Блогиада #1: Менің көктемдерім

  • Автор
Соңғы бірнеше жылдан бері әйелім екеуміз әр көктем сайын мини-саяхат жасауды дәстүрге айналдырып алдық. Мини деуімнің себебі — саяхатымыз шетелге немесе Қазақстанның алыс мекендеріне емес, өзім тұрып жатқан Алматы маңайына жасалады. Сонымен, өзім барған-көрген тамаша жерлермен бөлісуді жөн санадым.

Блог - patick: Блогиада #1: Менің көктемдерім
2011 жыл: Үлкен Алматы көлі. Көктемнің соңғы айы мен жаздың басталуы қарсаңында табиғат аясына шыққыңыз келсе, ҮАК — керемет орын. Бұл мезгілде мазаны алар шыбын-шіркей бола қоймайды. Сондықтан көлдің маңайындағы қылқан жапырақты тоғайға кіріп, жайлы көлеңкеде демаламын десеңіз де, жасыл шөпті төсек қылып күнге қыздырынсаңыз да өз еркіңіз.

Үлкен Алматы көлінен видео шолу:


Блог - patick: Блогиада #1: Менің көктемдерім
2012 жыл. Шарын шатқалы. Каньон көнелігімен, жұмбаққа толы бедерлерімен таңғалдырады. Кейбір тастардан ежелгі өсімдіктердің іздерін табуға болады. Бұл жерге де көктемде барған тиімді. Жаздың ыстығында ашық аспан астында бірнеше шақырым жаяу аралау қиындық туғызары сөзсіз.

Шарын шатқалынан видеошолу:


Блог - patick: Блогиада #1: Менің көктемдерім
2013 жыл. Түрген сарқырамасы. Мамыр кезінде Түрген ерекше құлпырады екен. Орман-тоғайлар мен аң-құсқа, дала гүлдері мен бұлақ-суларға бай мекен. Бұл сапар тек сарқыраманы көрумен шектеледі деп ойласаңыз — қателесесіз. Әдемі табиғаттан, тарихи орындарынан, түрлі шаруашылықтарынан үлкен әсермен ораласыз.

Түрген сарқырамасынан видеошолу:


Міне, біздің соңғы 3 көктеміміз осындай сапарлармен ерекшеленіпті. Биыл Қайыңды мен атақты Көлсай көлдеріне баруды жоспарлап отырмыз.

Ұқсас посттар

18 пікір

zholantai
баратын, көретін жерлер
patick
Видеолар көрініп тұр ма?
zholantai
көрінбейді. мен өз компымнан деп отыр едім. өйткені көп ретте сайттағы видеоларды шығармайтын жыны бар. видеоның разрешениесі қатаң-ау дейм, менде көрінбей тұр
patick
Әдісін таптым-ау әйтеуір
zholantai
неден екен?қалай істедің?
patick
Лайвстриттің бір форумынан таптым.
Коды осындай болуы керек екен: www.youtube.com/watch?v=A0v5RQogfto&feature=player_embedded
Тек қарамен боялған жеріндегі видеоның ID-ін өзінікіне ауыстырып отырсаң болғаны )
zholantai
Шарын шатқалындағы фото әдем шығыпты, «127 сағат» -тың постерлері қатар көлбеңдеді
aza
Екінші турға смело өтіп тұрсың ғо, бром! Әрлеуің ұнады!!!
zholantai
енді осы жерлерге жету жолын, бару, келу шығыны туралы бір пост болса,
omarbirat
Үлкен Алматы көлін көрмедім. Жұмыстағылармен бірге баратын кезде бармай қалғанмын. Көлсай жақты да көргім келіп жүр. Өзім туғалы бері Алматы мен облыста жүрсем де, көрмеген жерлерім жетеді
bizbike
Бағытын, жол шығынын шынымен де қосып қойсаңыз керім болар еді.
patick
«Туры выходного дня Алматы» деп іздесеңіз, аталған бағыттарға апаратын компаниялар шығады. Қызмет түрлері мен олардың бағалары солардың сайттарында көрсетілген.
nurbergen_makym
Отбасылық идиллия!
Соңғы түзету:
madlen
Алматыда тұрсақ та, көп жерлерін көрмегеміз ғой…
Meru
Өз көлігіңізбен барсаңыз жатар орын мен ыстық тамаққа қана шығын шығады, басқада сұрақтарыңыз болса жазаңыздар.
Basic
Биыл мини саяхат бола ма?
patick
Бала кішкене өскесін болмаса
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.