Wordpress.com: не? қалай? қашан?

  • Автор
Алғашқы қаралай жазба

Блог - urimtal: Wordpress.com: не? қалай? қашан?

1. WordPress.com Automattic компаниясына тиесілі блог хостинг. 2005 жылдың 21-қарашасында бұқараға жол тартты. WordPress деп аталатын қолдануы тегін софт негізінде құрылған. Блог Google Adsense жарнамасы, VIP қолданушылардың есебінен және блогтағы ақылы функцияларды ұсынумен қаржы қорын молайтуда (Wikipedia деректері бойынша).

2007 жылдың тамыз айында түрік ғалымы Adnan Oktar (Харун Яхья лақап атымен кең танымал ғалым) wordpress.com блогында өзі мен әріптестеріне қатысты жалаға толы жазбалардың бар екенін айтып сотқа шағымданады. Wordpress.com ол блогтарды өшіре алмайтын болғандықтан түрік соты Wordpress.com тұтас Түркияның интернет қолданушылары үшін құрсаулансын деген шешім шығарады. WordPress.com Қытайда жабылды және Бразилияда да жабылу қаупі туды. Себебі Wordpress.com блогтарды цензуралаудан бас тартқан.
2010 жылдың 15-20 қаңтар аралығында Қазақстандық интернет қолданушылар Wordpress.com-ға тіркелген блогтарды аша алмады. Түсініксіз жағдайдың жауабы сол күйі анықталмады.
Қазақ тілінде 2006 жылдан бері wordpress.com-да блогтар тіркеле бастағаны байқалды. Wordpress.com келбеттерін қолдану арқылы жеке блог немесе сайт жасауға да болады.

2. Блогыма қарды қалай жаудырамын?

Құрал-сайман — appereance — extras — Show falling snow on my blog. (Only until January 4th.) деген жазудың тұсын белгілейсіз — update extras дегенді басасыз.

3. Фоныма суретті қалай қоямын? (таңдаған блогтың келбетіне байланысты тек кейбір блогтарда фон қоюға болады)

Құрал-сайман — appereance — Bachground

4. Пікірлерді бағалаудықалай қосамын?

Құрал-сайман — Бағалаулар (Ratings) — Баптаулар (Settings) — Comments — Enable for comments дегенді белгілейсіз де өзгерістерді сақтайсыз

5. Қосымша html коды бар мәліметті қалай қосамын?

Мәселен, сағат қосқыңыз келсе, инеттен тегін уиджет іздейсіз (free html widgets wordpress деп жазып көріңіз). Google-дың уиджеттері көп. Соның html кодын алып, құрал-сайман — appereance — widgets деген жерін ашып, available widgets деген жерден мәтін (text) дегенді оң жақтағы бағанға сүйретіп апарсыз. Соның ішіне html кодыңызды қойып, сақтайсыз.

6. Жарнаманы қалай қоямын?

Кейбір келбеттерде бұл мүмкін. Мәселен, INove by NeoEase таңдаған болсаңыз, былай істейсіз: Құрал-сайман — Appereance — Theme Options — Баннер дегенге барасыз да соның ішіне HTML кодты қойып, кім көре алады деген жердегінің бәрін белгілеп шығасыз да, ең астыңғы жағында Өзгертулерді сақта дегенді басасыз. Ал flash кодтар wordpress.com тұғырына тіркелгендерде ашыла бермейді. Сондықтан жарнаманы суретті файлдармен жоғарыдағы тәсілді қолданып жариялауға болады (gpeg, gif).

7. Маңдайшадағы суретті қалай өзгертемін?

Құрал-сайман — appereance — header (кейбіреулерінде widgets ішінде болуы мүмкін)

8. Телефонымнан блогыма суретті қалай жариялаймын?

Құрал-сайман — My blogs — Post by e-mail деген жердегі enable дегенді басқанда арнайы @post.wordpress.com деп аяқталатын пошта адресін береді. Сол пошта адресін телефоныңызға сақтап қойып, түсірген суретіңізді MMS қылып аталған адреске жібересіз. Сонымен қатар жеке поштаңыздан сол адреске хат жіберсеңіз де блогыңызда жазба болып жарияланады.

9. Wordpress.com неге қазақша емес?

Wordpress.com аудару ісіне блогшылардың өздері үлес қосуы тиіс. Осы күнге дейін біршама сөздер аударылды. Wordpress.com-ның қазақша болуы блогшылардың өз белсенділігіне байланысты. Аудармаға үлес қосамын деушілерге мына жазбаны оқып шығуға кеңес беремін немесе http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/kk/default сілтемесіне өтсе болады.

Пы.сы. Тағы да сұрақтар болған еді. Қазір есіме түспей тұр. Білгенімше жауап бердім. Толықтырулар мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Wordpress.com ұжымы үнемі ізденісте жүретіндіктен кейбір функциялар өзгеруі, жаңаруы, толықтырылып отыруы мүмкін.

Блог - urimtal: Wordpress.com: не? қалай? қашан?

Ұқсас посттар

2 пікір

zholantai
мен үшін әлі де өзекті,
AyazhanMuhatai
қосылдым. Бірақ әлі де ішек-қарнын қопармаса, түсінбей жатырм))))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.