Алғашқы сапар, алғашқы блог

  • Автор
Блог - Kipshakkyzy: Алғашқы сапар, алғашқы блог

Сәлем, достар. Мяя, құрсын, керекинфоға тіркеліп оқып жүргенім болмаса әлі жазба жазбаппын. Массагетке кірейін деп логин-паролімді терсем ену не кіру батырмасы жоқ. Содан амал жоқ керекинфоға келдім.Бәрін қойш, блогты қай жерінен бастау керек екенін де білмейді екенмін. Шұқылап отырып тауып алдым. Енді өткен қателіктерді толтыра жатармын алдағы уақытта.

Амандығымды біліп, барған қалам, оқу орыны туралы сұрап жатқан достарға жалпылай жаза кетуді жөн көрдім. Жиырма төрті күні таңғы төрт жарымда Алматы әуежайына жиналдық. Түркияға оқуға түскен бірнеше студенттер өзара танысып, Стамбулға дейін сапарлас болдық. Қызық, кейде өмірде не суретте көрген адамдарыңды ол кезде танымағандықтан назар аудармай, кейіннен ол екенін білгенде артынан еске түсіріп жатасың. Сондай бір кездесудің кейіпкері – Амангелді Қалыбек. Фейсбукте Садко брәтішкемен түскен суретін Нұрлан Құлымбетов жариялаған болатын. Кетераяқ болу керек, сірә. «Е, бұл ерте кетіп бара жатыр ғой, басқа бағдарламамен кеткен болу керек» деп, ішімнен топшылап қойған болатынмын. Сөйтсем, биылғы блогқұрылтайдың ұйымдастырушыларының бірі, әрі Садықтардың әйгілі дивандарына ұйықтап жүрген ортақ досымыз болып шықты.

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында да Ержан Төлек ағамыз бен Хайрулланы кездестіріп қалдым. Барлығымыз жан-жағымызға тарап, Измирге аман-есен жеттім. Алматыдан таңда ұшқан соң, қалыңдау киініп алған едім, Стамбул да салқын екен, бұлтты. Измирге келсем, күн шыжып, аспан айналып жерге түсейін деп тұр. Еге университетінің кампусына әкеліп тастады үйлестірушілер. Жанымда әуежайда танысқан, Қырғызстаннан келген осында бакалаврда оқитын Манас деген қырғыз бауырым көмекші болып, зыр жүгіріп біраз ісімді тындырып берді. Өзімнің інімдей болып кеткен қазір. Өзбекстаннан келген бір өзбек жігіті бар екен менің мамандығым түскен. Оның түрікшесі мүлде жоқ, багажы Стамбулда қалып қойған. Мен оған көмек беріп жүрмін. Қазақстанда жүргенде қазақтар өз ішінде жалпы жерлес, рулас деп жақын тартатын болса, мұнда келгенде түркілігіңді танытып, түбі бір туыс халық деп қарайды екенсің.

Келген күні үстімде қалың жүн нымша бар. Жүктеріммен жүк болғанша үстімде ілініп жүре берсін дегем. Мұндағылардың бәрі шорты- майка киініп алған. Менің үстіме көздерін алартып қарайды. Бейне бір тундрадан келген чукчалардай болып жүрмін ғой. Бұл жақтың ыстығына, мені қоя берш, тіпті, оңтүстік Африкадан келген Алайка деген қара қыз да шыдай алмай жүр. Оның үстіне алып келген біраз киімдерім күздік болатын. Келесі жазға дейін осы жақтан ала салармын дегенмін жүк қылмай. Ол киімдер әлі ұзақ жататын сияқты чемоданның түбінде.

Измирдің ең бірінші ауарайы ұнады. Кептіріп жіберетін ыстық емес, ылғалды. Мұнда цитрустық өсімдіктер, өзгеше қылқан жапырақты ағаштар, пальма ағаштары, анар, інжір, мандарин дегендер толып жатыр. Адамдары заманауи киінеді Стамбулға қарағанда. Тіпті, қысқа шорты киінген қыздар көп екен. Бұл қалада да мысықтар жетерлік. Алматының көшесін каблукпен шайқап үйреніп қалған маған бұл жерде каблукпен жүріп береке таппайтын сияқтысың. Жері тас. Сосын бір ұнағаны – Стамбулдағыдай көзбен ішіп-жеп тұратын еркектерді байқамадым. Өзімді қауіпсіз әрі еркін сезіне аламын. Сосын Стамбулдағыдай емес, мұнда қоғамдық көліктерде ер адамдар әйел затына, жастары да үлкендеріне орын береді. Ал, кез-келген жағдайда көмек қолын созуға дайын тұратын қасиеттері – жалпы түрік халқына тән бе деп қалдым.

Еге университеті – Измирдегі бірден-бір жоғары оқу орыны. Университеттің кампусының өзі ауқымды. Кампустың арасына автобуспен қатынайсың. Мұндай кампусты мен шынымды айтсам, Стамбулдағы университеттерден байқамадым. Онда шашыраңқы орналасқан ғой. Мұнда сол кампустың ішінен шықпай-ақ, студенттік өмірді өткізетін сияқтысың. Себебі, оқу корпусы, жатақхана, аурухана, базар, супермаркет, кафе, кітапхана, бассейн, банк бәрі қалашықтың ішінде. Үйге зат салам десең де такси ұстап әуре болмайсың. Карго қызметі де дәл жаныңда. Тамақ тегін. Алдағы уақытта өзімнің блогымда егжей-тегжейін жазып отырамын ғой. Қысқасы, Стамбул, сен мені кешір. Мен Измирге ғашық болып қалған сияқтымын. ))
Kipshakkyzy

Өмірді сүйетін жан

    Ұқсас посттар

    15 пікір

    ademi_alem
    Сәттілік тілеймін! Алдағы уақытта көрген-білген, түйгеніңіз болса бөлісе жүріңіз. Жақсы жазба және жақсы фотосуреттер күтемін.
    Kipshakkyzy
    рахмет, Алла қаласа. )
    meirzhan
    Бәрін қойш, блогты қай жерінен бастау керек екенін де білмейді екенмін. Шұқылап отырып тауып алдым.
    «блогберші» оқиғасы есіме түсіп кетті ))
    blogbershi.wordpress.com
    Kipshakkyzy
    ахаха, айтпа, оны ойласам уаще күле берем. ))
    Kipshakkyzy
    Үйбай, мен блог жариялағанда сурет қоймап едім ғой. Измирдің суреті пайда болғанский ))
    assar
    осы жазбаңызды массагеттен оқыған едім. Измирге ғашык екеніңіз жазылған ол жерде. Сәтті оқып шығыңыз, мықты маман болып келіңіз елге.
    Соңғы түзету:
    asaubota
    Измирдің қыздары әлі де ең әдемі шығар Түркияда?
    Kipshakkyzy
    иәәәә, мен де соны байқадым.
    asaubota
    негізі Эгей бойы ғой, түріктер мен гректердің нағыз араалсқан жері. сондықтан да халқы әдемі. біраз фотомодель, актрисалар Измирден шыққан.

    университеттері де жақсы олардың, баяғыда бір КВНге барып Илахият факультетінде әрәқ ішіп кеткенбіз
    Kipshakkyzy
    Илахият деген дінтану факультеті емес пе? Ужссс. )))
    Anar70
    )))))))))))) Асауботаның да жүрмейтін жері жоқ екен))))))))))
    MERmukhanov
    Түркияда көп жыл болды ғо енді
    Соңғы түзету:
    asaubota
    Түркияда оқитын қазақ студенттер арасында өткен КВН еді. Илахиятта өткізгеніне біз кінәліміз бе?  актовый залында нетіп алдық
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.