Алматы ашық лигасының финалына шақырамыз

Блог - jaidarman: Алматы ашық лигасының финалына шақырамыз
2017 жылы  6 қараша күні, сағат 18.30-да Алматы қаласында Алатау киноконцерт залында  "Қазақстан КВН Одағы" РЖҚБ Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Республикалық Алматы Ашық лигасының финалдық сайыстарын» өткізуді жоспарлап отыр. Аталмыш шараның мақсаты – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік  деңгейін көтеру;

қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастыра отырып, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерді көрермен қауымға жеткізу. Сонымен қатар, алтын уақытын қиып келген жандарға жақсы көңіл-күй сыйлау.
Кеш жүргізушісі Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы филиалының директоры — Оңдасын Құлымбетов. Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері ойынға арнайы қонақ ретінде шақырылған.
Осы орайда, «Алматы Жайдарман» филиалы сіздерді 6 қараша  күні сағат 18:30-да Алатау киноконцерт залында өтетін (Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің қиылысы) көңілді кештің куәсі болуға шақырады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше