ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Берікқара шатқалы «Тау самалы» лагерінде «Autumn Camp» атты бір күнгі күзгі оқыту лагері өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 7 қазан күні Берікқара шатқалы «Тау самалы» лагерінде «Autumn Camp» атты бір күнгі күзгі оқыту лагері өтті.
Күзгі бір күндік оқыту лагерінің ұйымдастыруының басты мақсаты полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру, көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, жастардың шығармашылығын арттыру. «Autumn Camp» лагеріні өткізілу барысында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Муратбаев Әлібек Жарылхасынұлы «Үш тұғырлы саясат» тақырыбында семинар өткізсе, «Полиглоттар» клубының президенті Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы «Use of language skills» тақырыбында тренинг өткізсе, «Тараз қалалық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмат Бауыржан Киікбайұлы «Екінші болма» деген ұранмен тренинг өткізді. Жалпы саны 4 топқа бөлінген қатысушылар ішінде тамаша атмосферамен тимбилдинг өткізілді. Топ басшыларының жүргізуімен студенттерге көшбасшылықты дамытатын ойындар ойнатылды. Шығармашылықты дамыту мақсатында «Autumn FEST» атты топтар арасында сайыс өткізіліп үздіктер анықталды. Лагерь қорытындысы бойынша қатысушыларға өзін-өзі басқару лагеріне қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.
Жалпы қатысушылар саны 100 адам.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше