«NEW TIME.Сountries of the world» тақырыбында шығармашылық сайыс өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 17 қазан 16:00-де М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Технологиялық кешені 2.3.101 акт залы «NEW TIME.Сountries of the world» тақырыбында шығармашылық сайыс өтті. Шығармашылық сайысқа 6 оқу орыны қатысты. Тартысты болған сайыста нағыз мықты анықталып, командалар ерекше әсер алды. Қатысушы 6 оқу орынға тақырыпқа сәйкес әртүрлі мемлекеттердің стилі бөлініп берілді.
«NEW TIME.Сountries of the world» шығармашылық сайысының қатысушы оқу орындарының өнер көрсету стилдері:
1.Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі- Франция мемлекеті. Француз стилінде.
2.Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті- Испания мемлекеті. Испан стилінде.
3.«Тараз Болашақ» медициналық колледжі- Өзбекстан мемлекеті. Хорезм стилігнде.
4.Жамбыл медициналық колледжі- Африка құрлығы. Африкалық стилінде.
5.М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті-Америка құрлығы. Амирикандық стилінде.
6.«Білім кәсіби гуманитарлық-техникалық» колледжі- Үндістан мемлекеті. Үнді стилінде.
«NEW TIME.Сountries of the world» шығармашылық сайысының әділ қазылар алқасы:
1.Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасынының тілдерді дамыту бөлімінің бөлімінің бас маманы Жақсылық Нүргүл Берікқызы
2.Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыру бөлімінің басшысы Абдуалиева Арайлым Әділбекқызы
3.Жамбыл облысы “Қазақстан студенттер Альянсы” Республикалық студенттер қозғалысының көшбасшысы Муратбаев Әлібек Жарылхасұлы
4. Жамбыл облысы “Қазақстан студенттер Альянсы” Республикалық студенттер қозғалысының облыстық штаб белсендісі Тлеухан Досболат Серікұлы.
«NEW TIME.Сountries of the world» шығармашылық сайысының қорытындысы бойынша әділ қазылар шешімімен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жүлделі 1 орынды,
«Білім» кәсіби гуманитарлық-теxникалық колледжі 2 орынды,
Жамбыл медициналық колледжі 3 орынды иеленді.Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орын алған командаларға бағалы сыйлақтармен дипломдар, қатысушы қомандаларға алғыс хаттар берілді. Қатысушылар саны 120 адам.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше