Қандай мейрам?

Блог - botakoz: Қандай мейрам?
Бүгін бір қызық болды. Осыдан бірнеше күн бұрын құрбым: «21 қараша — дүниежүзілік әжетхана күні екен» деді. Содан барлығымыз күлдік. Ендігі кезекте, әжетханаға да бір күнді беретін болған ба деп ойладық. Сол құрбым бүгін таңертең көрген уақытта қалжыңдап мейрамыңмен дейді. Содан ол сөз өз арамызда қағытпа қалжыңға айналып кетті. "Әжетхананы құттықтап, сыйлық апаратын екен" деп әзілдегендер де болды. Бұлар ештеңе емес қой, ғаламторға, әлеуметтік желілерге кірсем құттықтау сөздер, мейрамдарыңызбен деген сөздер толып жүр. Ең соңында инстаграмға кірсем бір қолданушының суретінің астындағы сөзге көзім түсті. «мейрамдарыңмен!» деп сурет жүктепті. Басында мынауысы несі әжетхана күні де кәдімгідей аталып өтетін болған ба деп қоям ғо. Содан сурет жүктелді, қарасам теледидар. Ең қызығы, бүгін телевизия күні екен ғой!
Мемлекетіміздің телевизия саласындағы қызметкерлері мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қыстай қатты денсаулық, көктемдей жайнаған өмір, жаздай ыстық махаббат, күзгі жапырақтардай көөөп идеялар мен тың ойлар тілеймін!!! Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын!
Бөлісу:

2 пікір

MERmukhanov
21 қараша күні НТВ қос кәсіби мерекесін тойлайды
деген әзіл орысша, Масляков КВН-де өтер еді.
Соңғы түзету:
FaraOn1
Дәретханада «жеке заттарыңды» ұмытпаңдар )))