Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

  • Автор
Сәлем, достар! Дәм-тұз бұйырып Түркияның Ескишеһир қаласын көруге мүмкіндік туды. Басты мақсат – биыл алғаш рет ұйымдастырылған Түрквижн байқауына еліміздің атынан шыққан Ринго тобына қолдау білдіру, жанкүйер болу.
Жұма күні түнгі бірде шығып кеттік. Таңертең қалада болып, кешке дейін қаланы қыдырып, кешке концертке кіреміз деп жоспарладық. Қолымызда жиырма билет бар. Жиналғаны он жеті студент. Әрине, қалта көтерсе барлығы барғысы келеді. Измирдегі «Қазақ мәдениет орталығның» басшысы Чаглар Ербек мырза жол қаражатының жартысын көтеріп арнайы көлік тауып берді. Рақмет!
Таңғы жетілерде Ескишеһирде болдық. Измирдің жылы ауа-райына үйреніп қалған біздер, тұманды, ызғарлы, аппақ жерді көргенде біраз абыржып қалдық. Измирдің желіне арызданғанымыз – тәлпіштік екен. )) Сол қалада оқитын қазақ студенттер қарсы алып, үйлерінде күтті.
Ескишехир десе, бірден еске админ Аршат түседі маған. «Менің Ескішеһирім» деп кемсеңдеп отырғаны елестейді.  Ескісін қайдам, жаңа әрі әдемі, сәнді көп қабатты үйлер көп. Шағын қала.

