Жеуге болатын су келсе сатып аласыз ба?

Британдық инженерлер жеуге болатын су ойлап тапты. «Ohoo» деп аталатын бұл кішкентай шарлар аз мөлшерде суды мембранаға қаптау арқылы жасалған. Жеміс секілді қабығын ашып, ауызға салып жібересің. Бұл судың жарамдылық мерзімі 4-6 күн екен. Содан соң бұзылып кетеді.

Ғалымдардың басты мақсаты — қоршаған ортаны ластанудан сақтау. Біз ішетін құтылар миллиондап тасталып, табиғатқа кері әсерін тигізіп жатыр. Мұндай су шықса, бөтелкедегі су керек емес.

Блог - madikon: Жеуге болатын су келсе сатып аласыз ба?

Айтуынша, шардағы су өзіңнмен алып жүруге, марафоншылар үшін ыңғайлы болмақ.

Идея 2013 жылы пайда болса, 2014 жылы жоба жасалып, осы жылдың соңында Лондонда сатылымға шықпақ. Сулы шардың бағасы 2цент, құтыдағы судан арзан болады.

Блог - madikon: Жеуге болатын су келсе сатып аласыз ба?

Менің ойым, Қазақстанға келсе бұл су бөтелкеден бас тартпаймыз-ау… Кейбір шелектеп шай ішуді жақсы көретін қазақтар үшін бір жұтым су дым болмай қалады. Бір жұтым суды сатып алғанша бөтелкені алып, ұзақ қолданатын шығар…

Ал сіз сатып алар ма едіңіз жеуге болатын суды?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше