Біз де клипке түстік! Оңай емес екен ғҰӘ? :))

Қазақ Елінің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл бақытқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Тәубенің ең зоры — Тәуелсіздік. © Тәуелсіздік үшін күрескен кешегі ата-бабаларымыз да ТӘУЕЛСІЗ ұрпақтың жарқын күлкісі үшін жанын садақа еткен болар. ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ҰМЫТПАЙМЫЗ! Бұл күн — дүркіреп тұрып өткізуге әбден лайық!
Тарихтан тағылым, өткенге -тағзым ете отырып Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жиырма шақты студент кәсіби шеберіміз болмаса да барын салып үш күн ішінде би шығарып, арнайылап туымыз түстес футболка тіктірдік. Осылайша Тәуелсіздік күніне барынша сый жасауға тырыстық. Айнала жап-жапсыл, күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық.  Мына жерде білінбейді қайта. Мен қолғап киіп алдым.  Қыз-жігіттердің ұйымшылдығына тәнті болдым, барлығына рақмет!  Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы.  
Бөлісу:

13 пікір

Ereimen
Біздің қазаққа шетелдегі жүрген қазақтың ұлттық рухын берсін!!! жаса Қазақия!!! Алға Қазақстан!!! Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен бойдақтарымыз жаны жәннатта болсын!!! ел аман, жұртымыз тыныш болсын!!! желтоқсан жаңғырығы қазақтың соңғы көрген қасіреті болсын!!!
asaubota
Еңбекке құрмет!

жарайсыңдар!
Aya
жарайсыңдар))) Қуаныштымын. Барлықтарыңызды мерекемен құтықтаймын
MaXambet
Өте керемет! Алыстан сәлем жолдағандар Тәуелсіздікті ұмытпағаны қуантады!
konyrat
Таза жагымпаздык. Кандай тауелс! зд! кт! айтып отырсындар? Печник и Ко орыстардын артын жалап жур гой ал!..
MamaAya
Мықты! Күшті! Еңбектерің көрініп тұр! Қызығып қарадым, жарайсыңдар! желдің ызғары да сезіліп тұр, все таки Желтоқсан ғой, бірақ боғымызбен бірге қатып қала жаздадық. деген жері жаман екен, басқалай жеткізгеніңде ғой…
Соңғы түзету:
MickThatsMyNick
Түркияға бірінші кезекте тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындағанына, екіншісі — киімдеріне рыспек
Ispek92
Румыния емес пе еді бірінші мойындаған, әлде қателестім бе?
MERmukhanov
Түркия ғо, 15 минуттан кейін бе, сондай
Ispek92
Енді осы клиптің ішінен Kipshakkyzy тауып беретін адам болса
MamaAya
,Мен қолғап киіп алдым
.
1-ақ қызда бар екен, демек оны таптым, орта жақта…