Үздік журналистер сайысы

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факултьтетінің ұйымдастыруымен республикалық «Ең дарынды болашақ журналист» атты пәндік олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиаданың басты мақсаты республика деңгейіндегі ең дарынды, қарымды журналисттерді анықтау, іріктеу. Төртінші рет өткізіліп отырған олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан 10 команда қатысып отыр.  Алғашқы турда 100 сұрақтан тұратын тест өткізілді. Келесі кезең таныстыру болып өтті. Жоғары дәрежеліде дайындалып келген болашақ журналистер өз таныстырулары мен алдын ала дайындалған видеоларын көрсетіп олимпиаданың беташарын ашып берді. Биылғы олимпиаданың былтырғыдан ең басты ерекшелігі барлық аймақтағы университеттердің толық қамтылғандығы. Телерадиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, доцент Құдайберген Тұрсын: «Өткізіліп отырған олимпиада болашақ журналистердің дамуына үлкен септігін тигізеді» -деді.
Бөлісу:

2 пікір

Marco
Пәндік олимпиада??? Қызық екен. Ана 100 сұрақты осында сала аласыз ба?
Erbol
Былтыр мен әділқазы болып едім. Керек олимпиада.