Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?

  • Автор
Жә, сабыр. Ашуланбай тұра тұрыңыз. Біреудің жынын келтірейін, болмаса, мағынасыз жанжал тудырайын деген ниетім жоқ. Шын сұрақ.
Қазақ ұлтының сақталып қалғанына мүдделі адамдардың бірі мен. Осы уақытқа дейін ұлт, тіл туралы біраз әңгіменің басын шалыппын, жалпы, бәріміз сөйтіп жүрміз ғой. Енді, қызықты қараңыз. Жақында бір қарындас: "Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша",- деген сұрақ қойды. Әуелі абдырап қалдым. Өйткені бұл туралы ойланып та көрмеппін. Содан соң бар ойымды жиып, мейілінше түсінікті, пафоссыз, ұрансыз жауап беруге тырыстым. Жауабым қаншалықты қанағаттарлық шықты, білмедім. Енді сізден сұрап отырмын.
Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?

Ұқсас посттар

61 пікір

ibnabbas
Соңғы түзету:
qyzylordalyq_jigit
Қазақ ұлтын қанының тазалығы, гені, ДНҚ-сының мықтылығы үшін сақтап қалу керек. Бұрынғыдай емес, сапалы білімге барлық ұлттың қол жетімді заманы енді ғана туды. Осы кезде ғана нағыз алғыр ұлт анықталады.
20-30 жылдан кейін ұлтымыз инновация мен мәдениет жағынан көш ілгеріде болады.
Сол үшін очм
qyzylordalyq_jigit
Ult bolsa, patriottyq sezim bolady.
Patriottyq sezim bolsa, ultyna jan ashu sezimi bolady.
Ultyna jan ashysa, tasjurek egoist bolmaisyn, altruist bolasyn.
Altruist bolsan, jaksylyk jasauga beiim bolasyn.
Jaksylyk jasasan ozinnin konilin tok bolady.
Konilin toq bolsa, uzaq omir suresin.
nurjanbay
өзін қазақпын дейтін адамның басына мұндай сұрақ келмейді. сонда да мұндай сұрақ қойылған екен өзімше жауап беріп көрейін.
1. мен қазақ екендігімді мақтан етемін. менің ұрпағым басқа ұлтқа айналып кеткенін қаламаймын.
2. қазақ деген ұлт бар кезде Қазақстан деген мемлекет те мәңгі жасайды. мың өлім мың тірілген қазақпыз.
3. менің тілім бар, тарихым бар, салт-дәстүрім бар, мақтан ететін даналарым бар, жерім бар.
4.…
Marco
Мәселе қазақ, қазақ еместікте емес. ))) Бұл айтқаныңның бәрі түсінікті ғой. Сен қазақ туралы емес, жалпы "ұлт" термині туралы айтшы
nurjanbay
терминдерді зерттеп жүрген ғалым емеспін. мен өзімнің ұлтым туралы жаздым.
nurjanbay
басқа ұлттардың ұлтшылдары да мен секілді ойлайтын шығар.
nurjanbay
"ұлт" түсінігі «бостандық», «тәуелсіздік» түсініктерімен байланысты деп ойлаймын. ұлтымызды сақтау — тәуелсіздігімізді сақтау.
Marco
Міне, мынау пікір. Мемлекет тәуелсіздігінің кепілі — ұлт. Осылай ма?
Hetrou
Мына минус не үшін?.. Қаззақтар, таңғалам сендерге.
torgai
Өткенін ұмытпай, бабасын ұлықтай білген ұрпақ ұлттығын сақтайды.
kokbori
Мен бұрын бұл туралы жиі ойланатынмын. «Ақыры адам болады екенбіз, ағылшын болып кетсек те, игі істер жасап, адам қалпымызда қаламыз емес пе? Бәрібір Жаратушының алдында „қазақсың ба? деп сұрақ қоймайды ғой“ деп ойлаушы едім. Алайда Қашқаридың „Адам тамақ жеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақ ішеді“ деген сөзін естігеннен кейін, ойлануды доғардым.
Tyulpan
Marco, не деп жауап бердіңіз сонда?
konvict
Ұлтты сақтап қалу не үшін керек деген «Ата-анаңды не үшін сыйлайсың» деген тәрізді сұрақ, имхо
asaubota
ұлтты ұлт қылатын тіл.

әдет-ғұрып, сана, физиономия дегендер қазір бірдей болып бара жатыр. олар маңызды емес.
nurjanbay
жердің де рөлі үлкен. жеріміз болмаса қайтер едік? Оңтүстік африканың алғашқы негір президенті айтқан екен «алғашында бізде жер оларда библия болды, қазір бізде библия оларда жер» деп. еврейлер де әуелі Израил мемлекетін құрып, сосын тілін тірілтті. сосын Моде хан туралы бір хикая есімде. бірде қытайдан елші келіп Моденің ең жүйрік тұлпарын император сұрап жатыр дейді. Моде хан береді. келесі жолы император Моденің сұлу келіншегін сұрайды. Моде хан береді. уәзірлері қытайға қарсы соғысайық дегенде Моде хан қарсы болады. бірақ үшінші рет император бос жатқан шөл даланы сұратып елші жібереді. сонда уәзірлері «бос жатқан шөл дала ешкімге керек емес берсек берейік» дейді. бірақ Моде «шөл дала болса да ол біздің жеріміз, жерді бермейміз» деп қытайға қарсы шыққан екен дейді мыс.
өз жеріміз бар, өз мемлекетіміз бар деген сөз квартирант болып қаңғып жүргеннен гөрі «ай-хай, өз үйім — өлең төсегім» деп өз үйімізде тұрған сияқты ғой.
өз жерімізде, өз елімізде тұрып ұлттығымыздан айрылуға болмайды.
Tyulpan
осы жерде өзіме де жауап алғандаймын. рахмет аса пайдалы пікіріңіз үшін!!! ))
ken
жеріңе басқалар келіп алып, ішіп/жеп/тышып/сиіп/жұптасып/төлдеп/көбейіп жүрмес үшін (шығар)
Abilakim
Ұлтты ұлт (белгілі бір ұлт ретінде өз ұлтымызды алып отырмыз ғой) қылатын қазақша (орыс орысша, неміс немісше ойласын) ойлап, қазақша түс көретін ұрпақ. Басқасының бәрі далбаса.Ой қазақша болса жеткізілуі де қазақша болады
ademi_alem
Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша?
1. Ұлтты сақтап қалуға тырыспау, немқұрайды қарау — Алланың бұйрығына қарсы шығумен тең деп білем. "Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай – ақ бір – біріңді тануларың үшін сендерді ұлттарға, руларға бөліп жараттық".Хужурат сүресі
2. Осы уақытқа дейін ат үстінде көз іліп, жаумен алысқан ата-балаларымыз қан мен терін жер мен ұлтын сақтап қалу үшін төкті ғой. Ұлтты сақтап қалуға тырыспау — бабалар аманатына қиянат жасау шығар.
3. Қандай да бір ұлт өкілі болуды адам өзі таңдамайды, оны мойындап қана қоймай мойынсұнған жөн және әркім шама шарқынша ұлттық болмысын сақтап қалуға тысыру керек. Ұлтты, ұлттық болмысты өзге ұлттан ерекшелену үшін емес, өз-өзіңе ұқсау үшін сақтаймыз деп ойлаймын. Әр ұлттың өз-өзіне ұқсағанына не жетсін?!..
Соңғы түзету:
Hetrou
«Қазақтың орысқа итше байлануы, құлдығы, құлай берілгендігі, орыс тілін акцентсіз сөйлеуге тырысып, маймылдай құбылуы – қандай жиіркенішті, өкінішті, опасыздық.» М.Плисецкая
Hetrou
Келер ұрпақ бетіңе түкірмеу үшін қажет.
b-asan
Ұлт — тәуелсіз, біртекті ел болудың алғышарты. Ал, ел, мемлекет — өзіңді, жанұяңды, тіліңді, дініңді, діліңді, салт-дәстүріңді, рухани құндылықтарыңды сақтап, қорғаудың кепілі. Ұлт болмаса біртекті (басым бөлігін бір ұлт құрайтын) мемлекет болмайды. Ондай елде тіл, дін, салт дәстүр т.б. құндылықтар болмайды, менталитетіңе жат қағидалармен өмір сүруге тура келеді.
Olzhass
ұлтты ұлт қылатын ғылым-білім, тіл, дәстүр және т.б. Ең бастысы жеріміз аман, бүтін болып түрғанда қазір бізге керегі ғылым болып тұр. Немістер мен жапондықтарды қараңыздар, екінші дүниежүзілік соғыста оңбай жеңілді. Бірақ аяққа тез тұрып кетті. Ешкіммен соғыспай-ақ мәшинелерін, техникаларын шығарып жатыр. Кім Лексус, Тойота, Субару Импреза, Майбах, БМВ, Мерседес мәшинелерінің соңғы үлгілерін мінгісі келмейді?! Тіпті шенеуніктеріміз басқа мәшинелерге мінгісі жоқ осылардан басқа. Ежелден батпақта күріш, егін егіп, ащы салаттарды жасап келген кәрістердің өздері жақында Галакси 4 мобильді телефонын шығармақшы. Израилің тіпті шөлде орналасқанына қарамастан, жер жүзіне медицинасымен, ғылымымен озып жатыр. Ғылымдарының күшті болғаны соншалық кәрістердің тхэквондосы, жапонның дзюдосы олимпиядалық ойындарға енгізіліп, әлемнің кез келген қаласында секциялары бар. Біздің қай спортымыз сондай деңгейде??? Дәулетті деген араб елдері осы елдерден технология сатып алуға мәжбүр. Мысалы атақты Бурдж-Халифа ғимаратын американдықтар жобалап, Самсунг компаниясы салып берді. Неге өздері салмайды? Себебі оларда ондай іспен айналысатын маман жоқ, ондай ғылым дамымаған, бұдан былай болмаса… Ғылымсыз ертең мұнайымыз таусылғанда, сатып алатын ештеңеміз болмай, жерімізден айрылып жүрмейік.
