталық — Орта Азиядағы медициналық қызмет ету және сервис деңгейі мен сапасы бойынша жетекші кардиохирургиялық мекеме болып табылады.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Орталықтың негізгі міндеті:
Қазақстан Республикасының тұрғындары мен шетел азаматтарына кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласында сапалы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, осы салаға заманауи медициналық технологияларды енгізу және тарату.
_________________________________________________________________________________________________________________________________
Елімізге белгілі жоғары білікті кардиохирург, «алтын қолды» маман Ермағамбет Мұқанұлының өмірінің бір күнінен үзінді.

Осы Орталықта қызмет етіп жүрген білікті мамандардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Соның бірі, таныс болыңыздар:

Қуатбаев Ермағамбет Мұқанұлы


Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Орталықтағы №2 кардиохирургия бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші категориялы
кардиохирург-дәрігер, европалық кардиоторокалды хирургтар қауымдастығының мүшесі.

Таяу және Қиыр Шығыс елдерінде: Түркия, Германия, Израйль, Италия, Ресей елінде кардиохирургия бойынша мамандандырылған.

Орталықтағы кардиохирургтардың жұмыс уақыты таңғы 07:30 дан басталып 17:30 да бітуі тиіс. Бұл әрине еңбек шарты бойынша ғана…
Е.М.:
Бүгінгі күнді, таңға жуық 05:00 шамасында, жылаған баламның дауысынан оянып қарсы алдым. Жақында (07 сәуір 2014 жыл) жұбайым маған шекесі торсықтай ұл сыйлады. Әлі тіпті есімін де қойып үлгермедік.

07:30 — 08:30
Бөлім басшысының жұмыс күніндегі ең алғашқы жұмыс: таңертеңмен пациенттердің қал-жағдайын білу үшін аралап шығудан басталады.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Орталықта барлығы 6 ота жасау залы бар.
10 сәуірге 14 науқасқа ота жасау жоспарланған.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

08:30 — 09:00
Ота жасауды бастамас бұрын Орталықтың барлық мамандары жиналып өзара мәжіліс өткізеді.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Ота жасау — алдын ала тыңғылықты дайындалуы, науқастың күй-жағдайын толық зерттеп, сараптап барып шешім қабылдауды талап етеді.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

09:00 — 09:15
Ота жасауға дайындық толық стерилденген арнайы киім-кешектерді кию, себезгі қабылдау мен қолды антисептикалық тазартудан басталады.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Мен де жуынып-тазаланып, талапқа сай киімімді ауыстырып алдым.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

09:15 — 11:25
Алғашқы ота (жасау барысы).
Командада 12 адам.
Науқас - алғаш рет ота жасатқалы тұрған орта жастағы ер адам.
Ота тақырыбы - жүректің аорта қақпақшасындағы түтікшесін алмастыру (жасанды түтік салу).

Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Перфузиолог дәрігер барлық болып жатқан жағдайларды қағазға тіркеп отырады.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Ота жасау сәтті өтті.
Е.М. өз командасына алғысын білдіріп, өз жұмысын ары қарай жалғастыруға кетті.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

11:15 — 13:45
Бас аяғы 10 минут ішінде қайтадан жуынып шайынған Е.М. келесі ота жасау залына көшіп кетті.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Командада - 10 адам.
Науқас - 3 жыл бұрын ота жасалған әйел адам (қайта жасау).

Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

13:45 — 16:00
Түскі демалыс.
Бірақ Е.М.-ның жұмысы өте, өте… тығыз еді. Әр секунды санаулы екен деген әсерде қалдым.
Бөлім басшысы болғандықтан, Е.М.-ның тығыз графигімен арпалысып жүріп, Орталықтың басқа қызметкері өздерінің құжаттарына әртүрлі жерлерле, алуын түрлі жағдайларда қол қойдырып алуға тырысады.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

Күрделілігіне байланысты кезекті ота жасаудан бұрынғы командалық кеңесу.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

16:00 — 19:20
Бүгіндікке №3 ота.
Командада - 11 адам.
Науқас - Алғаш Ақтөбеде сәтсіз жасалған отадан кейін қайта жасалғалы отырған 1987 жылғы ер адам.

Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Ота залында тиісінше видеокамералар орнатылған.
Барлық жасалған әрекеттер, шығындар, уақыт, науқастан байқалған барлық реакциялар міндетті түрде хаттама ретінде толтырылып отырылады.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Қуанышқа орай бұл ота да өте сәтті өтті.
Барлық қызметкерлердің еңбегі ақталды. Команда бір-бірін құттықтасып жатты. Тағы да бір «жүрек» өмір сүретін болды…
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

Шыны керек, сағат-сағатқа созылатын ота жасау барысын жай ғана бақылап тұрған менің өзімнің мазам қашып, бойымнан шаршау мен ұйқының белгілерін сезе бастадым.
Е.М.-нан «Осы Сіз таңнан бері әлі бір дем алмадыңыз, тіпті жөнді түскі ас та ішпедіңіз. Меніңше мұндай оталарды жасау ғаламат күш пен есепсіз энергияны, жіті қырағылық пен тапжылмайтын табандылықты талап ететін сияқты. Ал, Сіз күні бойы бір жөнді дем алмадыңыз. Мұныңызды қалай түсіндіресіз» дегенімде -
Е.М.:
Мен, жалпы медицина саласында мектеп бітіргелі жүрмін. Оқу оқып жүргенде де көмекші ассистент боп талай оталарға қатыстым. Ұйқы мен демалыстың қажеттілігі бар әрине. Бірақ, Құдай бойыма бір қуат беріп қойғандай. Мен үшін 2-3 сағатқа созылатын ұзақ ота жасаулар 1 минутта өтіп кеткен сияқты болады. Тіпті, шаршау дегенді білмеймін.
деп жауап берді.

Біз ота залынан шыққанда Е.М. маған өзінің ұялы телефонын көрсетті.
Бас аяғы 48 жауап берілмеген қоңырау келіп түсіпті…
Олардың арасында: Шет елден, басшылықтан, үйден келген қоңыраулар болды. Оларға да уақыт тауып бәріне қайта қоңырау шалып шығу керек.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

19:20 — 21:30
Соңғы отаны аяқтап шыға сала есіктің алдында Е.М.-н әлгі жігіттің Анасы күтіп тұр еді.
Е.М. ота барысын баяндап, оның сәтті болғанын болғанын айтып, алаңдаудың қажеттілігі жоқ еткенін түсіндіріп Ананың көңілін бір серпілтіп тастады.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Ал, мына кісі Е.М.-н таңғы 09:00 ден бері кабинетінің жанында күтіп отырғандығын айтты.
Ертеңгі күні ота жасалатын қызының тағдырына алаңдаулы…
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Күні бойына Е.М.-ң қолы қойылатынмынаншама құжаттар жиналып қалыпты. Оның барлығымен танысып, қолын қойып шықты.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Кабинеттегі барлық жұмыстарды бітіріп, Е.М. енді палаталардағы науқастарды кешкілік айналып шығуға шықты.
Ертеңгі күні ота жасалатын науқастармен әңгімелесті.
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні
Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

Сағат тілі 21:35 тер шамасын көрсеткенде, Ермағамбет Мұқанұлы сүйікті жұмысындағы парызын адал әрі абыроймен атқарып, көтеріңкі көңіл-күйде, өз көлігімен Орталықтың территориясынан шығып бара жатты…

Оларға осы Орталықта ота жасалып, жап-жарық Әлемнің нұрын жүрегімен сезіп жүргендеріне бақытты жандар:

Блог - abzalsariyev: Кардиохирургтың бір күні

P.S. Ешқашан ауырмаңыздар! Бақытты болыңыздар!!!
abzalsariyev

красафчик жігіт енді, айтып жеткізе алмайм…

Ұқсас посттар

48 пікір

Ispek92
Мықты, нағыз еңбек
patick
Ия, жеңіл шаруа емес: хирургтыкі де, автордыкі де!
AKY
Күшті фотореп!
Marco
Міне жұмыс. Алдымен хирургтікін айтам. Бір күнде үш адамның өмірін сақтап қалды. Ол үшін оған патриот болудың, ұлтшыл болудың, діндар болудың, тіпті қазақ тілін жетік білудің қажеті жоқ.
abzalsariyev
Мәке, менде видеолар бар. Анау команданың басым көпшілігі қазақтар. Ота жасау кезінде барлығы қазақша сөйлесіп, әзілдесіп жатты. Ол кезде тіпті елжіреп кеттім
abzalsariyev
Қайрат Нұртастың Ауырмайды жүрегін бірге айтты)))
Adiletshu
Патриот, ұлтшыл, діндар, қазақ тілін жетік білетін адам болып шықса
Marco
Абзал, маладес!
DariyaSarsenova
Бір күн. Бір үміт. Бір тағдыр!
Ақ халаттыларға артылған жауапкершіліктің мен ойлағаннан да қиын екенін түсіндім!
abzalsariyev
прикинь Дария керекинфода жүр)
aikarakoz
Супер! Абзал, респект  Дәрігер сүйкімді екен
aikarakoz
Екеуміздің жазбамыз керемет үйлеседі екен  Ота жасаушы тарап пен жасатушы тарап
AKY
Сенің кейіпкерің отыр ғо әні
aikarakoz
Жәнеееееем, кейіпкерім
abzalsariyev
Сыбайлас қамқорлық)
Aldeken
Сауналастар қатарына бекер шақырылмағандығыңды дәлелдедің… Автор үшін де, өзім үшін де қуанып отырмын...))))))))))))
bizbike
Ғашық бовотрм
rakisheva
Күштііііііііііііііііііііііііііі! Керемет Абзал
MERmukhanov
Мықты кісі екен. Мықты жазба соған, сәйкес.
Қолдан жасалған түтік
— «Жасанды түтік» деп жазу керек деп ойлаймын.
zholantai
abzalsariyev , мықты, өте мықты фотореп, қақ ортасында жүріп, тынысын сезгендей болдым,
"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының" ғимаратын сыртынан көріп: "іштегі тіршілігі қалай екен" деп ойлайтын едім.
Көп рахмет, жаза түс,
borte_92
Әділ Ахметов түскен кинодағы орталық емес пе? Негізі мықты!
Kelinshek
Өөөте керемет репортаж екен! Дәрігерлердің бәрі мұндай бола бермейді ғой, бірақ. Бұл енді, нағыз оқымысты, тәжірибелі, білікті дәрігер екені білініп тұр. Еңбегі жана берсін!
Erkekyz
Иии таним ғой бұл ағайды. Супер ағай ғой! Жүрген жерімде рекомендеп, мақтап жүрем))).
Arys_arlany
пышаққа түсу жақсы атақ емес. тіпті жеңіл ота жасау деген болмайды. Ота жасайтын залға «күліп» кіріп, шыққаннан кейін екі күн сөйлемей қойғаным есіме түсіп кетті.
Marco
Бұл орталықтың қызметімен етене танысуға мәжбүр болған едім бір кезде. Шынымен, қызмет көрсету деңгейі, дәрігерлердің біліктілігі, жанашырлығы мақтауға тұрарлық. Жатқан адамға емін-еркін кіріп-шығып, емін-еркін қасында отыруға мүмкіндік беретінін айтсаңшы. Ондайға үйренбеген де қиын. Жалтақтап, «мына келе жатқан санитарка қуып шығатын шығар» деп қуыстанып отырасың.
mampasi
Жалтақтап, «мына келе жатқан санитарка қуып шығатын шығар» деп қуыстанып отырасың.
nurbergen_makym
Красавчег, Абзал
Daniar-Alan
Шымкееннтт брооо
mampasi
Кардиохирургия орталығынан келген екі мақаладан осы жазба ұнады
serjan
Рахмет Абзал еңбегіңе, жалпы мына денсаулық тақырыбы жақсы болды, біраз тәубама келіп қалдым.
Janasil
Осы тақырып Абзалғадың оң жамбасына келетінін сезген едім. Әдемі, мүмкіндігіңді әдемі пайдаланыпсың!!!
Жалпы бұл мед.холдингте компютермен отырып мидағы тамырға операция жасайтын жас жігіттер бар.
Anar70
Абзал+100! Әкем қазір № 1 қалалық емханада жатыр, осындай кезде түсінеді екенсің… қазіргі әкемнің жағдайы дәрігерлердің қолында…
VKM
Бірге жүріп өз көзіммен көргендей әсер етті.Супержазба! Неге кардиохирург не журналист емес екенмін?)
west_laura
кесарева операциясы туралы кім жазып бере алады екен дал осылай анықтап? ( осыдан екі ай бұрын операция болып казір «шалагүлімді» столға қойып, өзім керекинфоға сығырая үңіліп отрм)
Marco
Екі жеңгем бар, осы жердегі братандардыкі, үш-үштен кесарить еткен батыр-аналар. Солар бірдеңе демесе.
asaubota
рубец нормально болса үшеу тууға болады дейін ба?
Gastarbaiter
Әкем осы жерде ота жасатқан жүрегіне. 1,5 жыл өмір сүрді. Тіпті жұмыс та істеді. Рахмет. Тақырып та, суреттер де ұнады.
Nodar
жақсы адам. жақсы жазба.
Zilola
біздеде бар екен ау осындай орталық деп енді сеніп отырмын, твдан айтқанның көбісіне сенбей үйреніп қалыппын уже.

1987 жылғы баланың жүрегіне ота жасалып жатқандағы суретте апай не ұстап тұр?
abzalsariyev
1ші суретте ма?
Zilola
3ші отаның 3ші суретінде тәте басын ар жаққа қаратып, қолымен бір затты ұстап тұр? сол іштегі бір мүше ма дегенім ғо, мысалы өкпенің етегі
abzalsariyev
Ол дене мүшесі емес, жәй стерильденген мата болуы мүмкін.
Blogshy
Керемет пост, осындай елге еңбегі сіңіп жүрген азаматтар көп қой білінбейтін, ұзақ ғұмыр берсін осы кісілерге. Бәріміз дәрігердің қателігін шулап айтамыз, бірақ жетістігін айта бермейміз
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.