Тағы бір байқағаным, мұнда жаңа жыл мерекесінің лебі көбірек сезіледі. Қай жерде болмасын безендірілген жасыл шырша, Аяз ата, жаңа жылдық безендірулер. Көретін жер, ішіп-жеуге тұрарлық не бар екенін алдын-ала интернеттен қарастырмаппын. Емтихан деп жүріп ұмытылып кетті. Тамақтануға бір-екі кафеге бас сұқтық. Ескишеһирдің мәшһүр тағамын сұрап едім, даяшы бас шайқады. Осы біздің Қазақстанда да жоқ қой ондай. Тек, Шымкент – самса, палауымен, Алматы –апорт, ұйғыр лағманымен, Қызылорда – Сыр күріші, нан салмасымен ерекшеленбесе. )) Артынан біліп жатырмыз,   мұнда Нуга тәттісі мен чийбөрегі танымал екен. (Аршаттың айтуы бойынша)
Әдеттегідей жүрген жерім комедия ғой. Ескишеһир – ұмытылмайтын біршама оқиғасымен есте қалатын болады. Тамақ ішуге бір кафеге кіргенбіз. Мен саңырауқұлақ қосылған тауық тағамына тапсырыс бергем. Даяшы тағаммен қосып «нар суын» әкеліп берді. Мен қайдан білейін, ішетіндерден шәйге ғана тапсырыс бергем, «нар суы» салатқа қосатын анар қышқылы (соя сияқты болады) екен деп ойлап, алдымдағы салатқа біраз тамыздым да жеп алдым. Тамаққа қосайын десем, еш қисыны келмейді. Есеп айыратын кезде бір-ақ білдім. «Нар суы» – анар қышқылы емес, кәдімгі анар шырыны екен.  Даяшы тапсырыстан қателік жіберген. Оқасы жоқ, шырын қосылған салат та жаман емес сияқты. ))
Қаланы аралап жүріп, Ескишеһирдің символы белгіленген магниттерге көзім түсті. Ердей келген соң мен де алайын деп ойладым. Сол сәтте бір-ақ еске түсті Қожанасырдың туған жері екенін. (Хорту деген жерінде ескерткіші бар-мыс.) Ақшасын төлеп шыққанша жанымдағылардан көз жазып қалдым.  Топпен жүргеннің бір жаман жері осы ғой. Олар да түгелміз деп ойлаған. Телефоным бір-екі күн бұрын жабылған. (Түркияда шет елден келген телефондарды салығын төлеп, тіркетуің керек. Ол үшін Түркия паспорты сияқтанған құжат пен нөмірі керек. Оларды алу үшін бір ай күттім. Бір айдың ішінде тіркетуге кешігіп қалғандықтан телефон да жабылды. Негізі телефонды Түркиядан сатып алған дұрыс екен. Салығы қымбат, сол бағасы шығып кетеді бәрібір. Қарапайым дымы жоқ телефонның өзі он мың теңгедей тұрады. ) Не керек, ары-бері іздеп таба алмадым. Мейірімді адамдар көп қой, солардың көмегімен достарға хабарласып, үйіріме қайта қосылдым. Ақыры Ринго үшін келдік қой деп, топ мүшелерімен кездеспекші болғанбыз. Бірақ олар баспасөз мәслихатында отыр деген хабар алдық. Қаланың сауда орындарын аралап жүріп әнші Марат Омаровты көзіміз шалып қалды. Жанына баруға үлгермей қалдым.
Дайын сервиспен Анадолы университетінің спорт салонына келдік. Түркияның арғысы Анкара, бергісі Стамбул, Измир, Кония және т.б. қалалардан жиналған қазақстандық студенттердің саны жетпіске барып жығылады. Барлығы өз қаражатымен келген. Залдың екі қанатына жайғастық. Ұранымыз «Қазақстан. Ринго. Алға» болды.  Ақылдасып барлығымыз бірдей айқайлап, конкурс аяқталғанша туды жықпай тұрдық. Бізді көріп Түркияның жанкүйерлері де шулап қояды. ))  Арамызда түркиялық түріктерден Ринго тобының жанкүйерлері де бар.
Түрквижн ән байқауына қатысқан түркі тілдес 24 мемлекет ішінен финалға өткендері 12 елдің өнерпаздары болды. Әділқазылар ішінде бізден Қыдырәлі Болманов бар. Елшіміз Ж.Түймебаевты да көзіміз шалып қалды залдың ішінен. Ең болмағанда үшінші орын алатынына кәдімгідей сенімді едік. Тоғызыншы орынға сырғып бара жатқанда жанымыз күйіп кетті. Түркия өз елінде өтіп жатқан соң орын алмайтыны босамаса белгілі. Қазақ-қырғыз туыстығындай, түріктердің әзерилерді қаншалықты жақын тартатынын сол залдың аурасынан байқауға болады. Әділ өткен жоқ деген әңгімелер де шығып үлгерді. Кім білсін?! Жанкүйер боламыз деп, өз еліміздікіне сын көзбен қарап, бағалауға еш мүмкіндік болған жоқ. «Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне» дегендей болды. Өз басыма Ресей Федерациясына жататын Алтай Республикасынан келген Артур Марлужоковтың дауысы ұнады. Онда операға лйықты дауыс бар. «Алтайым менің» деген әнді шырқады. Негізі Заттыбекті апарсақ та болады екен. Несі бар, Косовадан Ергин Карахасан деген деген әнші де қатысты ғой.  Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, сол тоғызыншы орынды иемденіп қайттық. Аздап көңіл түсті. «Сонша тамақтарың жыртылып айқайлағанда, үміттерің ақталмады ма?!» деген залдағы кейбір көрерменнің әжуа аралас күлкісі жығылған үстіне жұдырық болды. Еңсемізді түсірмедік.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың болашағы зор. Болашақта Евровидение байқауыннан асып түспесе кем түспейді деп ойдаймын. Келер жылға үміт артамыз. Соңында қайтуға жиналып тұрғанбыз. Ринго тобы бізді көргісі келетінін жеткізді Бардық, жүздестік. Жанкүйерлерге алғыстарын айтты. Біз де «ең үздігі — Ринго» деп қолдау білдірдік. Қазақстанның туы бар футболкамызға риза болды. Топтың бір мүшесі де өзінде Қазақстан жазуы бар футболка барын айтып, көрсетті.   Айтпақшы, бағанағы Марат Омаров та сол жер де жүр. Құтты бір әкеміздей сондай қамқор.
Видеоға түсіріп алған едім Рингоның шыққан сәтін. Біздің айқайымыздан естілмейтін сияқты  


Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Блог - Kipshakkyzy: Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))
Kipshakkyzy

