Ұлттық инновациялық байқауға өтінімдер 17 қыркүйегіне дейін қабылданады

Блог - asaubota: Ұлттық инновациялық байқауға өтінімдер 17 қыркүйегіне дейін қабылданады

«Инновациялық тақырыптағы үздік материал» номинациясы

Номинациялның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген:

1 орын — 1 300 000 теңге;

2 орын — 900 000 теңге;

3 орын — 500 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Сонымен қатар, Байқаудың барлық номинациялары бойынша жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің қолы қойылған дипломдар/мадақтама қағаздарына ие болады.

Номинацияның негізі мақсатты

Ғылым мен инновация тақырыбы бойынша жазатын журналистер қоғамдастығын дамыту, инновацияларды танымал етудегі бұқаралық ақпарат құралдарын тартуды және инновациялық қызметтің үдерістерді БАҚ баяндау сапасының артуын ынталандыру. Инновациялық, ғылыми және технологиялық тақырыпты қамтитын журналистер қауымдастығын қалыптастыруға жәрдемдесу; осы қызмет саласына жаңадан бастаған журналистерді бағдарлау.

Бұл номинацияда келесі қосалқы номинациялар қарастырылған:

— «Инновациялық тақырыптағы үздік материал» мемлекеттік тілде

— «Инновациялық тақырыптағы үздік материал» орыс тілінде.

Осы номинацияда Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар

2017 жылдың 1 қазаннан 2018 жылдың 17 қыркүйігіне дейін республикалық немесе аймақтық БАҚ жарияланған және/немесе орналастырылған телесюжеттер, радио материалдар, жарияланымдар және басқа да материалдар (бұдан әрі — Материалдар) осы номинацияға қатысуға жіберіледі. БАҚ барлық түрлерін, соның ішінде баспа басылымдары, электронды БАҚ, теледидар және радио, танымал блогерлер қатысуға шақырылады.

Материалдарды орналастыру үшін мүмкін тақырыптардың тізімі:

1. Халық арасында инновацияға деген сұранысты қалай арттыруға болады? бизнес тарапынан?

2. Қазақстандағы инновациялық үдерісті дамытуға халықаралық қатысуды қалай арттыру керек?

3. Қалай шетелден отандық-ғалымдарды қайтару және бүкіл әлемнің үздік мамандарын, инженерлерін, ғылыми дарындыларын тарту керек.

Үміткерлерді іріктеу және номинацияларды өткізу тәртібі

Бұл номинацияда Байқау екі кезеңде өткізіледі:

I кезең – материалдар жинау; Байқаудың веб-парағында материалдарды онлайн орналастыру;

II кезең – Материалдарды Сараптау комиссиясының қарауы және жеңімпаздарды және жүлдегерлерді таңдау.

Номинацияда жеңімпазды таңдау өлшемшарттары

— автордың тақырыпты ашу, оның шешімдерін талдау және ұсыну ептілігі;
— келтірілген фактілер мен сандардың шынайылығы мен нақтылығы;
— қосымша плюс басылымдағы тақырыптағы мәселеге жаппай назар аудару болады;
— автордың шығармашылық ыңғайы, журналистік материалдардың бейнелілігі мен эмоционалдылығы;
— материалдың сауаттылығы, күрделі нәрселер туралы қол жетімді және қызықты тілмен айту мүмкіндігі;
— ұсынылған материалдардың өзектілігі;
— мүмкін тақырыптардың тізімінде көрсетілген тақырыптарға басылым артықшылығы болады.

Өтінім беру үшін: natd.gov.kz/kz/activity/nic/#apply-his
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше