"Өлілер мекенінен" репортаж

  • Кеше, сенбі күні бүкіләлемдік «The Human Body Exhibition» атты көрмеге барып қайттым. Көрмедегі экспонаттар адамның дене мүшелерін бүтін-бөлшектей, ішкі ағза мүшелерін қаз-қалпында сақтап көпшілікке көрсетуге ұсынылған. Аталған көрме 2005 жылдың 20 тамызында Тампта, нақтырақ айтсақ, АҚШ-тың Флорида штатында ашылған. 1999 жылы ашылған Body Worlds көрмесіне ұқсағанымен, оған ешқандай байланысы жоқ. Көрме адамның бүтіндей қаңқасынан, кептіріліп, сүрленіп сақталған бұлшықеттерінен, адамның ішкі ағзалары мен белсенді ағза мүшелері (мысалы, жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе, адамның жыныс мүшелері, тамыр), ұрықтың бес апталығынан бастап төр айлық даму сатысына дейін көрсеткен қызықты әрі құнды экспонаттар бар. Бұл көрменің ерекшелігі сол – көрмедегі экпонаттар дүниеден өкен марқұм болған адамдардың шын денесі.
  • Бұл көрме осыған дейін әлемнің Айдахо-Фолс, Майами, Виннипег, Дублин, Амстердам, Роттердам, Атланта, Шривпорт, Вена, Мадрид, Буэнос-Айрес, Монреаль, Сан-Хосе (Коста-Рика), Квебек, Ниагара-Фолс (Онтарио), Богота, Кордова, Барселона, Шривпорте, Цинциннати, Сантьяго-де-Чили, Сан-Паулу, Брэнсон, Прага, Братислава, София, Загреб, Будапешт, Белград, Лиссабон, Атлантик-Сити, Питтсбурга, Сан-Диего, Лас-Вегасе, Нью-Йорке, Тулса, Форт Лодердейл, Хартфорд, Сан-Антонио, Вашингтон, Омаха, Гонолулу, Индианаполис, Финикс, Сакраменто, Тусон, Кливленде, Сиэтле, Альбукерк, Колумбия, Детройт, Гринсборо, Дарем, Лексингтон, Кентукки штатында, Рига, Варшава, Пуэрто-Рико, Брисбен, Любляна, Остена Яффы және Бойсте, Хайфе, сонымен қатар Хьюстон, Тегусигальпа, Сан-Сальвадор (Сальвадор), Лондон, Бухарест, Краков, Гданьск және т.б жерлерде өткен. Дәл қазіргі уақытта көрменің көрсетілімі Түркияның Измир қаласына жүріп жатыр.
  • Көрмедегі экспонаттар әр бөлмеде сатылай мына ретпен басталады: бұлшықеттер, жүйке тамырлары, қантамырлары, ас қорыту, кеңірдек, тыныс алу жолдары, несеп айдау, зәр шығару мүшелері, ұрықтың даму сатысы мен өңделген мәйіт денесі, адамның белсенді ішкі ағзаларын көруге болады. Жалпы саны жиырмаға жуық мәйіт денесі қойылған. Оның барлығы шынайы адам денесі. Экспонаттар «Полимерлі сақтау» әдісімен сақтаулы. Сондықтан бұзылып, ыдырап кетпейді. Бұл көрменің ұйымдастырушы Premier Exhibitions Incorporated корпорациясы. Аталған компания марқұмдардың ет жақындары мен туыстары шағымданып, мүрдені қайтарып алмас үшін Қытай үкіметі тарапынан өлі мүрделер жайында ешқандай мәлімет алмаған. Бұл экспонаттар Қытайдың Дальянь университетінде жасырын түрде дайындалған екен. Қытай үкіметі аталған компанияға әрбір бес жылға жалға беріп отыр.
  • Өлі мәйттерден әр түрлі көріністі көре аласыз: атлет, футболист, баскетболшы, жыныстық қатынасқа түсіп жатқан жыныс өкілдері, темекі шегіп тұрған, көздеп тұрған мерген қаңқа мүрделер.
  • Көрмені бейжәй көру мүмкін емес. Әрине, кептірілген ми мен қақ айрылып тілінген жүректі көрсең. Шындығында, адам жүрегі — біздің көріп, бейнелеп жүрген жүрегімізге ұқсамайды екен. Ал оның қақ бөліп екіге айырған түрін көргенде, біз білетін жүректі таныдым. Сүйекті қойш, бұлшық ет пен кәдімгі көзге көрінбейтін қан тамырларын сақтап қойғанына қарап қайран қалдым. Адамнан айла артылған ба...
  • Көрмедегі экспонаттарды түсіруге тыйым салынғандықтан, құрғақ қасық ауыз жыртпасын деп, төменде интернеттен алып, көрменің суреттерін салып отырмын.
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж

Kipshakkyzy

Өмірді сүйетін жан

    Ұқсас посттар

    7 пікір

    Kipshakkyzy
    Соңғы суретке түсініктеме жазсам, жарияланбайды.  Бұл темекі шекен адамның өкпесі. Жанында сау адамның өкпесі де қойылған. Мұндай қараймаған ол. Суретте жоқ. Осыған қарап-темекінің қаншалықты зиянды екенін білуге болады.
    bake
    Соңғы суретке келісемін, басқасына келісуім екі талай. Неге десеңіз себебіне сәл түсініктеме берейін. Кезінде сот сараптау бюросында жұмыс істегенмін. Адам мүрділері көп жағдайда тартымды көрінбейді, солай болып қала беру керек. Біздің қоғам әлі дайын емес мұндайды қабылдауға. Көп мысалдар келтіріп кетер едім, келтірмеймін. Келтіруге де болмайды. Қоғамға аз болсын азғындар туралы ақпарат шыққанның өзі стресс. Қазір көп адамдар өз ойларына қадағалау жасамайды, "өз-өзіне" түйіліп қалған. Біз ғой мына жерде жазбалар жазып отырған. Көбісі қазір теледидардан жаңалықтарды көруден қалған, сәл бір ақпарат түссе, милары ауырады. Мына суреттерге қарап дұрыс қорытынды шығаратындар аз болады деп қорқамын.
    MamaAya
    Қинап апарса да, көрмейтін нәрсе мынау мен үшін… Не басыңа күн туды? Негізі өлген адамның тәнінің орны меніңше көрме емес Көр сияқты… Ауыр нәрсе екен… Бірақ талғамға талас жоқ қой… өзің білесің дә.
    bake
    Орта ғасырлық европада цикрк өнерімен қатар шатыр астында адам мүрділерін сойып көрсету болды деседі. Сол кезден бері европа адамдары мұндайды ақшаға көруге құмар болған. Бұл жерде талғам емес, жаратылыста. Түсіне алмаймын. Қалайша адам мүрдісінен мүсін жасауға болатынын. Қазір европада адам тәніне деген көзқарасты түсінбеймін, германияда суға түскенде отбасымен бір жерде тұрып тыржалаңаш шешініп киім ауыстырады. Жезөкшілік рұқсат етілген. Осы жазбадағы көрініспен байланысты байқап отырған шығарсыз.
    Жазған пікіріңізге қатысты. Пікіріңіз маған емес, жазба иесіне бағытталған деп түсіндім.
    MamaAya
    Әрине, пікірді мақала иесіне арнап жаздым ғой! Менің ойымша адамгершілікке жат нәрсе сияқты ғой! сияқты емес, точно Жат! нәрсе. ал отбасымен тыржалаңаш жүру малдардан айырмашылығының жоқтығының дәлелі ғой! Өмір не деген қорқынышты, адамдар да, шынымен қорқам, әсіресе балаларым үшін! Ондай жаман нәрселер Европада қала берсінші!
    AnarAlibayeva
    Баке сізбен келісемін.
    temir1986
    құдай сақтасын. Д.Лондонның «Теңіз Қорқауындағы» Ларсеннің адамның құны өзі үшін ғана. Әйтепсе онда соқыр тиындық құн жоқ дегені Европа үшін шындыққа айналғанба?
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.