bake
жоғарыдағы пікірлерге қосарым, жер бетінде қалғысы келетін халық көбейеді…
nurmad
Өлместің жолы, артыңнан ұрпақ қалдыруымен.Әлемді әрлендіріп, өзіндік орын алу. Қайсібір ұлт болсын жаман емес, қылығы жаман.
Соңғы түзету:
Hetrou
Мұндай сұрақ тек қазақтың ғана басына келеді. Отаным деп айтар жері жоқ ұйғырлар да ұйғырлығын мақтаныш етіп, жоқ елдің жалауын көтеріп жүргенде. Туаймайттың қызы.
Соңғы түзету:
bake
келіспеуге болады, "...." да бұл сұрақ аз мазаламайды деп айта алмаймын. Көп нүктенің орнына: орыстар, немістер т.б. қоя беруіңе болады. Ұйғырлар мүмкін кірмейтін шығар, онысын білмедім
MickThatsMyNick
Бөліну үшін қажет!!! Әр түрлі түсінілетін сұрақ екен, бірақ. Ұлтты сақтау бөліну үшін, болашақ үшін, үміт үшін қажет. Әлемдегі ұлттарды өзімше үшке бөлем, бір ұлттар: ойлап табушылар, екіншілері: ұрылар немесе жетілдірушілер, үшіншілері: тұтынушылар. Қазіргі таңда ұлттар арасында көзге көрінбейтін «Жер» ғаламшары үшін талас жүруде. Капитализмнің жоғарғы сатысы — империализм. Империализм кезінде санаулы ғана алпауыт елдер, яғни "ұлттар" Жерді торт сияқты бөледі. Ұлт жай ғана бөліну үшін қажет. Жер планетасында жалғыз қазақ қалса да, бәрібір ойдан табылған ұлттарға бөлінетін боламыз, оның үстіне біз әлемде жалғыз қалмай жатып бөлінуге, ерекшеленуге құштармыз. Мейлі америкалықтар әлемді жаулап алды дейік, бірақ қайткен күнде де бөлінетін боламыз. Біз неге бірігеміз? Біз бөліну үшін бірігеміз. Бөліну деген ерекшелену дегенді білдіреді. Өйткені адамзат бір-бірінен ерекше. Ойлауымыз, түріміз, формаларымыз ерекше. Біреулер саясатты тіктім де қол қойдым дейді, бірақ саясат оны тігіп жүргенін білмейді. (кешірім қатты кеткенге) Саясаттан құтылу мүмкін емес, кез келген адамның ұстанатын өзінің жеке саясаты болады.
Zilola
Қол ұшын бермесе де, әлемде тап сен сияқты басқа да адамдар болуы үшін. Психологиялық тұрғыдан көмектеседі ол ой, сен жалғыз емессің деген.
temir1986
Ұлтсыз елестете алмаймын. шынында жауаптар дайын, тек жұмыс жасау керек. Мен бұрынғы пікірімде қаламын. Бірігу керек. Бірлік қана ұлттығымызды, қазақтығымызды, тілімізді, бізде не бар соны сақтап қалады. Ал шулай беру ештеңееге жеткізбейді. шыныда бізге лай керек, балшықтан жасалған (балшығы басқа, басқа жарағандықтан адамдар ұлтқа бөлінеді) адамдарды біріктіретін лай-құдай болса біз мықтымыз, немесе ештеңе емеспіз.
Aya
Маркодай біреуі жауап берсеші) Дабыраға ілесіп ілбіп жүре беретіндер де бар екен мында.
Hetrou
Мұғалім құсап мынау да…
Соңғы түзету:
Aya
Құрметті Hetrou, «мынау» деп өзімсініп отырғаныңызға қарағанда Маңғыстау жақтан боларсыз деп шамалап отырмын. Мен сізге «мынау» емеспін. Өзіңізге көп алмаңыз, жарай ма?!
Hetrou
Сен де көп алма өзіңе, інім.
Aya
Сіңлім, жатып дем алғаның дұрыс.
Hetrou
Қол шығарып тұрған смайлик жоқ екен дә.
Aya
кетші бар.
Hetrou
Плыви дальше. Менi кетiрiп, келтiретiн сен емес.
Aya
Түн ортасында екіленіп не көрінд, Тынысым-ау? әлде қатып алғанбысың?
Hetrou
Уау, мучача, олай күлмейд, былай күлед:  Ертең жалғастырармыз, лібә.
Aya
Қойшей, ырду-дыру қылмай. Мен осылай күлем
Hetrou
Мучача, ертең осы жерде в это же время.
Aya
Ыстығың көтеріліп отырған жоқ па? Не тіреліп отсың?
Aya
Кешіріңізші. Мен сізбен ойнамаймын. Сау болыңыз.
Aya
Ойнамаймын болД.
Aya
қанағаттарлық
емес, қанағаттандырарлықтай болу керек
Hetrou
Сен емес пе сұрақты қойған?
nurjanbay
ken
Осы жерге мына өлеңді қыстырып қояйын.

