Ақсүйек ойыны

Мен орталығы Түркістандағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде оқығанмын. Сол универде қалыптасқан бір дәстүр бар еді. Кентау, Түркістан, Шымкент, Тараз бөлімшелері жылда жаз айында Машат шатқалындағы универдің лагеріне жиналатын. Сол оқу жылында ең белсенді болған үздіктер 3-4 күнге бас қосатын. Сондай кездесулердің бірі 2005 жылы жазда болды. Ылғи студенттер жиналған соң көңіл көтеру, ойын-сауық дегендей. Сөйтіп, түнгі мезгілде би алаңында біраз билеген соң Ақсүйек ойнайық деген ұсыныс түсті ортаға. Ойынды бастаушы барлығы біледі ғой деген оймен ережесін түсіндірмей-ақ, ақсүйекті түнде табу керек деді да, ағаштардың арасына қарай лақтырып жіберді. Сол жердегі студенттердің көпшілігі іздеуге кеткен. Біз бірнеше адам ғана би алаңында қалып, билеп, общение, мәпщение жасап жатқанбыз. 15-20 минуттан кейін Ақсүйек іздеуге кеткендер паровоз құсап тізбектеліп келе жатыр. Өздері мәз: Ақсүйекті тауып алдық -дейді. Оны басындағы адамға ұстатып қойыпты. Ортада ішегіміз түйілгенше күлдік. Жүргізуші содан кейін ғана әлгілердің өмірінде ақсүйек ойнап көрмегенін түсінді де: Сендер қызықсыңдар, ақсүйекті бір бағытқа лақтырса, оны кері бағытта іздейді бір бір жігіт болып — деп, ережесін, мәнін түсіндіріп әлек болып қалды. Сөйтіп, ақсүйекті тағы лақтырды. Содан кейін ғана барлығы іздеуге кетті. Өмірімде ақсүйекті осылай ойнағанын бірінші рет көруім және соңғы рет. Естеріңде қалған Ақсүйектер бар ма?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше