Есімді толық атау қиын ба ?

  • Автор
Маған бір қажетті заттың бір үйде тұрғанын айту үшін бір досым қоңырау шалды бүгін. Досым айтады «анада айтқан затың ??????? үйінде тұр » деп жатыр, мен түсінбей әлек болып жатырмын «не дейсің дұрыстап айтшы » деп. Сөйтсем "Әшәнның үйінде " деп жатыр екен. Әшәнды өзімде дұрыс танымайды екенімін, бірақ шын аты Әшән емес шығар. Негізі Қазақтың көп балдарының аты осылай болып келеді. Мысалы; Нұрбол-Нука, Асылан-Әсөк, Руслан-Русөк, Бақытжан-Баха, Серік-Сико, Ербол-Евон, Алмат-Алик, Рысбай -Рома, Гүлнұр-Гулья, Айнұр-Айка, Шынар-Шымпо, Назира-Назко тсс кете береді. Біз барлық есімдерді кішкентайынан осылай атап үйреніп кетеміз ал өз есімі тек құжатында ғана жазылып тұрады.
Кезінде бір жігіт " Опабек деген жігітті танисыңба сенің ауылыңдағы " деп сұраған еді. Мен мына есімді бірінші рет естіп тұрмын деп айттым. Ол түсіндіріп жатыр «сенің ауылыңда Пәленшенің баласы ше осындай інілері бар папасының аты пәлен» деп. Сөйтсем Пәшкөнді айтып отыр екен ауылдағы. Бүкіл ауыл оның аты Опабек екенін білмейді. Опабек армияда өз атымен танысқан екен ал менен сұрап отырған фронты екен ол шын атымен сұрап отыр менен.
  • жоқ
  • 0
  • +4
  • 1752

18 пікір

ken
Мако, Тәшөн, Жәнөш, Бекош, Бәшән, Сикош, Мути… Көбіне қазақтілді оңтүстік өңірлерде осылай қысқартылады.

Орыстанған қазақтар былай қысқартады: Макс, Ерла, Нурла, Рус-Руся, Мура, Мара, Бола, Жан — деп кете береді.
Anar70
Бәкөш деген де бар…
Olzhass
Абай(Ибраһим), Шоқан(Мұхаммедқанафия), Бейімбет(Баймұхаммед), Сәкен(Сәдуақас) деген есімдер де қысқарған болып келеді екен. Қазіргі қысқартылған есімдерден мың есе артық ия?
assar
Енді бұл есімдер бөлек, Мәтөш деген сиақты емес кәдімгі есіммен қысқартылған ғой.
bizbike
Алдавайдағы Шухраттың шын есімі Шоқан екен. Элянора деген кемпір болмайды демекші, жақында Илән деген туыс кемпірдің құжат бойынша аты Элянора екенін білдік.
Beytanis
Әр адамның еркіндегі мәселе. Қысқартып атаса, адамдар арасында «жылылық» көбірек болатындай. Ал, толық атаса, «ара қашықтық сақта» дегендей-ау деп ойлаймын.
assar
Мынадай қызық болған ғой, Әкімшілікте бір танысым айтады, бастығы тахі шақырып қойшы депті жұмыс алдына. Ол уақытта аудандарда ұялы байланыс орнатылмаған кез еді. Тахи жігіттің үйіне қоңырау шалайын десе шын атын білмейді екен, сосын әр жерден сұраса ешкім шын атын білмепті. Сол тахи жігіттің көлігі жаңа және жақсы болған шығар мүмкін сол жігітті шақырады екен үнемі әкімшіліктегі жігіттер. Қаңқа дейді екен тахи жігітті, бірақ шын аты Қанат екен. Білдей азаматты Қаңқа үйдема деп шақыруды ұят санап шын атын біліп алайықшы дегенғой қызметкер балдар. Жалпы қарсылығым емес бұл айтып отырғандарым, Жалпы өмірде қызық жағыдайлар туғызатынын айтқым келгені еді. Дегенменде арасында адамды азан шақырып қойған есімінде атап жүргенде дұрыс екен мынадай ыңғайсыздарға тап болмас үшін.
Beytanis
Өзің жұртты толық есімінен атайсың ба?
assar
Мәселе менің атауымда емесқой. О баста баланы солай атап кетуінде. Сосын бала есейгенде достарының арасында да сол атаумен қалып қояды. Менің Толик деген нағашым бар, құжатта Төлепберген. От басында солай аталып солай өскен бізде солай атаймыз. Егер Төлепберген болып өссе бізде Төлепберген дейміз.
Соңғы түзету:
Beytanis
Әркімнің өз еркіндегі мәселе ғой.
007
Бұташ, Қоташ, Боқан, Тұқан, Жүкән, Тікән, Мікән, Бікән, Шікә, Бікә, Сікә, дегендер бар
VKM
жалпы туғанда берілген есімді ешқандай деп бұрмалауға болмайды деп естігенмін, есіміңмен бірге берілетін барлық жақсылық саған болмай қалуы мүмкін-мыс)
bizbike
Онда келіннің түскенде қайын жұртындағы ешкімнің есімін атамай, бөтен ат қойю салтын қалай түсіндіруге болады?
VKM
 , білмеймін
Соңғы түзету:
bizbike
Ат тергеу

Ат тергеу (ғұрып).—«Тентегім», сен теріс айтып жатырсың! (М. Әуезов).Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі — ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайын сіңілісінің қайны інісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып: «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса; «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім»— деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды, «сұңғақтым», жайбасарды «жүйрік» дейді. Мұның бәрі шын мәніндегі сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді «ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп кұрметтеген. Ат тергеу — біздің халқымыздьің адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады.

Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек «сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіндер!— депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайны ағаларының атын атамай тұр екен!

Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден «бұл кімнің ауылы»— деп жөн сұрапты. Сонда келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы»— депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен.

«Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым, жоралғы.
boztorgai
бектұрған — бектұр — виктор
ибадулла — иван т.с.с.

бұл не, қайтадан орыстандыру ма
MickThatsMyNick
Таймас деген інім бар оны Тәкөш десем, Мәдениет деген інімді Мәдөк дейді екенмін.)) өш деген жалғау қазақша болса, өк, иктер орысша ғо.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.