Күйеуімнің қазақ болғанын қалаймын
(Қырғыз елінің жігітіне арналған ақ өлең)

… Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.
Еліңізге келін болман, себебі:
Тау-тарихты қопарғанда болашақ
Қазақ болып қалу керек дерегім.

Бастарында болғаннан соң бостандық
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,
Қазағыма жасамаймын қастандық…

Зор білекті батыр тусам, қайтемін?..
«Жар астында жасырынған» жау болар.
Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін?..
Ел арасын алшақтатар дау болар.

Өте білгір әкім тусам, қайтемін?..
«Қарашадан дара шығып» хан болар.
Орақ тілді ақын тусам, қайтемін?..
Тамырына тартып текті жан болар.

Жез таңдайлы әнші тусам, қайтемін?..
Өнер шіркін өзге ұлтқа жолданар.
Шеберленген күйші тусам, қайтемін?..
Сатқындықтың сорақысы сол болар.

Ұрпағымды сүйгенмен,
Ұлтым үшін күйгенде,
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы…
Әйел – ердің қабырғасы білгенге,
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.
Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де
«Қабырғаңыз» болғасын…

Достық туын желбіретсек…
Достық сөзі киелі!
(Адал дос деп сізге басты иемін).
...Өзге ұлтта алынбаған өшім жоқ,
Өз ұлтымды «өзгешелеу» сүйемін…
Сондықтан да, қазақ болсын күйеуім!

Гүлсара Шалқар. Тараз қ.
(«Алтын орда» газеті №44, 03.10.2011 ж.)
19arai89
Қазақ қазақтығын сақтап қалу үшін қазақи дәстүрлер мен тарихымызды сақтап қалуымыз керек. Қазақи тұрмыс қазір тіпті өзгеріп барады. Ата-бабадан келе жатқан қымызымыздың өзі өзге елдің еншісінде кетіп барады. Қазақ болып қалу үшін әр қазақ азаматына патриотизм керек. Мен де қазақ болып туылғаныма қуанамын. Елімізде тұрып жатырған халықтың дені қазақша сөйлемеуі, қазақ ауылдарының жойылып бара жатқандығы, мәдениет пен әдебиет, қазақы болмыстың өзгеруі менің де жаныма қатты батады.
Gastarbaiter
Ұлт деген ортақтықтың бір түрі ғой. Табиғат бөліну мен бірігу барысынан құралады. Алдымен еркек пен әйел бірігеді. Сосын одан туған балалар бөлініп бөлініп тарап кетеді. ОТбасындағы екі ағайынды бала бір бірімен бөлінеді, қызғанады бірін бірі, бірақ сырттағы басқа отбасылардан қауіп төнсе, біріге қалады.

