Жұлдызнама бойынша адалдық

  • Автор
Блог - Daniar-Alan: Жұлдызнама бойынша адалдық

Тоқты
Егер «аулау» ұзақ болса, арбалып қалу қауіпі мол. Кейде ол жәй ғана достарының алдында мақтану үшін ғана сүйіктісіне опасыздық жасай алады. Бірақ, оның өзіне опасыздық жасалған жағдайда Тоқтының кегі қатал келеді.

Торпақ
Торпақ — опасыздық жасай алмайды. Себеп: олар сенімді серіктеске өте мұқтаж.

Егіздер
Өтірік айта алмайды. Опасыздық жасаса оны жасыра алмайды. Өкінішке орай олар көбіне Сізбен өте жақын араласатын құрбыларыңызбен қарым-қатынас орнатуға бейім.

Шаян
Егер қарым-қатынас нашар немесе шаяндардың көңілінен шықпайтындай болса, олар жұбанышты сырттан іздейді. Егер Шаян Сізге опасыздық көрсетсе, араласпаңыз. Жәй кешіре салыңыз.

Арыстан
Арыстан опасыздық жасау үшін тым тәкәппәр. Егер арыстан «солға» кетсе, онда араларыңыздағы қарым-қатынас тым шиеленіскен деген сөз.

Бикеш
Кішігірім интрига оларға тән болғанымен сезім шын махабатқа ұласуы қиын. Бикештер жалпы өз абыройына асқан жауапкершілікпен қарайтын болғандықтан, бикештердің мұндай қадамға баруы қиын.

Таразы
Бұл періште, романтикалық типтегі жаратылыстар сүйіспеншілікке құмар. Алайда соңында үйге қайтып келеді. Егер олар некеге тұрар болса, ол мәңгілік. Ажырасу оларға вариант емес.

Сарышаян
Махабатқа да некеге де асқан жауаптылықпен қарайды. Сарышаяндар ешқашан опасыздық жасамайды. Жасаса — сүймегені.

Мерген
Мергендер опасыздыққа жиі барады. Бұл әрекет олардың еркінен тыс болады. Сондықтан таңдар кезде олардың мінезіндегі осы «ерекшелікті» ескеру қажет.

Тауешкі
Егер Тауешкі сүймесе, опасыздыққа көп ойланбай бара береді. Бірақ егер сүйсе, және Сізге сенсе (!) мәңгілік Сіздікі.

Суқұйғыш
Суқұйғыштар тәуелсіз. Оларға жүріп-тұрысты ақыл-кеңес ретінде беруден сақтаныңыз. Олар оны керісінше жасайды. Көбіне олардың осындай мінездері тұрақсыздыққа итермелейді. Бірақ, егер ақылды болып, ақылды әрекеттер жасасаңыз бұлардан сенімді адам жоқ. Ал егер Сіз опасыздық көрсетсеңіз оларды қайтарамын деп әуре болмаңыз.

Балықтар
Балықтар опасыздықты тұла бойымен жек көреді. Егер Сіз опасыздық жасасаңыз оларды қайтарамын деп әуре болмаңыз. Егер мұндай оқиғаны білсе Сіздің өміріңіз тозаққа айналады. Бірақ, бір жағынан олардың өздері де азғыруға әрең шыдап жүреді.

Ұқсас посттар

54 пікір

Zhan
Дәке, аударма болса да мені оңдырмапты.
Daniar-Alan
 менің кінәм жоқ © Жантас
asaubota
Сарышаяндар адал?!
bizbike
күмәніңіз бар ма еді?
asaubota
сеніңкіремей тұрмын ше
Emilia
Адал емес олар
Emilia
Мына постымда олар ең адалдар ретінде көрсетілсе де
bizbike
сіз ер адам туралы айтып тұрған боларсыз адал емес деп, солай ма?
Shah
Ферма ашсам торпақпен тоқты ғана асыраймын
Zhan
Не деген шешім. Іске сәт!
Shah
рахмет, сен қайссысың?
Zhan
Мерген! Құрығыр бізді «шөпсалғыш» депті ғо аудармада. Отыр анау жерлесім өзіне Жантастың сөзімен защита жасап алып...
Daniar-Alan
 табиғатыңыз солай болса енД… неғо… 11-лерде шәй ішуге қалай қарайсыз
Zhan
Менікі строго көк шай ғо, өзің білесің. "Үштік" боп келесіңдер ме сол баяғыдай...
Daniar-Alan
жеке ғо  … жәй жұлдызнамаңызды оқып…
asaubota
барайық па үштік болып, сенімен төрттік боламыз
Zhan
Бүгін газет шығатын күн еді. Ертең ішейік шайды
Aikona
Бәріне тек сүю жетіспей тұр екен…
Armanjan
Мәссаған, менікі аумай келіп тұр
007
менікіде ұқсайтын сияқты
zholantai
жалпы жазбаның аударма екенін, емес екені оқып отқан кезде тыныс алу жиілігінен бірден білінеді
zholantai
тыныс белгілері жоқ ғо, Дон, аударманы тыныс белгімен құтқарып қалуға болад
temir1986
Япырай мағанда ұқсайды
Anar70
жұлдызнамаға көп сенбеңдер)
Aya
егіздермін. Келетін сияқты ма, білмейм))
Daniar-Alan
егіздермін. Келетін сияқты
Өкінішке орай олар көбіне Сізбен өте жақын араласатын құрбыларыңызбен қарым-қатынас орнатуға бейім.

Ая, а дауай мен сенің жігітіңнің жолдасы болам
Aya
дауай, дауай
Daniar-Alan
шынымды айтсам сенен "қандай ұятсызсыз т.б." деген пікір күтіп ем… не деп жауап берерімді білмей қалдым  … біртүрлі кен
Aya
бұл пікіріңізге қарап мені әлі бөтен санайтын пиғылыңызды танығандай болдым))))
edige
Егіздер «Жата кетуге мүдделі» дегендей етіпті…
Келетін сияқты ма қалай ))))
AKY
сұмдық екенмін )))
kariim
Дұрыс сенім емес.
burkitshi
сурет құсық. презервативтер жарнамасы
Соңғы түзету:
Adiletshu
Тағы пайдаланылған
aza
Барлық бикештер үшін жауап бермеймін, өзім абыройыма асқан жауапкершілікпен қараймын! Сондықтан, менен «измена» күту қиын Жалпы, қыртқан жұлдызнама ғо, бірақ енді өзің туралы пікірі дұрыс болса ммм дей саласың
MERmukhanov
балық есебінде РАС, қаншықгүлдерге кешірімсізбін
Соңғы түзету:
AKY
қярғям-ау, мен де балықпын
Anar70
мен де))))
AKY
өзімнің әпшем екенсіз ғой))
konvict
Қанша сәбиді құрбандыққа шалды екен…
aikarakoz
Өзім туралы абзацты оқып, жылап жібердім. Мен сондай періштемін
Ispek92
 ТОРПАҚ
MickThatsMyNick
торпақтар жақсы ғо, бірақ пензес боқтағыш келеді және пензес шыдамды.)
Adiletshu
Өтірік
assar
Рас өтірік. Әлем бойынша бір жұлдыздағы адамдардың мінезіде тағдырыда басқа.
ken
сонда да өзіңнің гороскопыңды оқып шыққан шығарсың?
MamaAya
хм, біздің отағасы-Тоқты! ойлантып тастады мына жұлдыз жорамал… мен-суқұйғыш, екеуміз де оңып тұрған жоқ сияқтымыз ғой....
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.