Өмірді сүйетін жан

    Ұқсас посттар

    20 пікір

    ken
    Келесі жылғы Түрквижн Әзірбайжанда өтеді ме енді?
    ken
    Радио Эхо Москвы Түрквижн туралы жазыпты, бірақ конкурстың өзі туралы айтудан бұрын былай деп қыңқылдап қалыпты:
    Похоже, Анкара уже никогда не свернет с того пути, который обозначил для своей страны в разгар распада СССР турецкий премьер, неолибирал и теоретик турецкой рейганомики Тургут Озал. Именно ему приписывают авторство проекта о едином тюркском культурном, а впоследствии, и политическом пространстве. И именно эта причина циркулирует в турецкой прессе как основная в деле его вероятного, то есть пока еще не доказанного отравления в 1993 г. Еще более непонятно: кто мог его отравить? Но давайте вернемся в день сегодняшний.

    Прокурдские и леворадикальные СМИ в Турции сегодня в негодовании: вот засада! Исламист Эрдоган так и не спрыгнул с туранского проекта! И повод для подобный реакции более чем существенный. В староосманском туристическом городке Эскишехир, который находится в сердце Анатолии, начинается международный песенный фестиваль Türkvision 2013. Данный конкурс проводится впервые. Авторство проекта приписывают правящим неоосманистам во главе с действующим премьером.
    Gulistan
    Келесі жылы Қазанда өтеді.
    MickThatsMyNick
    Нұржанды жіберу керек ед.((
    bizbike
    Ринго да жаман емес қой, маған ана бейнебаяндары ұнайды «Толғау» деген.
    asaubota
    суреттерді маған жібер, салып қояйын asaubota@gmail.com

    ана спортзалда талай жарысқа қатысып едім…

    қалай біздің кампус ұнады ма?
    Kipshakkyzy
    Басында көрмей жатып спорт залда болатынын естігенде, біраз таң қалғам. Халықаралық байқау қалай бір универдің спорт салонында өтеді деп. Кейін көрген соң қатты ұнады! ))
    asaubota
    суреттер қосылды
    Kipshakkyzy
    Көп рақмет! Алдында ондай проблема болмаушы еді.
    asaubota
    суреттердің көлемі өте үлкен, кішірейтіп алып салу керек
    bizbike
    Күштіііііііі. Ана аличберич меркези деген не? Алысберіс базар ма сонда?
    ken
    марказ — орталық (өзб.)
    сонда «алыш вериш меркези» — алысберіс орталығы шығар
    Соңғы түзету:
    asaubota
    МЕГА сияқты ОСО ғой. түрікшеден тікелей аударғанда алыс-беріс орталығы
    ken
    Ататүрктің кезінде түрік тіліндегі көптеген араб-парсы сөздері алынып тастап, оларды түркі төл сөздермен алмастырыпты. Парсының «сауда» сөзі Ататүріктің кезінде наққа жіберілген болса керек.
    bizbike
    Бізде де орысшадан тікелей аударылған, ауадан алынған жаңа сөздер мен терминдер сол жаққа жіберілсе ғой шіркін!!! Мысалы ҰСТАНЫМДЫЛЫҚ деген.
    Соңғы түзету:
    ken
    арабизм мен персизмдерден арылу үшін жаңа сөздер ойлап табу түріктерде де болыпты.
    қазақтар тек орыс тілі арқылы келген сөздерді ғана аударуда. араб-парсы сөздеріне тиіспейді, неге екенін. тіпті кейде орыс сөздерін араб не парсы сөзімен алмастырып жатады.
    Nurgisa
    арғысы Анкара, бергісі Стамбул, Измир, Кония және т.б. қалалардан жиналған қазақстандық студенттердің саны жетпіске барып жығылады. Барлығы өз қаражатымен келген.
    осы бір жерің қатты толқытты…
    edige
    Қай қазақ Елінің туын жоғарыдан көргенді қаламайды.
    Әйтсе де өз ойым «Ринго» тобында дарынға қарағанда понт басымдау. Жеңіп шыққан Фариддтің басымдығын да байқамадым. Бұл сайыста дұрыс таңдалмаған репертуар мен өзіндік талант жетіспеді. Бірақ мен пәленше барғанда ұтатын еді жеген ой жоқ…
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.