Көшеде екі ит төбелесіп жатса, қайсысын танисың сонысына жақтасасың, тіпті көршіңнің күнде көтінен теуіп қуалап жүрген жексұрын иті болса да, он сегіз ғалам тарапынан қарасаң екеуінің де өмір сүруге хақы бар.

Ұлт, бұл туыстықтың алыстау бір түрі, туыстық — қанша парадокс болса да, эгоизмнің масштабты түрі.
Адамзатқа деген сүйіспеншілік — яғни гуманизм, бұл да бір қызығы, эгоизмның кеңейтілген түрі.

Қорыта келе адамға маңыздылық жағынан қарайтын болсақ, ұлт сақтау және жалпы өзіңді сақтау инстинктінің бізге ұсынатын приоритеті былай өрбиді:

Жалпы он сегіз ғаламға, жаратушыға деген сүйіспеншілік.
Одан кейін Жер анаға, табиғатқа деген сүйіспеншілік (табиғатқа хуяк келсе бәріне хуяк келеді)
Одан кейін таныстарды сақтау-жақтау. (Біз танитын адамдардың барлығы өліп тынса, бізге өте қиын күндер орнайды, өйткені таныстардың ішіне туыстарымыз да, достарымыз да, жанұямыз да кіріп кетеді)
Ұлтқа/туысқа деген сүйіспеншілік. (Өз ұлтыңның өкілдеріне сенің отбасың да, таныстарыңның басым бөлігі кіріп кетеді, аралас ұлттан болсаң, тіпті де бірнеше этнос кіріп кетеді)
Отбасың және өзің. (Коментарий артық шығар)

Міне осы иерархияның маңыздылығы объективті түрде (бүкіл адамзат үшін яғни) жоғарыдан төмен қарай жылжуы керек. Ал субъективті түрде әр жеке адам үшін яғни, төменнен жоғары қарай сырғиды.

Қарап отырсаңдар, ішінде мемлекет деген ұғым жоқ. Өйткені ол қолдан жасалған дүние, табиғи емес. Сондықтан да қыруар ақша патриоттық тәрбиеге жұмсалады, ел ішіндегі ұлттар бірлігіне.
Оны кіргізбеген себебім, ол әр адам үшін әртүрлі. Біреу үшін мемлекеттік өз жеке басынан да, отбасынан да жоғары, біреу үшін ұлттан жоғары емес, жеке таңдауына байланысты.
Кез келген мемлекеттің мақсаты — әр азаматының мемлекет басқарушы топқа деген сүйіспеншілігін бәрінен жоғары қоятындай етіп тәрбиелеу.
Бірақ оған адамның жоғарыдағы көрсетілегн туа бітті инстинктілері жиі қайшы келіп отырады.
ruben
Барлығы түсінікті. Алайда ұлттық мүддеден мемлекеттікін жоғары қоятындарды түсінбеймін. Яғни бұқарадан жүйені жоғары қою, тіпті ыңғайына келсе, қара халықты бұлдыраған елеске айырбастау әрекеттері. Тарихта 20 мемлекет құлатып, 21-рет мемлекет құрған ұлт(тар) бар. Ұлттық болмысын сақтар болса, мың мәрте өліп, мың біріншіде тірілуге болады. Кортексінде сақталмаған болса, басы салбырап трансұлттылық идеясын арқалаған тобыр(лар)дың бірі болу жазмышы болады. Соған келе жатқан секілді бәрі…
Qazaqbalasy
Қазақ ағайындарға осы кезде ауадай қажет нарсе ол — ұлттық рух. Рухымыз әлсіреп көптің бірі болып бара жатырмыз. Көзді шел басып дүние мен мүлік, ақша мен мансаптың соңында құл болып жүрміз. Бос ұран мен ешнәрсе өзгермейді. Іспен дәлелдеу керек. "Ұлттың керегі не? Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша?" дейтін бауырларымызға барынша түсіндіруге тырысайық. Кеңестік тәрбие алған ата-ананың балаға айтар ұлттық сөздері жоқ. Ұрпақтар сабақтастығы үзілгелі тұр. Ендігі жас ұлтжанды ұрпақ түзету керек барлық кемшілік пен мінді.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.