Шексіздіктемін

  • Автор
Блог - Sebastian: Шексіздіктемін

Шексіздіктемін. Ойларымның тұңғиығында арпалысудамын бәрімен. Түстім шексіздікке. Шықпаймын. Шығарма. Қазіргі күйім осы. Ұнайды. Түсінуге тырыспа. Жәй ғана қабылда. Шығамын. Ораламын бір күні. Жақсымын қазір. Еркінмін.

(төмендегі өлең менікі емес, аударған түрім)

Аузымда темекінің таза дәмі қалғанын қалар едім
Көзқарасың мен үшін өте қымбат
Сенің түсің де маңызды маған
Көргім келген нәрсені көрген кезімде өліп кетермін
Ән салар ешкім болмай қалады-ау
Үлгермей қалам ба деп қорқамын
Бір нәрселерге үлгеру үшін

Ыстық су жоқта мұздаған қолдарыммен
Әрине сен жоқта мұздаған ойларыммен
Қата қаламын да
Атамын арқаңнан
Минаны да таңдаймын
Қайырлы кеш!
Әдейі емес
Жәй сәйкестік ғана
Шексіздік белгісін тапқан едім

Фильмнен көңілім қалса да
Аспанға сүйсінді көздерім
Түсіндіре алмаймын
Бірақ кері ораламын
Шығарып салшы
Дыбыстан кем де, көп те емес қалады шамалы
Ал дыбыс жіптей ғой
Бірақ мен бұрынғыдай дос болып қаламын

Ыстық су жоқта мұздаған қолдарыммен
Әрине сен жоқта мұздаған ойларыммен
Қата қаламын да
Атамын арқаңнан
Минаны да таңдаймын
Қайырлы кеш!
Әдейі емес
Жәй сәйкестік ғана
Шексіздік белгісін тапқан едім

Қата қаламын да
Арқамды тік ұстап
Кепкамды түзеймін
Қайырлы кеш!
Әдейі емес
Жәй сәйкестік ғана
Шексіздік белгісін тапқан едім

Қата қаламын да
Кепкамды түзеймін
Әлденені жылжытамын
Қайырлы кеш!
Әдейі емес
Жәй сәйкестік ғана
Шексіздік белгісін тапқан едім

Қата қаламын…

Sebastian

Әйел адамның досы

    Ұқсас посттар

    13 пікір

    Daniar-Alan
    өлеңнің соңғы жолы аутырдың ішкі иірімі, жалпы мынау жалған дүниеге деген сезімдерінің деп қуп кетсең
    toha9566
    мынау қандай өлең негізі?
    Sashok
    Админіміз шегіп отырып жазған өлең.
    aikarakoz
    Земфира — Бесконечность
    Күніне мың қайтара тыңдап жүрген әнім…
    Sebastian
    сау кезде де өте бере ме сендерге?

    клипін арнайы satibaldi брат үшін қоямын. оған ұнайтынына сенімдімін
    aikarakoz
    Қыздар қайта сау кезінде шексіздікте жүреді ғой
    aikarakoz
    Земфираның фанына айналып кеттім соңғы кездері
    Хочешь әні найд
    Daniar-Alan
    Хочешь әні найд
     ол енД белгілі ғо
    burkitshi
    Аударма мүлдем ұнамады. Орысшаға шорқақтау мен үшін, мағынасы тым ауыр түпнұсқасы да ұнай қойды деп айта алмаймын. Жалпы маған мағынасын авторының өздері ғана молынан түсініп, өзгелерге шешуі қиын жұмбақ екілді болып келетін шығармалар ұнамайды. Былай аударып көруге тырысар едім:

    Аузымнан сезсем деймін, шылымның таза дәмін
    Мен үшін өте қымбат қиылып қарағаның
    Мен үшін тым маңызды, жаным-ау, сенің реңін
    Кетермін бір күн өліп көтермей көргенімді
    Табылмас ешбір адам, күйімді жырлар менің
    Соңғы түзету:
    Sebastian
    Биыл бір оралман быраттың атынан Рухқа бере салу керек еді өз өлеңі деп *lol*
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.